400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Менің педагогикалық іс тәжірибем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзімнің іс-тәжірбием туралы ой бөлісі
Материалдың қысқаша нұсқасы






Жапарова Луиза - бастауыш сынып мұғалімі

Қарабұтақ орта мектебі

«Менің педагогикалық іс тәжірибем»

«эссе»


Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – көңілдің ақындығы,

Ұстаз болу – өмірдің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.



Мұғалім оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педогогикалық қызметтің, іс-әрекетінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Бастауыш білім беру үздіксіз білім беруді алғашқы сатысы. Міні осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгерумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушыларды шығармашылық бағытта жан- жақты тәрбиелеу қажет.


Осы орайда мен өзімнің іс-тәжірибемнің негізгі мәселесі етіп, бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып,сөз байлығын арттыруды қолға алдым. Оның басты себебі ақпараттық технология кең етек алып, космостық жылдамдықпен даму заманында оқушылардың тіл байлығының төмендеп, сабаққа зейіні азайып, қызығушылығы төмендеп,жаттанды білім алуына жол бермеу қажеттілігінен туып отыр.

М. Қашқари « Бастамастан бұрын мақсатында ойла» демекші менің шығармашылық жұмысының мақсаты :

Оқушылардың ой- қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, сауатты оқу мен жазуға төселдіруге баулу.

Міндетім:

-Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу

-Әрбір оқушының жеке- дара ерекшелігін ескеру

-Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын қалыптастыру

-Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту

-Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне, ол тапсырманың түсінікті болуын қадағалау.

Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек. Сондықтан бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет.

Тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылығы дамытатын тапсырмалар( ды)


Жазбаша тапсырмалар Ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім.

Жазбаша тапсырмалар ( кезінде)

-Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары)

-шығарма, диктант ,мазмұндама,, өлең құрастыру.

-Жазбаша грамматикалық тапсырмалар.

-Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Ауызша тапсырмалар (да)

-Тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру

-Ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру

- , жұмбақтар құрастыру

-жаңылтпаш, мақал- мәтел, өтірік өлең

Жазбаша тапрсырмаларды орындау кезінде оқушылар нені үйренеді?

-Сөздердің жазылу заңдылықтарын үйренеді;

-Емлесі қиын әріптер мен графикалық дыбыстардың ұқсастықтары бар әріптердің айырмашылықтарын таниды;

-Қатесіз, көркем жазуға дағдыланады;

Ауызша орындалатын тапсырмалар барысында оқушылар нен үйренеді?

-Логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттері дамиды;

-Тіл байлығы дамып, өз ойын ауызша жеткізе білуге үйренеді;

Оқушылардың тілін дамыту жұмысы баланың ақыл ойын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталады. Сондықтан өзімнің кейбір жұмыстарыма тоқтала кетейін. Сабақ барысында мынандай түрдегі сөзжұмбақтар, ребус шешуді, 1-сынып кезінде сызба арқылы әріптерді пайдаланып сөз құра, буындардан сөз құра,тірек сөздер арқылы мәтін құрастыртамын., Мысалы: Тақырып:Үзінді бойынша ертегінің атын табу әңгімелету «

-Халім нашар .Неге жақынырақ келмейсің, берірек кел Түлкіжан,-біразырақ сөйлесейік,-деді арыстан.

Қай ертегіден алынған үзінді, қалай аталады. Түлкі мен арыстанға сипаттама бер-деп сұрақ қою арқылы ойын айтады. .

Мен қайда бардым не көрдім,-сұрақ қоямын. Мұғалім, Қайда бардым ,не көрдім.


Мұғалім:

«Қайда бардым, не көрдім»,

Деген ойын бастайық

Зерек болса егер кім

Бәйгені алсын қасқайып

Бардың дейін орманға

Не бар екен ол маңда

Көргеніңді баянда

Балалар: ағаш, гүл, шөп, құс, аң т.б.

Мұғалім:

Жазда барып өзеннен

Жағасына бөгелдім

Кім айтады канекей

Ол жерден мен не көрдім?

Балалар: су, кұм, көбелек

Сөйтіп ойын жалғасады.


Оқытудағы тиімді тәсілдердің бірі- тірек сызбалары.. Ол оқушының логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығының дамуына, іс- жүзінде қолданып, мәтіннің негізгі түйінді мәселелер бойынша жасалатын « Нені міндетті түрде білу керек?» - деген көмек нұсқау көрнекілігі болып табылады. Мысалы: 2-сыныпта Ғафу Қайырбековтың « Алғашқы қоңырау» өлеңін өткен «ұстаз кім» деген сұраққа балалар мынандай сызба шығарды.



Shape1 Ана қамқоршы

аShape3 Shape2

ұстаз

қылшы

Shape5 Shape4 Ұстаз білім сыйлаушы

Shape6 Shape7

Дос


Мейірімді жан



Оқушылардың ой шапшаңдығын , тіл байлығын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың бірі- өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлерін қолданамын. Алдыңғы сызбаны басшылыққа ала отырып, менің жасырын, асырын, ұстазым, ұқсағым деп берген өлең жолдарына балалар мынадай ұйқас құрады.

Кемшілікті жасырып,

Жақсылықты асырып.

Білім берген ұстазым.

Келеді сізге ұқсағым. Немесе

Тентектігімді жасырып,

Білгенімді асырып.

Ақылшым менің ұстазым.

Келеді сізге ұқсағым-деп өлең құрастырды.

Қалмақан Әбдіқадыровтың « Алып бала» мәтінін өте кезде мынадай венн- диограмасын, палуан деген сөзге қалай түсінесің дер деген кезде мынадай сызба шығарды .Ал осы сызба мен венн- диограмасының берер нәтижесі мынадай . ең бастысы баланың тіл байлығын, сөздік қорын дамытады.






Қорыта айтқанда, сөздік қорын байыту, тілін дамыту, жаңадан үйренген сөздерді тұрақты қолданысқа түсіру, сөйтіп сөздік қордың мазмұны жағынан байытып, белсенділігі артуы өз бетіндік жұмыстың мазмұнына қатысты.








































Қарабұтақ орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жапарова Луиза Достанқызының


Педагогикалық шығармашылық есебім


Мен Жапарова Луиза Достанқызы 1992 жылдан осы жыл аралығында Қарабұтақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Осы уақыт аралығында 4 сыныпты бітіртіп, 1 сыныпты қабылдадым.Соңғы 2009-2014 оқу жылдары аралығындағы жасаған жұмысыммен оқу-тәрбие саласында жүргізген ашық тәрбие сағаттарыма және кәсіби жетістігіме және іс-тәжірбиенің таратылуына, жіберген сыныптарымның сапа үлгеріміне тоқталып өтемін.Курстан өткен кездерім:

Тақырыбы: «Бастауыш білім беру жүйесінде интерактивті технологияларды қолдану негізінде білім сапасың арттыру»-2009 ж. Ақтөбе облыстық кадрлар білітілігін арттыру және қайта даярлау институты». «Мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудағы медиа ортаның функционалдық мүмкіндіктері-2014 ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

Кәсіби жетістіктерім:

2014 жыл-«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастырған «Бастауыш класс мұғалімдеріне арналған облыстық педогогикалық олимпиадада қазіргі білім үрдісіндегі педагогикалық шеберлігін және кәсіби әдістемелік біліктілігін көрсеткені үшін «Диплом» ІІІ дәрежелі марапатталды. 2013.05.10-төл мерекеге құттықтау, «АЛҒЫС ХАТ».

2013.24.05-«Оқу-тәрбие жұмысындағы жетістігі үшін», «АЛҒЫС ХАТ». 2012.06.10-төл мерекеге құттықтау, «МАДАҚТАМА». 2009.29.08-облыс әкімінің грант иегері, «ЕҢ ҮЗДІК КЛАСС ЖЕТЕКШІСІ». Қашықтық олимпиадасы мұғалімдерге Дүниетану пәні бойынша-2012ж; бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасы-2014ж.

Осы аралықта өз іс-тәжірибемді өзге әріптестерімен бөлісу үшін семинар – конференцияларға қатыстым:

«Шығармашылыққа жетелеу жолы-шеберлікте»-2013 ж. Ақтөбе қаласы ;

«Педагог кадрларды және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары»-2013 ж, Ақтөбе қаласы ; «Бастауыш кластарда мұғалімдердің шеберлігін жетілдіруге Актының тиімділігі»-2014 ж, Ақтөбе қаласы, №42 орта мектеп. «Жаңашылдық пен шығармашылыққа бағытталған оқу үрдісі»-2014 ж, Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебі.

Осы жылдардағы оқушыларымның жетістіктеріне тоқталып кетейін:

2009 жылы -- 4 класс оқушысы Мусаева «Ақботадан ІІІ-орын. 2009 жылы – МАБ 83%. 2012 жылы – 4 класс оқушысы Жалғасбаева Жаңагүл. – «Аудандық шағын олимпиада. 2012 жыл – Ізбазар Әсем – Аудандық шағын олимпиада 2013 жыл «Адам және табиғат» республикалық интелектуалдық ойынға қатысқандар – Оразова Аружан, Жалғасбаева Жаңагүл, Келдібай Дәурен, Сұлтанқызы Раушан, Ізбасар Әсем және Нысаналин Елдос.

Оқушылардың үлгерім диаграммасы:

2009-2010 оқу жылының жылдық есебі бойынша 1-класс – 16 оқушы – 69%.

2010-2011 оқу жылының жылдық есебі бойынша 2-класс-16 оқушы –63%

2011-2012 оқу жылының жылдық есебі бойынша 3-класс-20 оқушы – 59%

2012-2013 оқу жылының жылдық есебі бойынша 4-класс – 20 оқушы—60%

2013-2014 оқу жылының жылдық есебі бойынша 1-класс -14 оқушы – 73%

Өткізілген ашық сабақтар және тәрбие сағаттар:

«Батыр Бауыржан» ана тілі, «көмектес септік» қазақ тілі, «Жетіге көбейту мен бөлу» математика, «Өтілген дыбыстарды қайталау» сауат ашу, «Тілашар» ертеңгілік, «Егемен елім ер жетті» жарыс сабақ, «Денсаулық-зор байлық» пікірталас, «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» әдеби кеш, «Қош бастауыш» қоштасу ертеңгілігі, «Әліппемен қоштасу» ертеңгілік, «Озық ойлы оқушы» сайыс сабақ, т. Б. Сабақтары өтіліп жылдың аяғында «Оқу-тәрбие жұмысындағы жетістігі үшін» мадақтамаларымен марапатталды.

Сабақтарым басылымдарға шықты:

Облыстық «Ұстаз» газетінің 28 маусым 2009 жылғы №15-16 санының 4-бет «Сүйікті аяулы ұстазым» тақырыбындағы тәрбие сағаты. Облыстық Ақтөбе ұстаз 6 қараша 2013 «Ару қыздар» тақырыбында тәбие сағаты. Жаңалық жаршысы 2014 20 ақпан «Құлақтан кіріп бойды алған...-мақала».

Сапалы білім беру және тәрбие- қазақстаның мемлекеттік саясатының басымдығы.

Тақырыбыңда өткізілген тамыз кеңесінің материалдары. «Бастауыш класстарда математиканың оқытылуы»-100-бет баяндама. «Әдіскер жаршысы №4 (37) 2013

«Қош бастауыш» 50-бет ертеңглік «Bilimdiler.kz» Әліппемен қоштасу, Ару қыздар, Озық ойлы оқушы, Өтілген дыбыстарды қайталау және баяндамар таратылды.

Жасаған жұмыстарымды қортындылай келе:әр сабақ, әр тәрбие сағаттарын ақпаратты технологияны пайдалана отырып, оқушының қызығушылығын арттыру барысында жұмыстар жүргіземін.

Класс жетекші: Жапарова Л.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
3388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі