400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Мен тазалық министрі болсам..."

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен тазалық министрі болсам..." атты эссе өзім туралы жазылған . Мен өзімді тазалық министрі сезініп эссе жаздым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе «Мен тазалық министрі болсам... »


Таза болса табиғат –

Аман болар адамзат...

Фариза Оңғарсынова


Табиғат тіршіліктің құт-берекесі, табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат — ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді серігі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Сондықтан қазіргі күні табиғаттың ластануы –үлкен мәселе. Бұл барлық дүниежүзінде қарастырылуда.

Тазалықты өзімізден бастағанымыз ол өзімізге деген құрмет деп білемін.

Мен тазалық министрі болсам , Құрманғазы ауданындағы төмендегі мәселелерге көңіл аударар едім...

Экологиялық жағдайды тұрақты сақтап отыруға оң әсер ететін іс-шара - елді мекендерді көгалдандыру. Біріншіден, жасыл желек көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, ауаға оттегі шығарып тұрады. Екіншіден, жаз мезгіліндегі ыстық күнде көлеңке, жанға сая. Үшіншіден, көшеге көрік беріп, ауылдың ажарын ашады. Бұл экологиялық жағдайды қалыпты сақтаумен қатар адамның салауатты өмір сүруіне ықпал етіп, денсаулыққа пайдасын тигізетіні сөзсіз. Осылайша табиғаттың тепе-теңдігін бұзбай сақтасақ, экологиялық жағдайды қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік болады. Қалыпты экологиялық жағдай дегеніміз ауаның ластанбауы, судың тазалығы, тіршілік етіп жатқан мекеніміздің өмір сүруге қолайлы болуы, соның ішінде табиғат байлығын көздің қарашығындай сақтай білу болып табылады. Осыны әрбір азамат естен шығармағаны дұрыс. Ең маңыздысы — табиғи ресурстарымызды ретімен пайдаланып, сақтай білу.

Қазіргі кезде пайдаланып отырған қоқыс алаңына жер пайдалану құқығын беретін құжаттың мерзімі ағымдағы жылдың шілде айының соңында аяқталады. Ал бұл – облысқа қарасты құжат. Оның жарамдылығын  ұзарту облыс әкімдігінің құзретіне жатады. Сонымен қатар, биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының  жаңа Экологиялық  Кодексі қабылданып, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қоқыс алаңын басқа жерге көшіру, оның жер пайдалану құқығын беретін құжатты жаңа мерзімге рәсімдеу осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, қолданысқа енгізілген соң, жүзеге асыру керек. Қоқыс контейнерлерді қағаз, пластик, әйнек, темір, жанғыш, жанбайтын, қайта өндірілетін деп іріктелелер едім.

Жадыраған жаз келісімен көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны анық.

Алайда, көбіне өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай, демалыс мекендерін ластап кетеді. Осы орайда «Каспий Балық» өндірістік кооперативі «Таза жағалау» акциясына үлес қосып, ұжым мүшелері  ұйымшылдықпен атсалысты. Сауапты іске мұрындық болғандар Қиғаш өзені жағалауын күл-қоқыстан арылтты. «Қоршаған ортаны таза ұстау, қорғау -баршамыздың ортақ парызымыз» дегенді ұстанған акцияға атсалысушылар бұл игі дәстүр жыл сайын жалғастырып келеді.Оларды ынталандырып,марапаттау керек деп ойлаймын. Осындай игі бастамалар көп болса екен!

Туризмді де дамытқымыз келеді. Таза қала, таза ауыл, таза дала, ол, сіз бен біздің бет-бейнеміз екенін түсінетін кез келді. Өйткені, басқа елдерден келген қонақтар тазалыққа қарап та сол елдің мәдениетіне, тұрмысына баға беретінін қаперден шығармауымыз керек!

Таза су адамның салауатты өмір сүруінің басты шарттарының бірі, ал ол ластанған жағдайда қоршаған орта мен адам баласы үшін өте қауіпті. Сондықтан еліміздегі қоршаған ортаны қорғау саласында өзен-көлдерді, жалпы су көздерін қорғауға, тазалығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Елімізде жыл он екі ай бойы су көздерінің тазалығы жауапты мекемелердің назарынан тыс қалмай жіті қадағаланады. Әсіресе көктемнің алғашқы күндерінен бастап өзен-көлдердегі сулардан сынама алып, тазалығын тексеру жұмыстары қызу жүре бастайды.
Мен тазалық министрі болсам, жастарға айтар едім:
«Айналаңа зер салып қарашы?! Аулаңның іші, көше бойы қыстайғы күл-қоқысқа толып қалған. Бір-екі күннен соң бүршік жарғалы тұрған тал-теректер мен жеміс ағаштары да тәртіпке келтірілмеген. Міне, достар, мұның бәрі сенің қолыңнан келетін іс. Жұмысты ең бірінші тазалықтан баста. «Бір тал кессең, он тал ек» деген ата-баба өсиетін есіңе алып, кесілген ағаштардың орнына жас көшеттер отырғыз. Өз аулаңды реттеп болған соң, көшеңде, мектебіңде осындай істердің істелуіне ұйытқы бол, соны ұйымдастыр. Сондай-ақ, бақша егіп, егін салатын үлкендерге де қолғабыс тигізуді ұмытпа! Қысқасы, үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің ата - анаңа үлкен медет.»  Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.





Эссені дайындаған:

1.Сейтжапарова Римма Ануарбекқызы

2.Құрманғазы ауылдық округы

3.25 жаста

4.Балбөбек бөбекжай балабақшасы

5. тәрбиеші

6. Эссе «Мен тазалық министрі болсам... »



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
2052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі