400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Эссе "Мен жаңа форматтағы ұстазбын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі, қандай істі болсын,

бар ынтасымен атқара білуі керек

В. Маяковский

Мен жаңа форматтағы ұстазбын

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.Менің әдістемелік тақырыбым “Кіші жастағы оқушылардың оқу жүйесіне жеті модульді енгізу арқылы танымдық белсенділіктерін дамыту”. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес сонымен қатар баланың маңызды психикалық қызметтерін,ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.

Әр сабақ қызықты, өзгеше өту үшін көптеген жұмыстар дайындаймыз. Сабақ кезінде оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса,оларда ақыл-ой қабілеттерінің зеректік,зейіндік,байқағыштық,ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы элменттері дамиды. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану-олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады»- деп айтқан.

Жаңа сабаққа оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін, оқушыларды жұптық жарысқа түсіру мақсатында, тақырыпты шағындап, тақырыпшаларға келтіріп бөліп берген дұрыс болады деп есептеймін. жұптар сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін пайдаланып ізденіп, ең негізгісін алып шығып, жұмысты плакаттарға дәптерлеріне орындап, талдау жұмыстарын жүргізіп, кластер құрып, Венн диаграммасы арқылы осы тақырыпты қорытынды жасауларына жағдай жасаймын. Мен өз сабағымда ой қозғау барысында оқушыларға жоғарғы, төмен дәрежелі сұрақтар қойып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын туғызып отырамын, нәтижесінде сабақ соңында олар өздері қорытынды шығара алатын болады .Жаңа әдіс- тәсілдерді әрі қарай іске асыра отырып, сабақтарды осы әдістерді түрлендіре отырып қолданып,оқушылардға өз ойларын дәлелдеуге, еркін сөйлеуге, кез келген жағдайлардан мшешімін табуға жағдай жасауым керек. Әрі қарай алдыма қойған мақсатым – осы жеті модульді сабақтарда қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру,өздігінен шешім шығара алатын және жан-жақты ізденімпаз тұлғаны дамыту болып отыр.

Ермекова Алма Темирболатовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
1128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі