Материалдар / Эссе "Менің педагогикалық тәжірбием"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Менің педагогикалық тәжірбием"

Материал туралы қысқаша түсінік
әртүрлі ұстаздарға, оқырмандарға көмек береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
727
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Какен Алмас

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

Кирилловка орта мектебі КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



МЕНІҢ ПЕДАГОГКАЛЫҚ ТӘЖІРБИЕМ (ЭССЕ)


Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұлт боламыз десек тәрбие ана сүтімен беріліп , ана сүтімен қалыптасып, тал бесіктен сіңірілуі шарт, олай болмаса, Қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлы айтқан қайырымсыз ұрпақ шығады. Сондықтан өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. . Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана- сезімді сіңіруші адам- мұғалім. Мұғалім- мамандық, ұстаздық- қасиет. Яғни, ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.Ұлы ақын, хакім Абай Құнанбайұлы айтқандай «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден бала»деп, мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 15 жыл өтіпті. Қандай заман болмасын, мұғалім үздіксіз іздену жолында болады. . Әлемнің қарқынды дамуы үнемі ізденісте, бәсекеге қабілетті болуға, мететанымдық деңгейде ойлауды талап етуде. Сондықтан білім беру мазмұнын жаңарту заман талабы, бүгінгі күн сұранысы болып отыр. Осы тұрғыда болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беруде білім беру саласына жүктелген үлкен міндет бар. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Мақсатқа қол жеткізуде кембридж бағдарламасының ІІІ деңгейлік үш айлық курсы, көшбасшылық, т.б біліктілік арттыру курстарын жиі қатыстым. Кәсіби біліктілігімді педагогикалық шеберлік орталықтары негізінде шыңдадым. Жалпы жаңартылған білім беруде оқушы дәстүрлі оқытудағыдай дайын білімді меңгермейді, өмірмен тікелей байланыстыра отырып, өз бетімен қарым-қатынас негізінде игереді. Сол себепті бүгінгі бағдарлама баланың бойында кең ауқымды дағдыларды дамытуға бағдарланып отыр. Сыни ойлау, өзіндік дамуға бағытталушылық, қойылған мәселені шешу дағдылары, коммуникативтік қабілеттер, ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік жауапкершілік сынды қабілеттер мен дағдылар ғасырдың сұранысы болып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру менің міндетім. Осы қабілеттерді бала бойында қалыстастыру үшін мен өз сабақтарымда озық әдіс-тәсілдер, технологияларды қолданып, жеке тұлға қалыптастырудамын. Бұған дәләл оқушыларым, аудандық, облыстық олимпиадаларға және республикалық республикалық сайыстарға қатысты.

2018 жылы «Шырайлы аты елімнің-қасиетінде жерімнің» атты аудандық сайыс /Алмас Нұртай 3орын/, республикалық Қ. Бітібаева олимпиады облыстық кезең /Ботабай Абылай сертификат қатысқаны үшін/, BILGEN ALAMAN халықаралық олимпиада /Мельс Нұрсұлу облыстық кезең сертификат/, 2019 жылы республикалық Қ. Бітібаева олимпиады облыстық кезең /Акентаева Ризагүл сертификат қатысқаны үшін/, 2020жылы «Абай әлемі-тұңғиық әлем» аудандық сайыста Алмас Нұртай 3орынға ие болды. Жалпы сайыстар, олимпиадалар, жүлделер т,б басқалары оқушылардың өзін қалыптастыруына ықпалы зор.

Қазақ тілі мен әдебиеті –баланың жүрегіне, бойлай еніп, оның рухани өрісін болжай алатын пән. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы мақсатым – бала қиялын қияға өрлетер ғажайып ертегілер, шыншыл да сыншыл аңыз-әңгімелер, ерлікті дәріптеген батырлар жыры, шынайы махаббатты мұрат еткен әсерлі ғашықтық жырлар, өткір де өміршең шешендік сөздер арқылы халқымыздың рухани құндылықтарын бойына сіңірген, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын, жас жеткіншекті тәрбиелеу. Әрине шәкірттерім әдеби шығармаларды оқу арқылы халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінгі өмірін таниды. Сүйікті кейіпкерлердің арасындағы достығы мен сүйіспеншілінен, патриоттығы мен еңбеккорлылығынан, адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып, жақсысына жаны сүйсініп, жаманынан жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты іздене біледі. Дауылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда.Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!