400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Эссе. "Мен. Мектеп. Ұстаз."

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп – әр адам өміріндегі негізгі бөлім, ең шынайы, ең ыстық, нағыз қызыққа, ұмытылмас естелікке толы кезең, бақытты шағы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 10 сынып оқушысы Култаева Инжу

Эссе

«Мен. Мектеп.Ұстаз»

Мектеп – әр адам өміріндегі негізгі бөлім, ең шынайы, ең ыстық, нағыз қызыққа, ұмытылмас естелікке толы кезең, бақытты шағы. 11 жыл мектепте тек білім нәрімен сусындап қана қоймай, білімнен өзге, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп тұлға болып қалыптасады, өмірден өз орнын тауып, ұясынан биікке қанат қағып ұшады. Мектептің бізге берері, болашағымызға ықпалы өте зор. Ең алғаш мектепте қолымызға қалам алып, оқу оқып, адамдармен қарым-қатынасқа түсеміз, мінезіміз де, тәрбиеміз де, ой-өрісіміз де дәл осы жерде қалыптасады. Мектеп арқылы қоғамға сіңісіп, алдымызға қойған мақсатқа жетуді үйренеміз. Жауапкершілік ала білу, шешім қабылдай білу, ұстамдылық пен сабырлылық та осы мектептегі өмір арқасында. Мектеп еңбектенуге үйретеді, адал еңбексіз ешнәрсеге жете алмайтынымызды ұғындырады, мектептегі тәлім-тәрбие, алған біліміміз үлкен өмірге қадам, іргетасы секілді. Мектеп пен шәкіртті байланыстыратын ұстаз. Ұстаз – нар тұлға! Аса құрметті, аяулы жан. Отбасымыздың жылуы анамыз болса, мектептің жылуы – ұстаз! Шәкірт өміріндегі үлкен рөлді ұлағатты есімнің иесі ұстаз атқарады. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ы.Алтынсарин атамыз бекер айтпаған. Себебі, мұғалім еліміздің тірегін, болашағын, келер күн келбетін тәрбиелейді. Бүгінгі біз, ертеңгі ел тағдырын шешетін азаматтармыз. Алдындағы шәкірттің жеке тұлға ретінде қалыптасып кетуіне басты себепші – ұстаз. Олар елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтереді. Олар әр оқушының жүрегіне жол таба біліп, әр баланың бойындағы дарынын, қабілетін ашып, дамытуға жағдай жасайды. Меніңше, шәкіртіне күш-қуат беріп, жүректеріне гүл егетін бағбан – ұстаз, әрбіріміздің тағдырымызға әсер ететін тірегіміз. Біз үшін ұстаз – ақылдың кені. Мысалы, менің ең алғашқы ұстазым мәңгі жүрегімде, оның мейірімді көздері мен жүрегі менің мектепке деген махаббатымды ашты. Алғаш қалам ұстауды үйретіп әріпті танытты, партаға отыруды үйретті. Мұндай жан мәңгі жадыңда қалады, ұмытылуы мүмкін емес! Болашаққа деген сенімім мен үмітімді еш сөндірмеген, әрдайым қолдаған да - ұстазым. Әрбіреуімізді аялап, балалығымызға көніп, өмірге деген көзқарасымды қалыптастырған, дүниетанымымды кеңейтіп, қиындыққа мойымай төзу қажет екенін еш жалықпастан үйреткен ұстаздарыма мен, басымды иіп тұрып алғыс айтамын. Болашақта қандай да бір жетістікке жетсем бәрі де тек сіздердің арқаларыңыз деп білемін, әр оқушының үміт отын жағатын, қандай нар тұлға едіңіздер! Мектептегі әр күнімді қуанышпен еске аламын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
05.06.2024
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі