400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Менің педагогикалық пікірім"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің педагогикалық пікірім.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ең бірінші халықтың білімділік деңгейімен анықталады делінген. Сондықтан да дамудың ең биігінен көріну үшін, алдымен білім беру саласының дамуын, оның сапасын көтеру, оқушының тұлғалық құзыреттілігін дамыту барысында білім жүйесі түпкілікті өзгеріп, маңыздылығы артуда.

Бүгінгі білім мақсаты: жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлғаны қалыптастыру.

Менің эссемнің эпиграфы «Ұстаз- шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демек ұстаз қай кеде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамиды. Сондай дәрежеге жеткізу үшін оқушы бойында мықты білім болу керек. Ол білімді беретін ұстаздың өзінің теориялық білімі терең, шығармашыл, жан- жақты дамыған жаңашыл болғанда ғана жүзеге асады. Олай болса оқушы өз ұстазына іспеттес, ойлау қабілеті жоғары, өз ойын еркін жеткізе алатын, адамдармен қарым қатынас жасай алатын, қоғамда өз орнын анықтайтын тұлға дәрежесіне дейін жеткізіп үйрету қажет. Оқушы қазіргі уақытта алған білімін практикада қолданатын, оны іске асыра алатындай болу үшін оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру керек. Ол үшін оқытудың арнайы принциптерін сақтап оны жүйелілікпен орындау қажет. Оның біріншісі пән аралық байланысты сақтау. Сонымен бірге тағы ерекше принциптердің бірі сабақтың әр этапында оқытудың түрлі әдістері мен формаларын қолдану өте бағалы. Принциптің тағы бірі ол гумандылық пен сабақтастық және бірлестік.

Сабақта мен өзімді білім баспалдағының бағыттаушысы, жетекшісі ретінде болуға тырысамын. Осы принциптнрді жүзеге асыру үшін сабақты озық жаңа технологияны қолдану соның ішінде модулдік, даралап саралап оқыту, проблемалық және интерактивті оқыту технологияларын пайдаланғанда іске асады. Қай технологияны қолдансамда сабақта негізгі құзыреттіліктер коммуникативті, ақпараттық және проблеманы шешу құзыреттіліктері дамып айқын көрінеді. «СТО» технологиясын қолданғанда менің қызметімде оқушылырдың өз беттерімен оқу, талдау, бір –біріне түсіндіру және басқаны тыңдай білу ең негізгі сабақта өздерін бағалау мен шығармашылық қабілеттері шыңдала түседі. Олай болса оқушы алған білімін өз тәжірибесінде қолдана алады және білімнің керек екенін түсінеді. Бұл технологиның тағы бір оқушыға тигізер пайдасы танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы артады. Міне сондықтан сабюақтағы жағымды эмоциялар тұлғаның өзін өзі дамытуына одан сайын қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақта интерактивті құралдармен, интеартивті тақта, электрондық оқулықтар, виртуалды зертханалық жұмыстар көрсету оқытудың тиімділігін дамытады. Компьютерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын дмытуда жағымды жағдай туғызады, танымдық белсенділігін дамытады. Оқушы қосымша тапсырмаларды интернет көзін пайдаланып тауып оны өңдеуге жаттығады. Қазіргі кезде тағы білім саласындағы мәселе ол оқушының өзін құзыреттілік деңгейін дұрыс бағалауы. Соған сәйкес әр оқушы өзінің оқу жетістігін дұрыс бағалау үшін матрицаны ұсындым, онда оқушының білім сапасы тек ББД негізінде ғана емес қоршаған ортада тұлғалық, дүниетанымдық және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға көмектеседі. Осыдан келіп толық дұрыс білім алған адамның бойында табиғатқа, қоғамға және өзін – өзі тануға деген жалы адамзаттық , париоттық сезім туады.

Бүгінгі күнде баламен жұмыс істеу мені одан әрі өзімді өзектендіруге, дамуға жетелейді . Мен ешқашанда бір орында тоқтап тұрып қалмай, өзімді ғылымда, қоғамда болып жатқан өзгерістерді тануға ұмтылдырамын. Менің педагогикалық қызметімнің ең негізгісі өзімнің теориялық білімімнің терең болуы мен жаңа озық технологиларды пайдалану, қоғамдағы адамдармен соның ішінде балаға деген құрмет пен сүйіспеншілік. Және өз ісімдегі іскерлік. Әр ұстаз бойындағы ерекшеліктер Қазақстанның бәсекеге қабілетті әлем деңгейіне жеткізетін, білім моделін жасағанда ғана білім деңгейі жоғарыдан көрінетін болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі