Эссе: "Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім"

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Эссе: "Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз еңбек жолым және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалармен жұмыс жасағанда қолданылатын методикалық тәсілім туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе тақырыбы: «Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім»



Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын, өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол - адам бағдарын жасаушы. Егер де, Мен өмірге, қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де, ізгі жүректі адамды өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға жетелесем – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұзстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын.

Менің өмірлік ұстанымым – балаларға мейірім мен жылу сыйлау. Себебі менің еңбек жолым — ата-анасының қамқорынсыз қалған, арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балалармен тығыз байланысты. Менің тәрбиеленушілерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын.

Мен 1998 жылдан бастап өз еңбек жолымды тәрбиешінің көмекшісі болып бастадым. Сол кезден бастап балалар әлеміне еніп, олардың әрқайсысының жүрегіне жол табуға тырыстым. 2006 жылдан бастап тәрбиеші болып жұмысымды жалғастырдым. Бұл жылдар мен үшін тек еңбек жолы ғана емес, сонымен қатар үлкен өмір мектебі болды.

Тәрбиеші — тек балаға білім мен тәртіп үйретуші емес, ол балаға мейірім, сенім, сүйіспеншілік сыйлайтын тұлға. Әр баланың тағдыры әртүрлі, сол себепті менің негізгі методикалық тәсілім — жеке тұлғалық және эмоционалды қолдау көрсету. Әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, оның қызығушылығын, қабілетін ескеріп, өзіне сенім ұялату менің басты мақсатым.

Менің жұмысымда қолданатын әдіс-тәсілдерімнің бірі — шығармашылық және ойын арқылы дамыту әдісі. Балалар ойын кезінде өз ойларын ашық айтып, мінезін көрсетеді, өзара қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, тәрбиелік әңгімелер, жағдаяттық тапсырмалар және психологиялық тренингтер арқылы балалардың өз-өзіне деген сенімін арттыруға тырысамын.

Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қамқор болу — үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап ететін іс. Мен өз жұмысымды сүйемін және әр баланың жүрегіне үміт отын жағуға тырысамын.

Еңбек жолындағы әрбір сәт – мен үшін баға жетпес тәжірибе. Балалардың күлкісі мен сенімі – менің ең үлкен марапатым. Сондықтан мен алдағы уақытта да өз ісіме адал болып, балалардың бақытты болашағы үшін аянбай еңбек ете беремін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі