400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

эссе "Мен қазіргі заман педагогімін"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі талапқа сай, тәрбиешілерге арналған эссе. қазіргі таңда педагог туралы эссе жазуды біле бермейді, баяндама ретінде жазып жатады. Сондықтан осы эссені жүктеуді ойладым. себебім тиіп қалады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі, әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиеші. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін.
Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Өйткені мен де бала бағбаны - тәрбиешімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің  дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні.

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен күлкісінен нәр алу.

Бұл тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім: Мен өз қызмет жолымды 2003 жылы Мектепалды оқу өндірістік комбинатында «тәрбиеші көмекші» мамандығы бойынша ұстаздық қызметінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін сезіндім. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты болып көрінді, ересек балаларға тәрбиеші жолын үйрету қиынға соқты, алайда күнделікті сабақ жоспарымда «ертеңгі күнді қалай өткіземін?» деген сұрақ туындайтын. Өзім баламен жұмыс жасап көрген жоқпын, ізденуге тура келді, балабақша аралап, жарты күнімді тәрбиешімен және балалардың жанында өткіздім, ондағы тәрбиешінің жұмысына қатты назар аудардым, себебі, ол өте қызықты мамандық: сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді ал мен болсам олардың өмірімен бірге өмір сүремін, табыстарына қоса қуанамын. Келешек ұрпаққа мамандық таңдауда, осы тәрбиеші мамандығын таңдауға себепкер болу үшін және өзіме қойылған сұраққа қиналып қалмайын деп, жауап беруге дайын тұруға тырыстым.

Ал қазір мен «Мектепке дейінгі білім беру тәрбиешісімін». Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын.Тәрбиеші болу - жәй ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Менің таңдаған осы жолым — үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, ізденімпаздықты, шығармашылықты талап ететін киелі жол.

Тәрбиеші! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп танимын. Өйткені, мен мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие үрдісін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым-жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он жеті жыл болған екен. Менің осы еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр педагогтің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Міне осындай жұмыс жүйесі менің бөбекжай-бақшамда қалыптасқан. Тәрбиеленушілерімді облыстық, республикалық, байқауларға ендіріп отырамын.

ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономиялық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті. Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол жаңа заман адамын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі заманғы педагог — ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш.  Сондықтан да ол шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа формацияның жаңашыл ұстазы болуы керек.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады – дейді.

Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмайтын, бойында бәсекеге қабілеттілік қасиеті бар, барынша жаңа технолгиялармен қаруланған білімді де, білікті ұстаз өз кәсібінің майталманы болары сөзсіз.

Қазіргі заман педагогі - өз ісінің шебері атану үшін не керек? Әрине білім, міндетті түрде - мейірімділік, жылы жүрек, баламен мамандығына деген сүйіспеншілік.

Өз сөзімді қорытындылай келе, қазіргі заман педагогі қандай болу керек? - деген сұраққа жауап бергім келеді
• педагог – технолог
• педагог – тәрбиеші
• педагог – зерттеуші
• педагог – эксперт
• педагог – аналитик
• педагог – басқарушы

Тәрбиеші бейімділігі, дарындылығы көбінесе балалардың тағдырын шешеді. Менің ұстаздық борышым – адамға ғана тән өмір сүре білетін жеке тұлға қалыптастыру деп білемін. Сондықтан да мен өз болашағыма білім алып жатқан болашақ маман – тәрбиеленушілерімнің болашағына үлкен сеніммен қараймын. Менің тәрбиеленушілерім заманауи технологиялар заманында осы қоғамға сай өмір сүре алатын білімді де, білікті, елін, жерін, мамандығын сүйетін, адамдарға ізгілік жасайтын маман болып шығуы керек.

Еңбек етсең, ерінбей,

Бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер,

Уақытыма сенемін! – деп, ақын ағамыз жырлағандай, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде ерінбей ізденудің арқасында үздіксіз еңбек ете беремін. Мен де жан-жақты дамыған құзіретті де, кәсіби маман тәрбиелеуде еңбегімнің еш кетпейтініне сенемін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
802
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі