Материалдар / Эссе "Мен жаңашыл ұстазбын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Мен жаңашыл ұстазбын"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
1153
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ЭссеМен жаңашыл ұстазбын

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» Абай«Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді», - деген қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин. Біздің өмірімізде кез-келген адам өзімізге мұғалім, ұстаз болуы мүмкін. Біреулері бізді сүйіспеншілікке, адалдық пен татулыққа, тағы көптеген адамгершілік қасиеттерге үйретсе, енді біреулері кешірімді болуға, сабырлық танытуға шақырып жатады. Кейбір адамдар бізді ештенеге үйретпей-ақ , біз олардың адами қасиеттерін көре отыра, олардан үлгі алып жатамыз, оларды құрмет тұтамыз. Ондай адамды «ұстазым» деуге хақымыз бар әрине. Менің өмірімдегі ұстазым, жанашырым, аялы алақан иесі – әжем. Ілім үйреніп, оны басқаға үйрету арқылы «ұстаз болу» әрине бір бөлек. Бұл нағыз ұстаздық жол. Осы «ұстаздық жолды» таңдап, менің «мұғалім» болуымды қалаған өзімнің өмірімдегі ұстазым – әжем болатын. Әжемнің «Мұғалім бол, қызым» деп айтып жүретін батасының орындалуын тілеп, бала кезімнен-ақ әр кезде «Мен мұғалім боламын» дегенім есімде. Кішкентай іні-қарындастарымды жинап, оларға оқу-жазуды үйрететінмін. Ұстаз болу – жауапкершілігі мол міндет. «Ұстаз жүгі –ауыр жүк» дейді халық даналығы. Осынау жүкті арқалауға бел буғаннан кейін, адамның адам болып қалыптасуында ұстаздың рөлі зор екенін сезіне отыра, мен «осы жолды таңдадым». Қазір мен ұстаздық еңбекті таңдағаныма тіптен өкінбеймін, керісінше, осы жолды таңдағаныма дән ризамын. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі екенімді мақтан тұтамын. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретемін. Басты мақсатым - қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіру, оқушыларға тілді үйрету, мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыруда өз үлесімді қосу. Алдымдағы отырған оқушыларға тілді үйрету, әрине оңай шаруа емес. Дегенмен де, сол тілді сабақта әртүрлі формалар арқылы жеткізу ыңғайлы да, ұтымды. Сабағым тартымды, әрі қызықты болуы үшін мен ойын технологиясын, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету біраздаған қиындықтарды туғызады. Олардың сөйлеу мәнеріне назар аудару, сауаттылығын бақылау, грамматиканы лексикамен ұштастыруы және т.б. жақтарына көбірек назар аудару қажет. Ең бірінші оларға қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін және сен қай елде өмір сүресің, сол елдің тілін, мәдениетін білуге тиісті екендіктерін саналарына сіңіру қажет деп санаймын. «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз» - дейді Рим философы, ақын Сенека. Шынымен де уақыт өте келе сабақта әр түрлі әдістерді қолдану арқылы, ұтымды да ұтымсыз жақтарын көріп жатасың. Кемшіліктеріңді түзетуге тырысасың. Осы орайдаК.Д.Ушинскийдің айтқан жақсы қанатты сөзі бар: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Мен осы пікірді толығымен қолдаймын. Және бұл пікір менің «Педагогикалық ұстанымым».Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Жақсы ұстаз болу үшін бойыңда мұғалімге тән көп қасиеттерің болуы керек: баланы құрметтеу,білім мен шығармашылдық, жігерлілік пен еңбекқорлықсияқты қасиеттер. Осы қасиеттерді бойыма сіңіру үшін мен айналама, ішкі жан дүниеме тереңірек үңіліп, ізденуге, жан дүниемді жаңалауға, алдымен өзімді тәрбиелеп, өзім көп оқуға тырысамын.Жаңашыл ұстаз –жаңалықтың жаршысы. Әрбір ұстаз күн сайын оқушысына жаңалық ашып отыруы – ұстаздың кемелдігін байқатады. Оқушының құзыреттілік сипатын ашуда бұл бағыт аса маңызды. Ол үшін ұстаздың өзі замана ағымынан, өмірдің көшінен қалмай жаңашыл өмірдің жаңалықтарын оқушыларына өзі алдымен жеткізгені ләзім. Бұл мәселе мұғалімнің үздіксіз өз білімін арттырып, тынымсыз ізденістің нәтижесінде шешілітіні анық. Әр сабақтарымда өзі басшылыққа алатын «Оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру» мәселесін шешу үшін жаңа технологиялардың ең үздіктерін пайдалануға тырысамын. Сабақ өткізген кезінде оқушылардың ой өрісін дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға айрықша көңіл бөлемін. Сабақ ұйымдастыруда интернет желісін, білім порталындағы видео, аудио құралдарын кеңінен қолданамын. Оқушыларға көмек ретінде әлеуметтік желіде «Қазақша оқып, үйренейік» атты өз парақшам бар. Аталған парақшадағы лексикалық сөздік қор «қазақша-ағылшынша-орысша» беріліп отырады. Өзімнің теориялық білімімді, әдістемелік қабілетімді арттыру, әр сабағымды қызықты да тартымды өткізу мен үшін жауапкершілігі мол міндет.Адамгершілігі, азаматтығы таудай шәкіртім болса, мақтаныш тұтар шәкіртім болса, басқа ұлт өкілінің баласы қасыма келіп қазақша сөйлеп тұрса – менен асқан бақытты адам болмас еді...





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!