Эссе
«Менің мамандығым – менің әлемім»
Әр
адам дүниеге келген күннен бастап жеке
адам, жеке тұлға деген атқа ие болады.
Уақыт өте келе арман әлеміне қанат
бітіріп, оны жүзеге асыру үшін мақсатқа
айналдырып әрекет етеді. Өмірінің мәні
ретінде мамандық таңдаудан қателеспеуге
атсалысатыны белгілі.
"Мамандық"
сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт
алдында сөйлеу, жариялау" дегенге
саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың
қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам
барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын.
Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп
бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң
аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса,
әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді
жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп,
бала тәрбиелеген. Заман өзгерген
сайын, адам да жетіліп, нарықтық
қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып,
дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше,
түрлі мамандықтар келді.
Кез
келген еңбек мамандық емес. Еңбектің
мамандық деп аталуының өзіндік шарттары
бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім
алып, қолыңызға сол саланың дипломын,
куәлігін, аттестаты не сертификатын
алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге
ақының төлені қажеттілігі. Өз ісінің
нағыз маманы атану екінің бірінің
еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен
мамандығыңызға деген махаббат керек.
Мамандыққа деген махаббат пен карьерист
болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе.
Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже
бермек. Екінші сөзбен айтқанда,
мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге
айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа
ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан
ләззат алады.
Мен
өзім - арман әлеміне ерекше қанат
бітірдім. Бала күннен сурет, киімдер,
әсем үйлердің сызбаларын салуды ерекше
жақсы көретінмін. Сурет әлемі бірітіндеп
мені «дизайн» деген салаға қызығушылық
танытқызды. Дизайн саласы арманыма
қанат бітіріп, уақыт өте келе мақсатыма
айналды. Әрине, ол үшін талантпен қоса,
терең білім де қажет еді. Дизайн туралы
зерттеу, бірнеше дизайнерлердің сұхбатын
оқу арқылы, мені дүниеге бергісіз
әдебиет әлеміне әкелді. Әрине, әдеби
шығармалар да менің жаным сүйетін
хоббиім болды, түрлі кітаптарды оқу
арқылы, білмегенімді білуге тырыстым.
Дәл сол әдебиет әлемі мені жазушы болуға,
уақыт жылжи келе журналистика саласына
зор қызығушылығымды оятты. Журналист
боламын деп арман қуып, оған жетуге
талпындым. Айналамдағы түрлі адамдардан
сұхбат алып, жақсы сөздерін, өнегелі
әңгімелерін тыңдап, соны орындауға
тырысатынмын.
Алада,
кейде армандардың барлығы орындала
бермейтіні ақиқат екен. Арман қуып,
журналист боламын деген арман мен
11-сыныпты тәмамдаған соң, өзімнен алыстай
бастады. Журналист болу «Ұлы арманым»
болып қала берді. Арман әлемім, мені дәл
осылай алдады. Арманымның, жоспарымның
бір бөлігі осылайша әлемімнен уақытша,
бәлкім мәңгілікке аяқталды. Бала күнен
анам маған: мейірімді болуды, адамгершілік
деген қағидадан аттамауды, біреуге
берген уәдеге берік болып, оны ешкімге
айтпауымды үнемі құлағыма құйып отыратын.
Бәлкім анам менің, осы қасиеттерді басты
орынға қоятын мамандықты таңдайтынымды
білсе керек?!
Арман
әлемім бірітіндеп қанат жайып, мені
«Әлеуметтік жұмыс» деген саланы таңдауыма
себеп болды. Нақты түсінікті болу үшін
толығырақ баяндайын:оқып жатырмын,
болашақта мен бұл саланың жоғарғысын
оқып, жақсы маман боламын деп ойлаймын.
Мен осы жүрегімнің қалауымен таңдаған
мамандығым туралы айтар болсам, сіз де
бұл салаға қызығушылық танытарыңыз
анық.
Кәрілік
жеңіп, «базардан қайтып келе жатқан»
әке-шешені далаға тастамай, керісінше,
балаларының бірі бағып, күтіп отыратын
қазақ үшін бұл қызметтің бастапқыда
таңсық болатын реті бар еді. Алайда,
елімізде әлеуметтік қызметкерлердің
көмегіне мыңдаған мүгедектер, зейнеткерлер,
жалғызілікті қарттар мен жетім балалар
зәру.
Әлеуметтік
қызметкер – жалғызілікті қарттар мен
мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет
көрсететін маман. Бұл маман иесі – тыл
еңбекшілері мен жалғызілікті зейнеткерлерге
қамқорлық жасайды. Оның көмегін ондаған
қарт қажет етеді. Әлеуметтік қызметкер
тек үй тіршілігіне ғана емес, сонымен
қоса, ол өзінің қамқорлығындағы үлкен
кісілерге моральдық-психологиялық
көмек көрсетеді.
Әлеуметтік
жұмыс жөніндегі маман таңның атысы,
кештің батысы бір тыным көрмейді.
Қамқорлығындағы әр адамға аптасына екі
рет соғады. Бір күнде төрт адамға барып
үлгеруі тиіс әлеуметтік маман, әр үйде
бір жарым-екі сағаттай болып, әлеуметтік
қызмет көрсететін, жауапкершілік пен
шыдамдылықты қажет ететін маман.
Кез
келген адам бірден кәсіби маман болып
кете алмайды. Ол оның қызметі барысында
дамып, оның бойына сіңіріледі. Мен
мамандығым осы саласымен, ауыры мен
жеңілі қатар жүретін ретімен қызықты
деп ойлаймын. Адам өмірі ешкімді бей-жай
қалдырмайтыны анық. Ал, әлеуметтік
қызметкер адам өмірі үшін бәрінен артық,
тіпті дәрігерлер мен ел тыныштығы үшін
күресетін полициялармен тең дәрежеде
күресетінін, олардан да артығырақ жұмыс
жасайтыны көзге көрінбесе де, сол адам
үшін бар жанын салып жұмысын тыңғылықты
орындайды.
Қорытындылай
келе, мен бұл эссені зерттеп жазу
барысында, бұл мамандықтың жауапкершілігін
бұрынғыдан да терең түсіне бастадым.
Бұл салаға болашақта аз да болса, өз
үлесімді қосып, көпті көрген, көненің
көзі – қариялардың алғысын аламын деп
ойлаймын. Алдыма келген клиентке
мамандығым ретінде және адамгершілік
қасиетім ретінде, дұрыс жол көрсетуге
тырысамын. Әрдайым өз мамандығыма, өз
кәсібіме адал болып, бүгінде маған
талапшыл, уақыттың қадірін жете
түсіндіретін, өз мамандығының шебері,
жетекшім сияқты маман болуға атсалысамын.
Бір арманнан бір арманға қанат бітіріп,
бұл мамандығымда ең биігіне жетемін
деп сенемін.