400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Эссе "Мен болашақ-тәрбиешімін"

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріммен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Эссе «Мен болашақ-тәрбиешімін»

Мен Баякеева Шолпан Мэлсқызы. «Қарлығаш» балабақшасынды тәрбиеші-көмекшісі болып жұмыс істеймін. Осы балабақшада жұмыс істегеніме 6-жыл болды. Осы аралықта мен өте көп нәрсені үйрендім. Бұл мамандық мені бірден баурап алды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп, жетіліп, олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Балаларды өте жақсы көремін, өзімнің балаларым деп санаймын. Олардың сыңғырлаған үні, күнәдән пәк, олардан еш бір жасандылық көрмейсің. Егер олардың алдында шынайы қалпында көрінбесең олар сені қабылдамайды. Тәрбиеші мамандығы маған ыстық көрінеді. Бұл мамандықпен жайқалған, гүлденген, іргесі нақ бекіген болашағымды көре аламын. Елімнің арқасы асқақ, мерейі үстем болуына азда болса да, өз үлесімді қосқып жатсам, ол мен үшін үлкен абырой! Мен үшін де осы өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол-тәрбиешілік. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол-өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығына ыстық ықыласы дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауыпкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Қалаған ісіне ғашықтық пейілмен қарай білсең, өмірден өз орныңды тапқандығың! Шын жүрекпен қаласаң кәсіп арқылы өмірлік несібеңді, абырой беделіңді, қоғам алдындағы құрметіңді еселей аласың. Ал, тәрбиеші болу-айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар ғана біледі. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бқл жолда көп ізденіс, парасат қажет. Ендеше тәрбиеші әр күнін ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Қазақстаның жас ұрпағын тәрбиелеу-тәрбиешілерге артылған аса жоғары міндет. Ал осы міндеті орындау үшін тәрбиеші бар жанын салады. Сол үшін де олардың әрқайсының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін. Жалпы адам баласы тәрбиеші болу үшін өзі тәрбие көрген, тәрбиені үғынған жөн. Баланың тілін табуда оңай емес. Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керке емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне өзін кішірейе керек, айтпесе ештеңе шығара алмайсың. Жылы сөз тәрбиенің кілті де, құлпы да, сондықтан жылы сөз сәйлеуге әркез дайын бол. Педагогикалық жұмыспен шұғылданған адам үш дәуірді басынан өткізіп өтеді: ол кешкі, бүгінгі және келешек. Педагогика-ол сәбилердің ұясы оны таза ұстау керек. Методика-адам сияқты уақытпен жарыса дамып, өсіп жетіліп, керекті жерден орнын табады. Методика-ойымызбен, ісімізбен, әрекетімізбен үздіксіз қабаттаса жүретініне мән бермей жүрміз, методика әр жқмыста керек екендігін ұмытпау керек. Тәрбиенің орнында тәрбиеленген адам ғана айналады., қоршаған ортаныда тәрбиелей алады. Тәрбиелі ұрпақ елімізге, қоғамға да ауадай қажет. Мен болашақ ұрпақ үшін –тәрбиеші мамандығын таңдадым.

ТӘРБИЕШІ! Бұл ардайым ұлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп танимын. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз. Тәрбиеші болуды бала кезімнен армандайтынмын. Біздің үйге қарама-қарсы балабақша бар еді. Өзім сол балабақшаның түлегімін. Қанша жыл өтседе, әлі есімде апайымның есімі, ол кісінің бейнесін де ұмытпадым. Шіркін сол балалы шағыма оралсам екен деймін. Сол кездегі жеген ботқасын да армандаймын, ішкен шырының да дәмі басқаша еді. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы менжауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы болашақ педагогикалық ұстаным-үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, ізденістер арқылы мақсатқа жету. Сондықтан бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді. Тәрбиеші- бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жоғары білімді, сауатты, мәдениетті, оқытудың жаңа түрлерімен қаруланған, кәсіби қалыптасқан,педагогикалық шеберлігі ұшталған, рухани дүниесі бай, жаңалыққа, шығармашылыққа құмар болуы қажет деген талаптар қойылатын болса, менің жеке пікірім бойынша ең алдымен баланы жан-дүниесімен жақсы көретін, өз ісіне жан-тәнімен берілген, балаларды мейрімімен баурап алатын тәрбиеші болу керек. Осы аталған қасиеттер мен қабілеті игерген жан-бәсекеге жаңа заман тәрбиешісі бола алады. Менің ойымша балаларға дидактикаклық ойындарды көп қолдану қажет.ойын арқылы бала көп нәрсені үйренеді, ойын-баланың негізгі әрекеті.Бала ойын барысында үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойын әрекетінің әр түрлі қамтитын және балалрдың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану қажет. Ойыніс-әрекеті алуан түрлі бола түседі, балалар жаңа заттардың қолдануын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Сөздік қорын молайтуда ойын тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын баланың тілін дамуына ықпалын тигізіп, танып белсенділігін дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ол өзін еркін үстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың құштарлығы, сөйлеу ойын үстінде қалыптасады. Дидактикалық ойындарды қолданумен бірге ойлануға, шығармашылығын байытуға бағыт алады. Балаларды ойын арқылы әртурлі ережелерді сақтауға үйретеді. Олардың белсендщілігін, қызығушылығын арртыру үшін дидактикалыұ ойындардың маңызы ерекше. Мария Монтессори италияндық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын ойлап тапқандықтан. Соның атымен таталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидасы-«оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшіліктер бар. Сондай ақ-өз қателіктерінөздері көріп соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшілігі-баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтың сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бала жас кезіндежас шыбық сияқты. Қалай ексең, солай қарай иіледі. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдістемесінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал тәсілдері ой-санасының дамуына ықпал етеді. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» деген, әу баста қлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдаганыма еш өкінбеймін. Көрнекті тұлға Ахмет Байтурсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен.Сондықтан да Сөзіміз-түзу, Еңсеміз-биік, Рухымыз-мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық

«Білерім-бір тоғыз, білмейтінім-тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын, білмейтінің көп екенін ұға түсесің. Сондықтанда шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда. Білімді ешқашан өзің білгіш қып, көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін-зердесі кең, алыстан қарасаң-кербез, жақынан қарасаң-кішіпейіл. Жүзіне үңілсең-мейрімді, жанына үңілсең-шуақты көрінбек. Міне осындай кербез, кішіпейіл, мейрімді, шуақты тәрбиеші атансам-адами парызымның орындалғаны болар. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғын келсе –ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғын келсе-бала тәрбиеле» дейлі дана халқамыз. Тәрбиеші еңбегі баланың жан-жақты дамуымен өлшенеді. Олардың еңбегінің күрделілігі –әрбір баланың жүрегіне жол табу. Әрбір балаланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетін сезіндіру. Тәрбиеші-саяси сауатты, жан-жақты болуы керек, ол өз бойындағы білімді балалардың жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей, әдіскерлік икемділігі баланың психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог. Тәрбиешінің бойындағы өз ісіне деген, балаларғы деген сүйіспеншілік болуы қажет. Біріншіден, тәрбиеші шығармашылықпен жқмыс істеуші тұлға. Кіншіден, тәрбиеші өз беделін көтеруге міндетті екендігін қмытпаған жөн. Тәрбиеші әрбір процесінде балаларды таң қалдыруда қмытпаған жөн.

Астана қаласы

«Қарлығаш балабақшасы»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2007
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі