400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Эссе. "Мен. Мектеп. Ұстаз."

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір адам өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек, ол мамандық пен жар таңдаудан тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 10 сынып оқушысы Танатарова Диана

Эссе

«Мен. Мектеп.Ұстаз»

Әрбір адам өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек, ол мамандық пен жар таңдаудан тұрады. Неге? Себебі бұл екеуі жай ғана алмастыра салатын кез-келген зат емес. Адамдар бала кезінен болашақта кім болғысы келетінін және нені армандайтыны туралы ойлана бастайтыны бәрімізге белгілі. Өйткен, бұл әлемде бәріміздің жеке арман-мақсатымыз бар деген рас. Ал осының барлығына қадам жасау, мектеп қабырғасынан және ата-ананың берген тәрбиесінен басталады.

Мектеп – әр адамның өміріндегі маңызды кезеңі, бұл жерде біз білім алып қана қоймай, тәрбие мен өмірлік дағдыларды меңгереміз. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өміріндегі ең ұмытылмас сәттер болып, мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Алғаш рет мектепке кірген бойда өмірдің шындығын, өмірде кездесетін қиыншылықтар туралы дым білмей, болашақта жоғары сыныпқа өткен кездегі сұрақтар ойымызда туындамайды. Кейін, балалық сәтте мектепке бетіміз күлкіге толы, қуанышымыз артып, қызығушылығымыз мол болып кіретінімізді еске түсіреміз. Бастапқыда мектепке келіп әрбәр әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте келе бәрі өзгереді. Бастауыш сыныптан бастап мектеп қабырғаларындағы өткізетін уақытты және барлық сәттерді жай ғана сөзбен айтып сипаттау мүмкін емес. Біріншіден, мектепте баланың өмірі басталады. Біз бала болсақ та, жаңа ортаға бейімделеміз, адамдармен дұрыс қарым-қатынасты орната бастаймыз, тәрбие алып, мағыналы сөйлеп, әдемі жазуды үйренеміз, қуанамыз, ренжейміз, мүлдем танымайтын адамдармен жақын араласып, достасып, достың не екенін түсіне бастаймыз.

Қазіргі заманның жастары бұрынғы жастарға қарағанда өзгеше. Олар тезірек мектепті аяқтайыншы, кетейінші, мектепті тез бітірсем екен деп жатады. Кейін есейген шақта бұл сөздерімен келіспей, бабалық шағын кері қайтарғысы келеді, мектепті сағынышпен еске алады. Сондықтан мектептегі, жалпы өмірдегі әр уақытты, қызықты сәттерді бағалауымыз керек. Менің мектебіме, мұғалімдер мен жанымда қолдау көрсетіп, кезөкелген жағдайларда қолұштарын созған басымды иемін. Мектеп мені тәлім-тәрбие мен білімге ғана үйретпей, адамгершілік нәрселер мен құндылықтарға итермелеп, мені шынайы адам ретінде өсіріп, қорғағандары үшін мың алғыс! Мектеп қабырғасындағы өткізетін уақыт алтын уақыттардың бірі.

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.06.2024
345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі