жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе "Мен және менің мамандығым"
ЭССЕ
Тақырыбы: «Мен және менің мамандығым»
Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар...
Мен балабақшада алтыншы жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.
Күнде ертеңгісін шағын-орталықта жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін... Шағын-орталыққа бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым әртүрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс - әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен? деген көптеген сұрақтар мазалайды.Әрине әрбір оқу іс - әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты.
Тәрбиеші баламен әрдайым тығыз қарым-қатынаста болып, әр сұрағына жауап бере білу керек. Тәрбиеші балалардың жақын досы бола білуі маңызды. Өз тобында әр баланың қызығушылығын арттырып қамқорлықпен қарау қажет. Балабақшада тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы естен кетпестей із қалдырады. Мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібіне ерекше көңіл аударылады-тамақтандыру, шынықтыру шаралары, ұйқы, серуен, дене жаттығулары-тәрбиешінің негізгі міндеті.
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс - әрекетіне аударту, баламен оқу іс - әрекеті үстіндегі әрбір қарым - қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Көбінесе жұмысымның негізгібөлімдеріне ғана назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Мысалы, мерекелік іс – шараларда « Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ» ертегілерін сахналағанда түрлі рөлге енемін, бірде Ақшақар, бірде шалқан, бірде сайқымазаққа айналғанда балалардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл - күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыттаушы сияқтымын. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс - әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.
Бүгінгі тәрбие мен білім беру
функциялары өзгерген жағдайда тәрбиеші-педагогтың
кәсіби-педагогикалық құзыреттілігіне қойылатын талаптар да өзгерді.
Ең алдымен, ата-аналардың айтуы бойынша тәрбиешінің арнайы
педагогикалық білімі болу керек. Тәрбиеші ән айта білуге, би
билеуге, сонымен қатар жаңа озық технологияларды меңгеріп жұмыс
барысында пайдалана білу тиіс. Тәрбиеші баланың адам болып
қалыптасуына, жан-жақты дамуына ықпал
етеді.
Тәрбиешінің балабақшада атқаратын жұмысы-балаларға білім мен тәрбие беру. Балабақша-білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы. Бұл ортада бала көпшіл, ұйымшыл болып өседі және өзіне-өзі қызмет етуге бейімделеді, мектепке дайындалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойындардың рөлі ерекше. Барлық арнайы өткізілетін сабақтар барысында ойын түрлері (ұлттық, дидактикалық, қимылды, сюжетті-рөлдік) қолданылуы тиіс. Ойын арқылы балалар бір-бірін сыйлауға , көмек беруге үйренеді. Тәрбиешінің шеберлігі –ұялшақ, баяу балаға қолдау көрсетіп, оған «батыр әтештің» рөлін ойнату, ал шулы, тентек балаға қорқақ қоянның рөлін ойнату. («Қоянның үйшігі» ертегісі)
Балабақшада балаларды қасық, шанышқы, қол орамалды дұрыс пайдалануға үйретеді. Сонымен қатар сөйлеуге, ән айтуға, би билеуге, сурет салуға үйретеді. Ең маңыздысы- тәрбиеші бала өміріне жауапты. Баланың өмірі мен денсаулығын қорғау, балаға жақсы білім мен тәрбие беру. Тәрбиешінің сыртқы бейнесі де балалардың тәрбиесіне әсер береді.
Балалар тәрбиешінің әрқашан
жақсы киінген, шашы жиналған, көңілді болғанын қалайды, бұндай
тәрбиеші балалардың ғана емес, ата-аналардың да көңілінен
шығады.
Біз тек қана баламен жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар біз ата-аналармен де тығыз қарым-қатынаста болуымыз керек. Ата-аналарды сыйлай білуге, олардыңпікірлерімен санаса білуіміз керек. Тәрбиеші ол - өз Отанымыздың патриотымыз. Тәрбиеші ата-аналармен балалалардың алдында үлгі болып, отбасымен бірігіп баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындауым керек. Еліміз ең қымбаттысы, өзінің болашағын - балаларды бізге тапсырып отырғандықтан біз ата-аналардың сенімінен шығуымыз керек.
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнінде адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.
Кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру–менің педагогикалық ұстанымым. Болашақта тәрбиеленушілерімнен Қазақстан елінің жарқын да белсенді балалары болады деген үлкен үміт күтемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген