Менің
болашақ мамандығым
Білім
жолы - күрделі жол. «Оқу инемен құдық
казғандай» демекші, оқи берсең, іздене
берсең, тереңіне бойлай алмайтын
үлкен тұңғиық.
Адам
баласы болған соң өз болашағын ойлауы
тиіс. Алдына қойған мақсатқа жете білу,
армандау, талпыну керек. Балалық шақтың
қалай зымырап өткенін де білмей қаламыз.
Мен мектепте оқып жүрген оқушымын,
ата-анамның алдында кішкентай бала
болсам да, болашағым туралы көп ойланамын.
Алда не күтіп тұр? Мен болашақта кім
боламын? Қандай мамандықты таңдаймын?
Осындай сұрақтар мені жиі толғандырады.
Елбасымыз «Болашақ-білімді жастардың
қолында» дегендей, біздің болашағымыз
өз қолымызда. Ең алдымен мектепте жақсы
оқып, мамандыққа таңдау жасап, жоғарғы
оқу орнын жақсы бағамен тәмәмдәп, өз
сүйікті мамандығымызға қол жеткізу.
Ал
өзіме тоқталатын болсам, болашақта
қандай мамандық иесі болармын деген
сұрақ қойсам, мұғалім мамандығын таңдар
едім. Өйткені мұғалімнің жеке көзқарасы
бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға,
зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар
маман, білімді де білікті, көп оқитын,
көп тоқитын, білімін күнделікті ісін
шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын
өз бетінше білім алуға үйрете алатын,
бағыт -бағдар бере білетің ұстаз болар
едім.
Мұғалім
болудан басқа ешқандай мақсатым жоқ.
Мұғалім болып өзімнің арманымды жүзеге
асыруға тырысамын және мақсатыма қол
жеткіземін.
Адамдар
мамандықты жүрегінің қалауы бойынша
таңдауы керек.
Мен
тек қана мұғалім мамандығын таңдаймын
және бір-ақ арманым осы. Мен осы мақсатымды
қалай болса да орындаймын, себебі барлық
мамандық иесі тек мұғалімнен тәлім-тәрбие
алады. Мұғалім мамандығы барлық
мамандықтардан көрі маңызды әрі керемет.
«Қыран
түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз
шәкіртіне талмас талап сыйлайды»
демекші, ұстаз қай кезде де мектептің
жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны
қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға
қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.
Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең
маңызды мәселе болып табылады.
Әрине де мұның барлығы да қазір арман
болса да, жоғарыға көтерілу жолында
қиындықтар туындайтынын білсем де, мен
бұл мақсатыма, ұстаз боламын деген
арманыма қол жеткізетініме сенімдімін.
Бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында
қазіргі күннен бастап мен алға қарай
қадам басудамын. Арманымыз биікте
болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,
талпынып, шарықтау шегіне жетейік
достар!
Өз
ойымды қорытындыласам, еліміздің
болашағы жастар десек, жастардың
болашағы оларды саналы тәрбиемен, сапалы
біліммен қаруландырып, білімі озық
елдердің әлемдік озық үлгісін өнегесін,
тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына
жүктелген еңбегіне байланысты болмақ..
Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы,
жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де
жан - жақты білім беру ісіндегі қоғамның
жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына
білімді, әдетті, дүниетанымдылықты,
өмірге деген өмірлік мақсатын
калыптастырушы басты тұлға деп санаймын.
Білім-оқушының ақыл-ойын дамытатын
парасаттылық,адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырады. Ал мұның барлығы
мұғалімнің көмегімен іске асады. Данышпан
Абай атамыз: «балаға мінез үш алуан
адамнан жұғады,біріншісі ата-анасынан,екінші
ұстазынан,үшінші құрбысынан»деген
екен. Сондықтан мұғалім қолында адам
тағдыры,болашақ ел тағдыры бар деп
санаймын. Білім беру саласында еңбек
ететін әрбір мұғалім күнделікті
сабақтарының нәтижесін ой елегінен
өткізіп,жетістіктері мен кемшіліктерін
бағамдап отырса, қателіктерінен сабақ
алса,ол мұғалім уақыт өте келе білікті
маман бола алады. Мен мұғалім болу үшін
қазіргі заманның талабына сай-үздіксіз
білім алып және көп ізденуім қажет.
Еліміздің болашақ көркеюі мен өркениет
қатарында еңселі биік тұруы, ұрпақ
бейнесінен көрінетіні айқын. «Келер
ұрпақ алдындағы зор жауапкершілік жүгін
арқалап келеміз»деген Елбасы сөзі мен
күткен өзгеріс бұлағының бастау көзі
болады. Алдағы өз армандарыма қол жеткізу
үшін барлық күш жігерімді саламын !
Булкаирова
Ансар Жақсылыққызы 8 сынып
«Тірек
мектеп (РО)«А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖОББМ»КММ