Материалдар / Эссе. Мен өз саламның маманымын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе. Мен өз саламның маманымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-дефектолог
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
704
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен өзсаламныңмаманымын

Мамандық дегеніміз-ол әрбір адамның бойындағы тума таланттың немесе өміріңнің бір бөлшегі ғана емес, сонымен қатар ол өздігіңді табу болып саналады.Әрқашан қуана жасайтын ісі мен оның ертеңгі болашағы. Мен өз мамандығымды өте жақсы көремін.Себебі, мен ұстаздық ету кезінде өздігімді тауып қана қоймастан ізденіс кезінде жаңа заманауи қазақтың бір болашақ адамының адам болып қалыптасуына да өз үлесімді қосамын. Бұл мен үшін мақтаныш ғана емес, сонымен қатар өздігімді табу деп білемін.

Адам тағдырының бір бөлігі оның таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік белестерден көрінгісі келетін биік мақсатқа ие. Әр адамның өз таңдаған бағыты,арман еткен ниеттері, бағындырар белестері болады.Ал биік шың болса, адам баласына талай еңбек пен қиын қыстаулы кезеңдермен келеді.

Қазақтың бас ақыны, кемеңгер әр сөздің түп төркінін тауып сөйлей білген, әрбір сөзінен үлгі-өнеге көріп келемін және үлгі тұтатын Абай Құнанбаевтың «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» ,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады.Болашақта үлкен мамндық иесі болатынын армандамайтын бала болмайтыны секілді, әр бала бір болашақтың иесі болып саналады.Сол мамандықты таңдауда біз ұстаздардың үлкен де болмаса бір үлесі бар болғанына қуанамын.Ұстаз-ең алдымен,оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік пен адалдық, төзім мен тәлім-тәрбие бере білетін, өмірлік тәжірибелерді ү.йретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.

Мен өздігім мен өз мамандығымды таптым деп ойлаймын.Ұстаз ол өмірлік тәжірибе барысында қалыптасатын мамандық.Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімнің ертеңгі күні қажеттілігін сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбәр жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт пен бағдар беріп тура жолға бастайтын ұлы тұлға.Осы ұлы болып келген ұлы тұлға туралы мен жан-жақты түсінігі мол,қандай мәселелерді болсын ақылға шешіп, тұжырымдай алатын, кең ойлы, тереңінен түсіне білетін,шыдамдылық пен көреген болу керек.Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс. Қай кезең мен ғасырды ұштастырып қарамайық ұстаздық мамандығы ұлы мамандық деп саналған екен. Ұстазға ақ тәж киген патша да,ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.

Мені шабыттандырып осы ұстаз мамандығын таңдау осы ұстаз деген ұлы тұлғалардың арқасында деп ойлаймын.Менің арманым-елді танымал етіп қана қоймай ізденіс пен білімді болашақ жақсы мамандар оқыту.

Мен таңдаған мамандық –ол мұғалім болу.Мектеп кезінен кітапты сүйсіне оқитынмын.Сыныптастарыма қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп,тарихты әңгімелеуді қызығып армандайтын едім.Арманыма қол жеткізіп, ұстаз атандым.Ал қазіргі кезде осы ұстаздық саланы ту етіп, жұмыс жасап жатқаныма көп уақыт өтіпті.

Мамандығым өзіме қатты ұнайды.

1.Өз мамандығымды өте жақсы көремін, сол мамандығым арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып,көптеген алғыстар алып қана қоймастан, олардың өз болашағына деген сенімдерін және мамандық таңдау барысында жаныңа жақын іспен айналыссаң ғана сол маман иесі болатынына сендіре,олады өз ісіме сүйсіндіре білдім.

2. Сабақты түсіндіру барысында шығармашылығымды ұштастырып сабақ жүргізе отырып, өзімнің шәкірттерімнің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өз еркілерімен білім алып, білімге деген құштарлығын оятып қана қоймастан, сенімдерін ояттым.

Ұстаздық ету ол мен үшін үлкен мақтаныш қана емес, балаларға болашағыңның бір бөлшегі екенін ұғындырғаным үшін аллаға шүкір осындай жақсы да және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты ұстаз болу үшін барлық күш-жігерімді сарп етуге әзірмін.

Өз мамандығыңыздың нағыз иесі болу үшін ең алдымен ол мамандық- сол мамандықты сүйе білу, шыдамдылық қажет екен. Баланы ешқашан қинап сабақ оқыта алмайтының секілді, мамандақты да дұрыс таңдау болып саналатынын ұмытпау керек.



Қ.Әбдалиев №54 ЖОМ

Нарымбетова Ботакоз Балтабаевна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!