Материалдар / эссе "Менің кәсіби ұстанымым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

эссе "Менің кәсіби ұстанымым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өз мамандығымды мақтан етемін! Менің мақсатым-қоғамдағы әр адамның, әр оқушының өмірдегі өз орнын табуға көмектесу. Мен бұл машақаты мен шапағаты мол самандықты өзімнің өмірімнің бір бөлшегі етіп алдым. Бұл жолдың үлкен төзім мен зор күш –жігерді қажет етері сөзсіз. Тұңғыш Елбасымыздың сөзінше мен еліміздің жеке тұлғасы ретінде қандай іс тындыра алдым? Менің педагог-психолог болудағы мақсатым,ниетім қандай? Бұл сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Әрі мақсатым анық.Өз мақсатыма жету барысында талмай еңбек етудемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2022
676
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы,

Өндіріс ауылы

«Өндіріс орта мектебі» КММ

Педагог-психолог

Касымжанова Марал Толегеновна


«Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отаны-мыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол».

Н.Ә.Назарбаев.

Эссе «Менің кәсіби ұстанымым»

Мен өз мамандығымды мақтан етемін! Менің мақсатым-қоғамдағы әр адамның, әр оқушының өмірдегі өз орнын табуға көмектесу. Мен бұл машақаты мен шапағаты мол самандықты өзімнің өмірімнің бір бөлшегі етіп алдым. Бұл жолдың үлкен төзім мен зор күш –жігерді қажет етері сөзсіз. Тұңғыш Елбасымыздың сөзінше мен еліміздің жеке тұлғасы ретінде қандай іс тындыра алдым? Менің педагог-психолог болудағы мақсатым,ниетім қандай? Бұл сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Әрі мақсатым анық.Өз мақсатыма жету барысында талмай еңбек етудемін.

Қоғамдағы дағдарыс жағдайлар,білім беру жүйесін қайта құрулар, жеке тұлғалардың соның ішінде балалардың бойындағы өзгерістер,жиналған күйзелістері – осының барлығы педагог-психологтың жұмысын күрделіндіреді, ал, мектепте қажеттілігін арттырады.Бұл қызмет диагностика, кеңес беру,кәсіби бағдар беру, алдын-алу бағытында және т.б.т мектеп жұмысы жағдайында туындаған мәселелерді шешуге бағытталады. Сондай -ақ педагог-психолог жұмысының мазмұны мен нысаны. Оның қызметі, құқығы мен міндеттері айқындалған.Оқушы өмірінің барлық өтпелі кезеңдеріндепсихологиялық қызметтің ерекше назары мен бақылауы басшылыққа алынатыны сөзсіз. Себебі өмірдің өзі оқушының өз тарапынан қиын жағдайларда ізденіс пен таңдаужасауына бастамшылық танытуын талап етеді.Кәсіби құзыретті психолог маманы оқушының зияткерлік және өзге де қабілеттерін ашады. Педагог-психолог оқушының жеке тұлғалық дамуына қолдау жасаумен айналысады. Педагог мамандармен бірлесе отыра, тәрбиелеу мен білім беруде қиындық тудыратын сыныптардың, қиын отбасылардан шыққан балалардың басындағы мәселелерді шешуге көмектесе отырып,отбасы мен мектеп арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартады. Сонымен қатар, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде туындайтын жас ерекшелігі мен жеке ерекшеліктеріне байланысты психологиялық мәселелер бойынша мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беруді жүзеге асырады.Мен, Касымжанова Марал Толегеновна жоғарыда айтылған бағыттарды кәсіби ұстанымым деп санап, 2003 жылы педагогика-психология мамандығын таңдап,осы мамандықты 2008 жылы тамамдап,қолыма бакалаврлық дипломды алып, өз еңбек жолымды Өндіріс орта мектебінденде бастадым.Қазіргі таңда еңбек өтілім 12 жыл. Қызмет барысында педагог-психолог ретінде мен кәсіби деңгейімді әр түрлі курстарда,олимпиядаларға қатысып , түрлі әдіс-тәсілдерді көріп,оқып,жетілдіріп, өз мектебімде ұйымдастырылған семинар-тренингтерде пайдаланып, өз тәжірибемде практика жүзінде қолданудамын.

Менің кәсіби ұстаным бағыттарының ішінде балалармен түзету-дамыту жұмыстарын және ата- аналармен мен педагогтерге кеңес беру негізі деп санаймын. Балаларға психологиялық ыңғайлы ахуал қалыптастыруда ересектердің атқаратын үлесі зор. Сондықтан, білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына да психолог маманның беретін кеңесі маңызды болып табылады: алдын-алу жұмыстары, сындарлы өзара қарым-қатынас дағдыларын үйрету, «күрделі» мәселелерінің шешімін табуға көмек беру, танымдық белсенділікті түзету мен дамыту және тағы басқа жұмыстар жүргізіледі.

Мен педагогтың, білім алышының оның ата-анасының психикалық денсаулығын нығайтуды кәсіби ұстанымның негізі деп санай келе,өз кәсіби деңгейімді шыңдауда «Бірыңғай ұлттық тестілеу кезіндегі түлектердің психологиялық жетілдіру, түзету іс-шаралар бағдарламасы» оқушылардың ҰБТ-ге дайындалу,тапсыру және оқу орындарына түсу кезеңдерінде қандай да бір психологиялық-моральдықкедергісіз сәтті болуы осы бағдарлама аясында өткізілген тренингтердің үлесі деп білемін. Әсіресе, бізді педагогикалық ұжымды қуантатына, түлектеріміздің өмірде өз орындарын тауып жатқаны. Еңбек жолымды дамыту барысында «Балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде қалыптастыру психологиясы»атты психолог мамандарға арналған әдістемелік көмекші құралым кітапшасы жарық көрді. Мектеп табалдырығынан қадам басқан оқушыларымыздың бейімделуіне арналған « Бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімдік деңгейін анықтау» психологиялық бағдарламамды жылдар бойы нәтижелі жүзеге асырып келемін.

Бүгінгі өмірлік мәселер балалардың, тіпті ,кез-келген адамның психолог маманға сауықтыратын тренингтерге қатысуын талап етуде. Қазіргі кезде мектептерде психолог мамандардың әлеуеті артып келеді. Әрі сырлас досы бола білген психолог -мектептің жанашыры бола алады. Мен де өз ісімде әр баланың жүрегіне жол табуға тырысамын.

Жаңа заманның психологы , талапқа сай болып,сапалы, туындаған қиындықты алдын-ала анықтай алатын, әрі тәрбиелік-білімдік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана психолог өз мақсатына жетеді деп білемін. Жаңа заманға лайық болып, ізденіп, жұмыс жасаған педагог-психологтың бейнесі жарқын,болашағы зор болумен қатар, құзыреттілігі арта түспек. Менің алға қойған мақсатым тәрбиелеу мен білім беруде қиындық тудыратын сыныптардың, жасөспірімдердің, қиын отбасынан шыққан балалардың басындағы мәселелерді шешуге көмектесе отырып, отбасы мен мектеп арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартту. Баланың психикалық денсаулығын сауықтыру болып табылады. Осы орайда елім үшін, халқым үшін , балаларымыздың болашағы үшін, бақытты балалық шағы үшін еңбек етуге даярмын.

Жүсіпбек Аймауытовтың «Қарапайым адамға жұмбақ болып көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады... Психология- терең ойдың білімі, құрғақ пәлсапа, бос сөз екен деп ойламаңыздар» деген сөзімен қорытындылағым келеді.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!