400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Менің педагогикалық философиям"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің педагогикалық философиям" атты эссе жұмысымда өзімнің көзқарасымды білдіруге тырыстым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Менің педагогикалық философиям»

Химия пәнінің мұғалімі: Разахова Салтанат Ерсайынқызы

«Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана

адамның жүрегінен орын алады»

Әбу Насыр әл- Фараби


Ұстаз қоғамда ерекше орынды алады. Оған дәлеле Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең санампаз бөлігі болып табылады» - деп атап көрсеткен болатын. «2030 жобасын» басшылыққа алған біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесіне көшу арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Білім беру жүйесінде педагог құзырлы тұлға болуда. Қазіргі таңда мектепке өкімет тарапынан үлкен талап қоюда.

Ұстаздың білімділік, абырой-беделінің айнасы – шәкірті, - деген халық сөзі тегін емес.

Әлемнің талай ойшылдары, ғұламалар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған болатын. Сондықтан, ұстаздың негізгі мақсаты өз шәкіртінен саналы да білімді, парасатты, жан-жақты қазіргі өмір талабына сай сегіз қырлы, бір сырлы, саналы азамат тәрбиелеу.

Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін: «Ұстаз – шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күн бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоршысы», - деп үлкен баға берген еді.

Мұғалім бала жүрегін мейіріммен, адамгершілігімен, рухани жан дүниесімен жаулай арқылы дүниетанымын байытуға ат салысатыны белгілі.

Ұстаз өз мамандығының майталманы, терең білімді, айқын мақсат жолында ізденіске бала жүрегіне жол табар – қыл көпір емес пе?

Қазақтың жарық жұлдызы, ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Білімділікке жеткізер баспалдақ, ол біліктілік, сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп ерекше айтқан еді. Жаңа ғасырдың мұғалімі ізденіс үстінде қызмет жасай отырып, шәкіртке өнегелі тәрбие мен білімнің қайнар көзімен сусындататын жан екенін ұмытпаған жөн.

Әрбір жаңа ой, өткен өмірде қолданылып келе жатқан жаңалықтан бастау алары сөзсіз. Ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» - деген сөзі қазіргі кезге сайма сай келіп тұр.

Өзім химия пәнінің мұғалімі ретінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда нәтижеге жетелейтін сан түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланамын. Ең алдымен, ұстаз өз ұлтының жанашыры емес пе? Өз халқын, ұлтын сүюі арқылы ол жеткіншек бойына ұлтжандылықты, елге, тілге, тарихқа деген құрметін дарытады.

Екінші, дәріске дайындалу сәтінде әуелі нені өттім, нені айтамын, қалай сұраймын деген ой туындалырына жауап беретін қозғалыстар орын алуы керек деп ойлаймын.

Сабақтың қызықты болуы өзіңнің жоспарыңа байланысты. Жаңа сабақты бастамас бұрын, сол тақырыпқа қажеттілік туғызу керек. Сондықтан оқушылар: «Бүгін сабақ қалай болар екен?» - деп отыруы мүмкін. Қызықты дәріс оқушының пәнге деген қызығушылығын көтеріп қана қоймай танымын жоғарылатады. Сабақты ұйымдастыру кезінде жаймашуақ климатты орнату қажет және орынды басталуын талап етемін. Осындай мақсатта ұйымдастырылған дәріс нәтижесін берері сөзсіз.

Үшінші, тәжірибелі педагог озық тәсілдерді сабағында көп қолдану қажет. Сабақтың тартымды өтуі, тиімді әдіс - тәсілдерді дұрыс мақсатта қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етуде.

Оқушы танымының көтерілуі, шығармашылыққа белсенділігі психологиялық тұрғыдан жеке басының ерекшелігіне байланысты болады. Тәуелсіз елдің түлектерін жан-жақты дамыған, парасатты адам етіп тәрбиелеу, таңдауы бойынша қажетті мамандық беру парызымыз болмақ.

Әр оқушы болашақ маман иесі екенін ұмытпаған жөн, олардың жеке өз пікірін айта алу дағыларын қалыптастыру басты мақсат.

Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан 2030» жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденді, балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» - деген сенімі жай айтылмағаны мәәлім.

Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңғыртылып, жаңа мазмұнда берілуде. Еліміздің болашағы біздің түлектеріміз, біздің өркениетті елге қосылуымыз бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрініс табады. Осыдан қазіргі кезде жас ұрпақты ғылымға негіздеу және оған мақсатты білім беру көзделген нысана болып тұр. Педагогтың философиясы өз мамандығына дұрыс көзқараспен қарап, ниетті дұрыс уәжделген білім мазмұнынын ұрпақ бойына қалыптастыру деген ойдамын. Осыны қорыты келе, менің педагогикалық философиям, яғни ұстаздық ұстанымым - мақсатты көзделген нәтижелі білім беру мен қатар адамгершілік қасиетін бойына сіңірген саналы тұлға тәрбиелеу болып табылады. Алдағы айтылғандардың барлығы мұғалім көзқарасымен жазылған ой түйіні. Алдағы кезде жаңа табыспен басар баспалдақтар баршылық демекпін

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.11.2019
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі