Материалдар / Эссе “Мен заманауи тәрбиешімін”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе “Мен заманауи тәрбиешімін”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен ұстазбын, мен мұғаліммін, мен жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етуді ұран еткен тәлімі терең тәрбиешімін. Осы салада қызмет еткеніме биыл 6 жыл толмақ. Мен балабақшаға, балаларға бауыр басқаным соншалық басқа салада жұмыс жасауды мүлде елестете алмаймын. Балабақшада жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, ата-ана ықыласына, алғысына бөлене бастадым. Әрбір түлектеріңді ұядан ұшырған кезде қимастық сезіммен қоштасатын едім. Күнде ертеңгісін балаақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе!» — деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсе білуге құштар, шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
1264
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ «Мен заманауи тәрбиешімін»

Бұл әрдайым үлкен әріппен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп танимын. Себебі, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз.Тәрбиеші яғни біздер – тәрбиеші болу үшін өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Мен өзімді тәрбиелі тәрбиеші қатарына жатқызамын. Адамзат баласының алтын тәжі, асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед хадис шарифінде былай дейді: «Адам баласының бойында бір кесек ет бар, егер сол ет дұрыс болса, сол адам дұрыс болғаны, ал егер сол ет дұрыс болмаса онда барлық дене бүлінеді» деген екен. Мен осы қағиданы өмірлік тәжірибемде ұстанып келемін.

Мен ұстазбын, мен мұғаліммін, мен жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етуді ұран еткен тәлімі терең тәрбиешімін. Осы салада қызмет еткеніме биыл 6 жыл толмақ. Мен балабақшаға, балаларға бауыр басқаным соншалық басқа салада жұмыс жасауды мүлде елестете алмаймын. Балабақшада жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, ата-ана ықыласына, алғысына бөлене бастадым.

Әрбір түлектеріңді ұядан ұшырған кезде қимастық сезіммен қоштасатын едім. Күнде ертеңгісін балаақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе!» — деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсе білуге құштар, шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын.

Алдымда отырған жас шыбық, яғни балаларды тәрбиелеуде оларды ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамды өркендетуде қарымы мен қабілеті жететін азамат, жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін, балаларды дұрыс ойлап, ойын толық жеткізе білуге үйретудемін.

Менің тәрбиеші ретінде міндетім жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындату, оларды дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне мән бере отырып жаңа технологияларды тиімді пайдалану. Осы қиын да, қызық мамандық мені еш жалықтырған емес, қайта күннен күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс – тәсілдерді іздеуге итермелейді. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр.

Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын болашақ жас ұрпақ. Қазірге кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.

МАҚСАТЫМ: рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол білімді шәкірт тәрбиелеу, қызметімді адал еңбекпен жүзеге асыру. Тәрбиеші болу оңай көрінгенмен, нағыз тәрбиеші болу екінің қолынан келе бермейді. Ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулысының ұлысы.

«Ел есінде қалғың келсе ас бер, он жыл қалғың келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле»- дейді дана халық.

Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметтерімде ТРИЗ, Тәй-тәй, Асық ,Монтессори технологияларын жиі пайдаланамын. Алдағы уақытта эбру технологиясымен жұмыс жасауды қолға алуды ұйғардым. Жалпы «эбру» технологиясы су бетіне сурет салу. Бұл технологияны қолға алмас бұрын балаларға тиімді жағын зерттеп-зерделеп алудамын.

Мен заманауи педагог ретінде түйгенім балаларды тәрбиелеуде, білім беруде аянбай еңбек етіп, балалардың болашағынан көп үміт күтуге болатынына көзім жетті. Ендеше мен әрдайым балаларыммен бірге болып, оларды жетелеуді мақсат етіп қоямын.

Білім мен тәрбие беру ісінде әр жұмысымды маңызды етіп өткізуге тырысамын.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!