400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе. Менің педагогикалық ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
материал Менің педагогикалық ұстанымым деген тақырыпта эссе түрінде берілді. мұғалімдерге эссе жазуда көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдықтары


«Егемен еліміздің болашағы,

оның әлемдік өркениеттегі өз орны,

ең алдымен білім мен тәрбиенің

бастауы – ұстаз қолында»

Н.Ә.Назарбаев


Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім демекші, ұстаз болу – қиындығы мен қуанышы бірге жүретін, көп ізденуді, бала бойына жақсы қасиеттердің бәрін сіңіруді қажет ететін өте күрделі мамандық.

Осындай қадірлі мамандықтың иесі атанғаныма 5 жылдан аса уақыт болды. Қиыны қызығы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым: Махмуд Қашқаридің «Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр, үйренгеніңді желге ұшырмай, іске асыр» деген қанатты сөзі. Үйренгенімді, білгенімді әрі қарай дамытып, пісіріп, өз шәкірттерімнің бойына сіңіріп, бәсекеге қабілетті елдің саналы азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеу менің басты мақсатыма айналып отыр.

Ұстаздық қызмет, соның ішінде бастауыш сынып мұғалім болу аса жауапкершілікті іс. Дәстүрлі бағдарлама бойынша оқытылатын 4 сыныпқа жетекшілік етемін. Алайда, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде білім беруді жетілдіру мақсаттарының ең бастысы – оқушылардың білім сапасын арттыру болғандықтан, сабақтарымды қызықты да жүйелі өткізіп жүрмін. Мысалы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, алған білімін өмірде қолдана алуға, өздігінен білім алуға дағдыландыру.

Білім –мәңгілік ізденіс, өйткені ол ешқашан таусылмайтын бұлақ демекші әр сабағым қызықты өтуі үшін, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушы бойына сіңіре білу үшін дереккөздерді дұрыс қолданып, үнемі ізденіс үстінде отыруды әдетке айналдырғанмын.

Тұңғыш президентіміздің биылғы халыққа жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауы да жастарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Ендеше, менің де әрі қарай іске асыратыным бойымдағы жастық жігерімді, күш қуатымды, білімімді, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсау. Болашақта «Мәңгілік Елдің мәңгі ұрпақтарын» тәрбиелеп, өз шәкірттерімді биік белестерден көріп, өзімнің кішкене болса да үлесімді тигізсем, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білер едім.


«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Джаксылыкова Жадыра Бердібекқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі