Эссе
Менің
басшым....
Менің басшым-ұжымға өмірлік
пайда боларлық білімі мен жанына ізгіліктің нұрын себуші адам деп
есептеймін.Ол сәттілік пен сәтсіздікті,жақсылық пен жамандықты
үйретуші,адам бойына адамгершілік қасиеттерді себуші және адам
жанының ең жақын жанашыры деп
білемін.
«Жақсы сөз жарым ырыс» деп
жатамыз,бір сөзбен айтқанда бүгінгі қоғамды ертең алға
сүйрейтін,ыстық-суыққа да күймейтін,алалауды білмейтін жаңа
бағдарламаға сай жаңашыл педагог мамандарды тәрбиелеуші болып
табылады.
Сонымен қатар өз уақытын аямай
өзгенің бақытын аялаушы,нәтижелі жұмысты бағалаушы жан,ол білімді
де білікті маман,іскер басшы,ардақты ұстаз-Бектембаева Зарипа
Қызылғұлқызы деп мақтанышпен айта
аламын.
Бектембаева Зарипа 1984 жылы
Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін
бітіріп,еңбек жолын Бейнеу ауданындағы Қарақұм мектебінен
бастады.Ұстаздық еңбегінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ ол жас
ұрпаққа сапалы білім мен саналы тірбие беруге бар күш-жігерін арнап
келеді.
«Басшы өзінің қалай басқарып
отырғанына емес,сонымен қатар өзінің басқаруындағы адамдардың не
істеп отырғанына да жауап береді» деген қағиданы өзіндік ұстанымы
санайды.2006жылы білім ордасы атанған қара шаңырағымыз Қарақұм орта
мектебінде оқу ісі меңгерушісі болған З.Бектембаева 2008 жылдан
бастап Опорный орта мектебінің директоры болып 2016жылға дейін
басшылық қызметті 8жыл атқарды. 2016 жылдан бастап Қарақұм орта
мектебінің директоры болып келеді.
Жан-жақты дамыған ұрпақты
тәрбиелеу-ұстаздың басты борышы.Бүгінгі оқушы –ертеңгі маман,
сондықтанда оларға сапалы білім беріп,тәрбиелеу мақсатында алған
білімін күнделікті тәжірибесінде мамандарды шыңдай отырып,ұжымдағы
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында
республикалық,облыстық курстардан өткізіліп және жас мамандарға
әдістемелік көмек беріліп,ұжымды үнемі шығармашылық тақырыпта
жұмыстануға бағыттап отырады.
«Мектеп-кеме,білім-теңіз»деген
сөз бекерге айтылмаса керек.Бейнеу ауданындағы Опорный орта
мектебінің 38 жылдық тарихы бар мектепте де өзіндік ерекшелігімен
іскер басшы екендігімен есте қалды.Ол жасаған 2009-2015жылдарда
аудан,облыс,республика көлемінде өткен сайыс,байқау,олимпиадалардан
мектеп мұғалімдері көптеген жетістіктерге жетті.Осы жылдары мектеп
басшысы ретінде З.Бектембаева оқушылардың білім сапасының артуына
үлкен үлес қосты.Мұғалімдердің интеллектуалдық
ой-өрісіне,ізденгіштік пен ұйымдастырушылық
қабілетіне,белсенділігіне қатысты талаптарға сай болуына қатаң
талап мектепте дәстүрге айналды.Мектеп жұмысын алға қоюда көптеген
игі істерде бастамашы болған басшы еңбегі үшін көптеген
марапаттарға ие болып жүр. 2014жылы «Маңғыстау мұғалімі»газетінде
әдіскер Б.Аханованың «Іскер басшы»мақаласында,2015жылы «Маңғыстау
мұғалімі»газетінде бірінші ілгері деңгей мұғалімі З.Султанованың «
Жаңғырған мектеп,жаңашыл ұстаз»мақаласы,2015жылы Республикалық
«Білім айнасы»журналында психолог Г.Сапарованың «Ұстанымы биік
басшы»атты мақалаларында мектеп директоры З.Бектембаеваның іскер
басшы екенін дәлелдей түсті. 2015жылы мектеп басшысы З.Бектембаева
«Сердце,отданное детям»жинағына енді.2013жылы «Жайлауы
шұрайлы,қойнауы мұнайлы Боранқұл» атты кітапта ауылдың «Жаңашыл
ұстаз»мақаласы жарық көрді.2014жылы Халықаралық интернет интернет
инциклопедиясы Member oj tһe Encyclopedia « Тtacher oj Kazakhstan»
кітабына шықты.
Қазақстан мұғалімі
сертификатымен марапатталды.2008-2013оқу жылының қорытындысы
бойынша Опорный орта мектебі аудандық білім бөлімінің «Құрмет»
грамотасымен марапатталды.Сонымен қатар Опорный орта мектебі
«Табиғатпен үндес мектеп-2013»байқауына қатысып,1-орынға ие болып
облыстық байқауда ынталандыру номинациясын және мектебіміз ақшалай
сыйлықтарды иеленді.
Мектебіміз алғаш 2015-2016 оқу
жылынан бастап «Жоғары мәдениетті,сапалы білімді игерген жеке
тұлғаны қалыптастыру»тақырыбында мектептің даму жоспарымен
жасайды.Мектебіміз жылдан жылға жақсарып жаңалықты іске асыру үшін
компьютерлік кабинеттер көбейді,интернет жүйесіне қосу іске
асты,әдістемелік жұмыстарға бағыт берді.Жалпы мектептегі
мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін ашу үшін мектебімізге
толықтай жағдай жасады.Жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибелері
таратылып бүгінгі таңда жаңарған мектебіміздің мақтаныштары
республикалық,облыстық,аудандық байқаулардан
көрінуде.
2013жылы облыстық «Құрмет»
грамотасымен,2014жылы «Нұр Отан»партиясының Маңғыстау облыстық
«Алғыс» хатымен,2015жылы ҚР Президентінің «Алғыс» хатымен
марапатталды.
2016-2017 оқу жылынан бастап
З.Бектембаева ауылдағы қара шаңырақ атанған Қарақұм орта мектебінің
директоры болып ауысты.
2017жылы Республикалық «Білім
және Ғылым»шығармашылық бірлестігінің «Алғыс» хатымен
марапатталды.
2018жылы Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Болашаққа бағдар :
рухани жаңғыру атты мақаласы негізінде жүзеге асырылған жаңа 100
есім жобасы аясында «OZATTAR» -Қазақстан білім саласы үздіктерінің
энциклапедиясы жобасына қатысып,кітапқа еніп Республика білім
саласы үздік қызметкерлерінің қатарынан көрінгені үшін Құрмет
грамтасымен марапатталды.
Мектептің үлкен жетістіктерден
көрінуінің өзі мектеп басшысы З.Бектембаеваның іскерлігінің арқасы
деп білемін.Жаңарған заманның жаңашыл басшысы ретінде табандықпен
мектепті алға алып жүруі басшының шеберлігі мен іскерлігін
көрсетеді.Ол-заман ағымына сай біліммен қаруланған ой-өрісі
жоғары,үздіксіз ізденісте жүрген жан-жақты дамып отырған қарапайым
әйел,4 баланың анасы,ұлағатты қстаз,іскер басшы Зарипа
Қызылғұлқызы.
Мен осындай осындай басшымен
бірге Опорный орта мектебінде тәрбие жөнінің орынбасары,бастауыш
оқу ісінің орынбасары қызметін атқардым.Қазіргі таңда Қарақұм орта
мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаймын.Басшы
ретінде қаққан қазығы мықты,талабы күшті,жаңа көзқарас пен жаңа
бағытта,жаңа ізденістегі жолы мені шыңдады,қанатымды
қатайтты.
Мектеп ұжымы терісі
кең,әріптестерімен тең,мінезге бай болғанымен, осындай басшының бар
болғандығымен мақтанады.
Жаңа оқу жылындағы бастамасына
сәттілік,отбасына амандық,шығармашылығына шабыт,еңбегіне толағай
табыс тілейміз.
Султанова Зада
Шаубалаевна
Маңғыстау облысы,Бейнеу
ауданы,Боранқұл ауылы
«Қарақұм» орта мектебінің
бастауыш
сынып
мұғалімі