жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе "Мен сүйген мамандық"
Мен таңдаған мамандық
Ісің оңсын десең, сол істің маманы бол.
(Әл-Фараби)
Адам баласы қазіргі таңда заман талабының күшеюіне қарай дүние есігін шыр ашқаннан кейін, бұғанасы қатпастан өзін әртүрлі мамандық иесіне балап, қызығып, арманының алғашқы қаңқасын құра бастайды. Мен де өзге бүлдіршіндер секілді бала қиялыма ерік беріп, осы күнге дейін өзімді түрлі мамандық иесі ретінде елестетіп келдім. Алайда, дәл осы шақта бала шақтан болашаққа қадам басқалы тұрғасын мойнымдағы үлкен міндетті сезініп,өкінбестестей ұстамды шешім қабылдау екендігін ұқтым. Пенде болғасын өмір бойы жан-жағына қарап саралап, сабақ алады, алға қарай жылжиды, армандарына ұмтылады, сол арқылы тағдырын өз қолымен жасайды. Ұлы Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген өлең жолдары әрдайым ойыма оралып отырады. Адамзат баласы - әлем бөлшегі. Біз сол дүниенің бір бөлшегі болып туылғасын, туған жеріңнің дамуына үлес қоспау қате секілді. Сонда қалай өз үлесімізді сәлде болса қоса аламыз? Менің ойымша, біз дүние есігін ашқандағы бойымызда кездесетін туа біткен қасиеттерді, өсе келе бейімделетін қызығушылығымызды, армандарымыз бен мақсаттарымызды қалыптастырып, келешегі бар дұрыс мамандықты таңдау арқылы ғана өзіміздің титтей болсын үлесімізді қоса аламыз. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - дейді ұлы педагог Ж.Аймауытов. Шынында да, адам баласының тек жүрек қалауымен таңдаған саласының ғана хас шебері болмақ. Дәлірек айтсам, мамандық таңдау жәй ғана оқып, диплом ала салу емес, сонымен бірге аралас-құралас болатын өз ортаңды да таңдау. Сан түрлі мамандықтың ішінде маған қайсысы жақын болды және бұл қызметтің болашағы қандай болмақ?
Бүгінде жан-жақтылықты, икемділікті, шеберлікті және мейірімділікті қажет ететін ұстаздық жолын, соның ішіндегі сөз өнерінің асыл қазынасын одан әрі айшықтай түсетін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды алдыма мақсат етіп, таңдап отырмын. Себебі, біріншіден «Неге арналсаң, соны жаса» деп хакім Абай атамыз айтпақшы менің кеудемде соғып тұрған мотордың таңдауына құлақ түре отырып, мен өзімді болашақта қылығы тәтті, тілі бал бүлдіршіндер мен көз жанарлары оттай жанған жас жеткіншектермен ғана елестетіп, сол салаға арналып туылғандай сезіндім. Екіншіден, қазақ тілі мен мен әдебиет пәнін таңдауымның себебі сан ғасырлық тарихымыздан белгілі қазақ тілі - рухты тіл, бұл тілде ата-бабаларымыз бай ауыз әдебиетін қалыптастырып, бізге үлкен қазына ретінде аманат етіп тастап кеткені. Талай аузы дуалы билер мен шешендер, хандар мен төрелер қайсар, отты тілімен талай соғысты, дауды жеңіп отырғаны тарихымыздан белгілі. Осындай құдіретті тіліміздің тарихын, әлемді таң қалдырған ауыз әдебиетімізді келешекте оқушыларға үйретпеу мен үшін қылмыспен тең.
Қараңғы жолда жеті қарақшыдай жанып, жол көрсететін мәртебелі мамандықты өмірлік жол ретінде таңдағасын оның келешектегі рөлі мені алаңдатпай қоймады. «Іздеген жетер мұратқа» демекші, айтқанынан қайтпас, өз таңдаған мамандығын шынайы сүйетін Нұрайым бұл мәселенің түйінін шешті. Сонда қалай? Біріншіден, ізгілікке баулитын әрі жақсылыққа тәрбиелейтін салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан жандармен сұхбаттастым. Екіншіден, басқа мамандықтардан жауапкершілігі сан есе бұл мамандық жайында барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан мәлімет жинадым. Үшіншіден, «Ұстаздық қызметтің болашағы бар ма?» деген сұраққа келешектің кірпішін қалайтын жастардың арасынан сауалнама жүргіздім. Нәтижесінде, барлығын қорытып, статистикалық мәліметке жүгіне келсем, ұлан-ғайыр еліміздің іргетасын қалайтын жалынды жастар, ал оларды оқыту ұстаздардың басты парызы екендігін ескере отырып, халықаралық форумның шешімі бойынша ұстаз мамандығы еңбек нарығынан түспейтіндігін ұғындым. Оған дәлел ретінде «World Economic Forum» технологиясының қарқынды дамуын атап айта аламын. Себебі, ондағы деректерде келешекте осы саланың мамандары интернет мүмкіндігін пайдалана отырып, алдағы уақытта «онлайн ұстаз» болуға көшеді делінген. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» - демекші, ұстаздық жолын таңдаған әрбір адам ол бірінші кезек - батыр деп есептеймін, қан майданда соғысып жан тапсырмаса да, қасық қаны қалғанша жаумен тайталаспаса да, ілімімен, тәжірибесімен қаруланған ұстаз білімін биік шыңға жеткізу үшін аянбай тер төгіп, сол шыңға қайтседе жетеді.
Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсам, қызығы мен шыжығы мол осынау абыройы асқақ мамандықты кез-келген адам таңдай алмайды. Тек бұл мамандықты шын жүрегімен жақсы көріп, мол жауапкершілікті сезіне білген адам ғана таңдайды. Сондықтан қазіргі таңда таңдаған мамандығымның қиындығына қарамай, сол саланың майталманы болу үшін аянбай еңбек етіп, білімімді шыңдаудамын. «Еңбегі көптің, өнбегі көп» демекші келешекте әдебиет сүйер қауымға арнайы мамандырылған лагерь ашып және білгеніммен бөлісіп, халыққа қолжетімді бағада сапалы дүниелер ұсынғым келеді! Құрметті, ертеңгі елдің жалынды ұрпағы, мамандық таңдаудан жаңылмай, өз болашағыңыздың жарқын болуына, егеменді еліміз Қазақстан Республикасының өркендеп өсуіне, алға қарай дамуына тамшыдай үлес қосуыңызға тілектеспін!
1.Қатысушы оқушысының аты-жөні: Жасуланова Нурайым Жасулановна
2.Жіберуші ұйым (қала, аудан мектебі): Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы №272 орта мектеп
3. Оқушы мұғалімінің аты-жөні: Ергалиева Жазира Султан
4. Байланыс телефондары: 87768740603 және 87710897868.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген