400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мен және менің мамандығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдері мен психолог, тәлімгерлерге эссе жазуда көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті мамандығым

Эссе

«Педагог болу үшін оған әуел бастан бейімделіп туу керек» дейді ертедегі педагогтар. Бірақ ешкім іштен педагог болып тумайды,ол үшін қабілет,ниет қажет екені даусыз. Мен адам жанын түсініп,демеу үшін,бағдар беру үшін осы мамандықты тандадым. Менің өмірдегі басты мақсатым-әрбір оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып,оның дамуына қолайлы жағдай туғызу. Ал басты бағытым,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қараудыбалалардың санасына жеткізу. Балаларды алға ұмтылуға,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін,жақсы өмірдің кілтін аша алатындарға сендіру!

Мен үшін психолог мамандығы не? Ол кең мағыналы.Мектеп психологы-бұл. «үйретуші,оқытушы» емес,баланың өз-өзін танып-білуге көмектесуші адам; бала жанын ұғатын,жанашыр,үлгі-өнеге болар тұлға; баланың қабілетін ашып,дамытуға мұрындық болатын қамқоршы; баланың болашағына сеніп,мүмкіндігін арттыру жолын білетін қолдаушы; мақсатқа жету құпиясын ашуға көмектесетін жетекші; баланы өз-өзіне сенімін күшейтіп, алға ұмтылдыратын жаттықтырушы. Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем беріп,олардың жан-дүниесіне үңіліп,олардың бүгіп,ұялып,сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын. Мен оқушылардың, балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болса да шығып, өздерін жаңа қырдан танып,өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып,өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа,артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына,жастық шақтарын босқа өткізбей,өмірден дұрыс жол таңдап,тек қана алға ұмтылуларын қалаймын. Осы жерде ұлылардың «Өзіңді біл,таны,аш сол кезде әлемді де біліп,аша аласың» сонымен қатар «Жанынды ұсақ уайым,болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтаңыз»деген нақыл сөзді айтқым келеді.

Әбу Насыр әл-Фарабидың: «Балаға бірінші білім емес, тәрбие беру керек» дегені өте дұрыс,ал менің мамандығыма қарасаңыз,өте күрделі мәселеге көп тоқталып,зерттеп,шешімін,жолын тауып,дұрыс жолға баланы қою оңай шаруа емес. Сол себептен күнделікті қажырлы еңбек етпесең,психолог болу өте қиын. Күнделікті кітап оқып,ізденіп,түрлі тест,анкета,әңгімелер құрастыру,есеп,шешім,қорытындылау машақаты көп. Біздің ең басты нүктеміз-оқушы. Әр баланың мінезі әр түрлі,тәрбиесі де,жанұя жағдайлары да сан алуан. Сондықтан баламен бала болып отырып,оның жан-дүниесіне ену үшін,әр баланың кілтін табу үшін,ең бірінші сеніміне кіру қажет. Ал,ол уақыт пен сабырлық имандылық,төзімділік,тіл табыса білу, сөзге,әңгімеге тарту-психологтың ең басты қаруы болып табылады.Мен ұстазбын,тәрбиешімін, психологпын деп мақтанышпен айтамын. Себебі ата-анасы, досының,не ұстаздарының қателіктерін ескере отырып баланы тығырықтан алып шығу ол үлкен сауапты,игілікті іс деп танимын. Психолог өзінің де дүниетанымы кең болып,баланы дүниені танып білуге,байқампаз болуға,білімге қызығушылығын арттыруға күш салып,бүгінгі шешуші қиын деген мәселенің ертең түкке тұрғысыз жеңіл болып қалатынына сендіре білуі керек. Бала көңілі сезгіш,оның өмір жолын таңдауға өз құқы бар. Сондықтан біз оларға үлкен өмірдің тандауын жасарда көмек қолын созсақ,сәттілік әкеледі. Бала жаны әрқашан жылу мен мейірімді қажет ететінін естен шығаруға болмайды. Біздің өзіміздің адамгершілігіміз,өз жұмысымызға берілуіміз,оқушыны сыйлап қадірлеуіміз,әділ шешім шығару арқылы қатаң да дұрыс талап қоя білуіміз маңызды. Психологтың барлық міндеттерін,этикалық және эстетикалық талғамдарын сақтай отырып,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,зияткерлігін арттырып,мен өз қызыметімнің алға басуына күшімді саламын. Себебі, мен өз мамандығымды қызығушылықпен орындап, басқалары қызыға қарайтындай деңгейге жеткізгім келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі