400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе. Менің педагогикалық философиям

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Балалармен жұмыс жасай білуге ұстаздарға көп көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.  Математика пәнінің мұғалімі болып қызмет істеу мен үшін әрине ерлік.

Ұстаз балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.  Сонымен бірге, тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын адам болуы керек.
Сондықтанда да тәрбиеші бір балаға емес,әр баланың жүрек түбінен орын алуы тиіс. Сонда ғана бала ұстаз мейрімін бойына сіңіреді. Егеменді еліміздің ертеңгі тәрбие,оқу-біліммен өлшенеді.Ол үшін жан-жақты ізденіс шығармашылдықпен жұмыс істеу біздерден қатаң талап етіледі.
      Мен осы мектепте екінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп, есте қалғаны – менің осындағы балалармен  бірінші кездесуіміз.

Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар.Ұстаз жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді.

Сынып өте ұйымшыл болды.Олар маған өз балаларымдай болды.Оларға әке де, шеше де болдым десем артық айтпаған болармын. Оқушылар өте ұйымшыл. Ата-аналармен үнемі байланыста болып тұрамын. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз!  Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

      Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Ұстаз күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.  Мен әр баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

      «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбыларынан» – деп ұлы Абай айтқан. Әрине, баланы заман талабына сайтәрбиелеген дұрыс, бірақ ең бастысы – адамгершілік,инабаттылық тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз дұрыс.

       Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Көп педагогтардан үлгі-өнеге алдым. Осы кісілерден алған ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу. Әр таңда өз шәкірттеріммен кездесуді асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын.     

Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.


Б.Ермекбаевич







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
542
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі