жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе "Менің жетістігімнің формуласы"
Менің жетістігімнің формуласы
Елбасының
«Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
Жолдауындағы басымдық берілген
міндеттердің бірі адами капитал
болып отыр. Адами капиталдың жаңа сапасы
бүгінгі күнгі өзекті мәселе екені
даусыз. «Өзінің тарихын, тілін,
мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына
лайық, шет тілдерін меңгерген, озық
әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық
біздің қоғамымыздың идеалына айналуға
тиіс» деп көрсетілген Жолдауда. Кез
келген қоғамда жастардың бет түзейтін
идеалы болуы болашақ үшін маңызды десек,
Елбасы Жолдауында қандай адам мемлекеттің
құнды капиталы бола алатынын нақты
көрсетіп берді. Мемлекет болашағының
кілті – қазіргі жаңа технологияларды
меңгерген, сонымен бірге түп-тамырынан
ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын
білетін нағыз сапалы азаматтарда. Сол
адами капиталды дайындап, болашағына
жол сілтейтін, келешегімізді кемел
біліммен сусындататын – біз, ұстаздар
қауымы. Елбасы өз Жолдауында мұғалім
мәртебесіне ерекше тоқталып өтеді.
Қазақта «Ұстазы жақсының – ұстамы
жақсы» деген сөз бар. Ендеше, баланы
тәрбиелейтін мұғалімнің білікті
болуы – міндет. Кейінгі кезде, мұғалім
беделінің төмендегені жиі айтылып,
олардың біліктілігі де сынға жиі алынатын
болды. Сондықтан Елбасы «Педагогтарды
оқыту және олардың біліктілігін арттыру
жолдарын қайта қарау керек болады»
деп қадап айтып отыр. Сәйкесінше, білікті
ұстаздан білім алған сапалы ұрпаққа,
яғни жаңғырудың негізі бола алатын
адами капиталға қол жеткізе аламыз.
Демек, бұл Жолдау бізге қай салада
болсын бәсекеге қабілетті маман
дайындауды міндеттеуде. Еліміздің
болашағы мен көркеюі, өркениетті елдер
қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен
көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың
бойындағы іскерлік пен қабілеттерін
ашу және шығармашылыққа баулу мәселесі
туындайды. Онсыз мектептің инновациялық
үдеріс сатысынан өтпей дамуы мүмкін
емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі,
мектеп - келешек ел басқарар, жер-суына
иелік етер,ел- халқын гүлдендірер,
мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдар
бірегей орта, киелі орын.
Қазіргі біздің үлкен мақсатымыз:
өмірдің барлық саласындағы белсенді,
шығармашылық іс - әрекетке қабілетті,
озық ойлы, тапқыр да нәзік, сезімтал,
еркін және жан - жақты жетілген тұлға
тәрбиелеу. Осы тұрғыда өз педагогикалық
шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында
Тараз қалалық Педагогикалық шеберлік
орталығында Қазақстан Республикасы
педагог қызметкерлерінің екінші
(негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша
біліктілігін арттыру курсын аяқтадым.
Бұл курсты бітіргеннен соң, әріптестеріммен
бөлісу үшін әр түрлі тақырыпта коучингтер
өткіздім. Сондай-ақ бірнеше мұғаліммен
тәлімгерлік жүргізудемін. ХХ ғасырдың
басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру
бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,-
демекші жаңа технологияларды сабақтарыма
кіріктіре отырып, жас буынға саналы
тәрбие мен сапалы білім беру ісіне бар
ынтамды салып келе жатырмын. Озық іс-
тәжірибелеріме тоқталсам, облыстық
онлаин семинарда «Критериалды
бағалау-сапалы білім негізі» тақырыбында
коучинг, қазақ әдебиетінен «Сұраншы
батыр» тақырыбында 10-сыныппен аудандық
семинар сабақ өткіздім. Ең басты
жетістігім осы жылы «Өлеңге әркімнің-ақ
бар таласы...» тақырыбында авторлық
бағдарламамды қорғап шығып, әріптестеріме
тараттым.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлеледі шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Соңғы жылдарда өзім және шәкірттерім біраз жетістіктерге жеттік. Аудандық,» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдер олимпиадасында ІІ орын, «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты байқаудың «Кәсібінің үздігі» номинациясы бойынша аудандық, облыстық турдан бас жүлдеге ие болып, Астана қаласында Республикалық кезеңге қатысып, бағалы сыйлықты иелендім. Тамыз кеңесінде «Оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбындағы баяндама үшін Мадақтама және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым. «Бейбітшілік әлемі» Қазақ Халық Творчестволық Бірлестігінен Алғыс хат, ТИГУ-дің жанындағы Ж. Баласағұн атындағы әдеби бірлестіктің іс-шараларын қолдап-қуаттағаны үшін Сертификат, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай аудандық білім бөлімінен Мадақтама, «Тalimger Org» сайтына сабақ жариялағаным үшін Құрмет грамотасы мен Алғыс хат, «NIOkz» сайтының интернет олимпиадасына қатысып І дәрежелі дипломды иелендім. Сондай-ақ аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде бірнеше тақырыптағы мақалаларым, Облыстық «Озық сабақ» журналында «Әл-Фараби» тақырыбындағы сабағым мен «Талантты және дарынды балаларды анықтау жолдары» тақырыбындағы коучингім, «Білім шырағы» газетінде «Ұстаздық ету –бақытым бұл», «Тек өздеріңіз...» атты өлеңдерім, Республикалық «Тіл» ақпараттық- сараптамалық журналында «Шәкірт ықыласына бөленген ұстаз мерейі үстем» тақырыбындағы мақалаларым басылып шықты. Ал енді оқушыларымның жетістігіне тоқталсам, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші мен көбінесе шәкірттерімнің бойындағы ерекше қасиет ақындық, жазушылық т.б дарындарын шыңдауға барынша назар аударамын. Осының арқасында екі оқушымның бойындағы ақындық қабілетін анықтап, өлең жазудың қыр-сырын үйреттім. Қазіргі таңда бұл шәкірттерім түлек болып кетсе де мектебіміздің мақтаныштары ретінде аттары қалды. Олар кезінде аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері атанды. Атап айтсам, Елеміс Меліс аудандық Махамбет оқуларында екі жыл қатарынан бас жүлде, Абай оқуларында ІІ орын иеленсе, Облыстық Махамбет оқуларынан ІІІ дәрежелі дипломды қанжығасына байлады. Аудандық Мұқағали оқуларында жүлделі ІІ орынды алса, Абай оқуларында бас жүлде, ал Облыстық Абай оқуларында ІІ дәрежелі дипломға қол жеткізді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Астананың туған күніне орай, «Тіл» республикалық ақпараттық-сараптамалық журналының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала» халықаралық дарынды балалар байқауына қатысып, «Тіл журналының көзайымы» дипломымен марапатталды. Абай Назерке атты оқушым «Бейбітшілік әлемі» Қазақ Халық Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған ғылыми-теориялық конференциясында «Ауылымнан шыққан министр қыз» (Б. Бөлтірікова) атты ғылыми жобасымен І дәрежелі дипломға ие болса, аудандық ғылыми жобалар байқауында ІІІ жүлделі орынды иеленді. Қосболова Айдана аудандық Мұқағали оқулары - байқауында ІІІ орынға, аудандық БЖШО ұйымдастырған «Жас қаламгерлер байқауында І орын, аудандық Абай оқуларының эссе жазу номинациясында да жүлделі І орынға ие болды. Сондай-ақ бұлоқушыларымның өлең, шығармалары аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде бірнеше рет, облыстық «Жас дарын», республикалық «Ақ желкен» журналында жарияланды. 2016 жылы наурыз айында Тараз қаласындағы ТИГУ баспасынан Елеміс Мелістің «Өлең деген қазынам бар», Қосболова Айдананың «Қыз арманы» атты өлең кітаптары жарыққа шықты. Оған дәлел бұл оқушыларым сол ТИГУ-дің жанынан ашылған Ж. Баласағұн атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі және сол бірлестіктің іс-шараларын қолдап-қуаттағаны үшін Дипломмен марапатталды. Оған қабылдаған бірлестік жетекшісі ғалым, жазушы, журналист, ақын Қазақстан Журналистер одағының мүшесі М. Әбілов.Тағы бір шығармашылыққа бейім оқушымның бірі Алижанова Кенжегүл әңгіме, ертегі, эссе жазғанды ұнатады.Қазіргі кезде оннан аса шағын әңгіме-ертегілері бар. Болашақта бұл шәкіртім де өзінің кітабын шығаруға ниеттеніп отыр. Осы оқушым қазақ тілі мен әдебиетінен өткен аудандық пән олимпиадасына қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Қарыбаев Нұрсұлтан «Айбынды Алашым тәуелсіздігімнің тірегі» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауында ІІ орын, «Мерейлі Тәуелсіздік мерекесі» атты шығармалар байқауында оқушым Жұмабаева Күмісай да жүлделі І орынға ие болды. Алижанова Кенжегүл, Төреханова Зульфия, Жұмабаева Күмісай атты оқушыларым қазақ тілінен «NIO kz» сайтының ұлттық интернет олимпиадасына қатысып ІІІ дәрежелі дипломға қол жеткізді.
Қорытындылай келе, бұл жетістіктер – он бес жылғы еңбек өтілімдегі басты қадамдар деп санаймын. Әлі алда алар талай асулар мен шыңдар бар. Сол шың мен белестерді бағындыру үшін өзімде бар білімімім мен тәжірибемді аянбай төгіп, еліміздің бұдан әрі көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға әзірмін.
Ана тілдің жанашыры мен едім
Елім деп менің мәңгі соғар жүрегім.
Қазақ тілім - таза, тұнық болса екен
Міне, осындай жалғыз менің тілегім.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген