Эссе "Мен осы мамандыққа лайықтымын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Мен осы мамандыққа лайықтымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға. оқушыларға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Какен Алмас

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

Кириллока орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



МЕН ОСЫ МАМАНДЫҚҚА ЛАЙЫҚТЫМЫН! (ЭССЕ)


Мен өзімнің қазақи әулеттен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын жат елде аттап, басқа тілде оқысамда, ана тілге деген құштарлық, ананың ақ сүтімен қаныма тарады деп білемін. Өйткені, таза қазақ, салт-дәстүрді қатты ұстанатын жанұяда Моңголия мемлекетінде дүниеге келдім. 6-сыныпта мектептен келе жатып, Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін, бар даусыммен-

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде, көп ойнаймын, көп күлем

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем-деп, шырқап, көзімнен жас ағып,ағыл-тегіл жылап келе жататынмын. Сондағы аққан көз жасқа «Қазақстан деген ел бар,біздің атамекеніміз»-деп айтқан «үлкендердің» сөзі әсер еткен болу керек деп ойлаймын. Яғни, көріп, аяқ баспаған Атамекенге деген сәбилік сағыныш болса керек.

Арманым орындалып Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін бір жылдан кейін 1992 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ұлы көш басталып, сол жылы 6-сыныпты бітірген менде Тәуелсіз Қазақстанға оралдым. Елге келгенде қазақ мектептері тапшы болды.Мен қазақша оқып білім алдым. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ мектептері көбейе бастады. Қазақ тілі сұранысқа ие бола бастады. Менің тілге деген қызығушылығым сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктен туды. Сондықтан да мен қазақ тілі мен әдебиеті факультетін таңдап, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірдім.

Ұлт боламыз десек тәрбие ана сүтімен беріліп , ана сүтімен қалыптасып, тал бесіктен сіңірілуі шарт, олай болмаса, Қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлы айтқан қайырымсыз ұрпақ шығады. Сондықтан өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. . Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана- сезімді сіңіруші адам- мұғалім. Мұғалім- мамандық, ұстаздық- қасиет. Яғни, ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.Ұлы ақын, хакім Абай Құнанбайұлы айтқандай «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден бала»деп, мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 15 жыл өтіпті. Қандай заман болмасын, мұғалім үздіксіз іздену жолында болады. . Әлемнің қарқынды дамуы үнемі ізденісте, бәсекеге қабілетті болуға, мететанымдық деңгейде ойлауды талап етуде. Сондықтан білім беру мазмұнын жаңарту заман талабы, бүгінгі күн сұранысы болып отыр. Осы тұрғыда болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беруде білім беру саласына жүктелген үлкен міндет бар. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Мақсатқа қол жеткізуде кембридж бағдарламасының ІІІ деңгейлік үш айлық курсы, көшбасшылық, т.б біліктілік арттыру курстарын жиі қатыстым. Кәсіби біліктілігімді педагогикалық шеберлік орталықтары негізінде шыңдадым. Жалпы жаңартылған білім беруде оқушы дәстүрлі оқытудағыдай дайын білімді меңгермейді, өмірмен тікелей байланыстыра отырып, өз бетімен қарым-қатынас негізінде игереді. Сол себепті бүгінгі бағдарлама баланың бойында кең ауқымды дағдыларды дамытуға бағдарланып отыр. Сыни ойлау, өзіндік дамуға бағытталушылық, қойылған мәселені шешу дағдылары, коммуникативтік қабілеттер, ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік жауапкершілік сынды қабілеттер мен дағдылар ғасырдың сұранысы болып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру менің міндетім. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де – осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс.Сондықтан мен осы мамандыққа лайықтымын.Себебі, мұғалім – үздіксіз ізденуші, кез – келген тосын сұраққа жауап беріп, кез – келген жағдаяттан шыға алатын, өскелең ұрпақты, білім нәрімен сусындатуда жалықпайтын, талмайтын білімдар жан.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2020
1062
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі