Материалдар / Эссе "Менің мамандығым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе "Менің мамандығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал музыка пәнінің мұғалімдеріне арнаған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2018
496
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе «Менің мамандығым»«Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. К.Д.УшинскийӨмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан - жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш - жігерін, парасат - қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан - дүниесін танып - білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білімалған, оқушылардың бойында әсемдікке, көркемдікке деген нәзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.Мұғалім беделі, ең алдымен оның өз жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты. Қазіргі кезде музыка пәнінің мұғалімі оқушылармен жұмыс жасау барысында танымал отандық және шетелдік педагогтардың ұсынған музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға өз үлесін қосып жүр. Музыкант мұғалім жұмысының жетістігі көбіне балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Оқушымен жүргізілетін әр түрлі ара-қатынас тек айтылған сөзде, мимика мен қозғалыста ғана көрініс тауып қоймайды. Ол жұмыс істеу барсында яғни музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы әрбір шәкірттің музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, ішкі рухани байлығының ірге тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау болып табылады. «Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе», — деп ұлы педагог В.В.Сухомлинский тәрбие саласында музыканың алатын орнын ерекше бағалап, өз пікірін осылай айтып кеткен. Сондықтан да мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады.Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі — ұлттық дәстүрлі музыка. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болып отыр. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі және кез келген дәстүрлі музыкалық шығарманың мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры, шығу тарихы туралы ұғынуы қажет. Мектептегі  барлық оқу және сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді. Осыған лайықты болу менің алдыма қойған мақсатым. Ақтөбе қаласы, №34 ОМ музыка пәні мұғалімі: Г.М.Баймуханов

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!