400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Менің педагогикалық ұстанымым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің педагогикалық ұстанымым (эссе) Ұстаз болу — жай ғана мамандық емес. Ол өмірімізге улкен бағдар жасаушы. Бала өмірдің гүлі, отбасы дәнекері, ана ғұмырының жалғасы, ең бастысы, біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы болашағы. Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу – басты міндетім деп білемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Азизова Айман Хожагалиевна

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

«№2 жалпы білім беру орта мектебі»ММ

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі


Менің педагогикалық ұстанымым

(эссе)


Ұстаз болу — жай ғана мамандық емес. Ол өмірімізге улкен бағдар жасаушы. Бала өмірдің гүлі, отбасы дәнекері, ана ғұмырының жалғасы, ең бастысы, біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы болашағы. Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу – басты міндетім деп білемін. Педагог К. Д. Ушинскийдің: «Егер педагогика адамды жан — жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан — жақты білуі керек»,- деген терең мағыналы сөзін жадыма сақтай отырып, білімімді тереңдетіп, ізденуді мақсат еттім. Шәкіртке білім мен тәрбие беру – үлкен өнер деп білемін. Олар бір нәрсені естігенін, көргенін есте сақтап, тез қабылдағыш, мейлінше сенгіш, барынша таза, адал көңілді,бір нәрсені білуге талпынып, құмартқыш келеді.

Менің мақсатым, яғни педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана қоймай, сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам етіп тәрбиелеу. Білуге, үйренуге құштар балалар өте көп, олармен жұмыс барысында менің шабытым артады. Өзін-өзі тану сабағында баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты міндетімнің бірі болып саналады.

«Әркім оз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсеме?..

-Жоқ, бала тәрбиесі-өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»,-деген екен М.Жұмабаев. Осы бір қанатты сөздің өзінен тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек екенін байқауға болады.

Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ұстаз шәкіртін жан тәнімен сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламыз. Балаға үнемі қолдау көрсету — менің ең ізгі ұстанымым.

Балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин: «Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу және мағыналы сөздермен түсіндіру керек» деп кеңес береді. Ал шәкірт жүрегіне қонымды жауап беру үшін, мен күнделікті оқу іс — әрекеттерді шынайы, жақсы, қызықты өткізуге тырысамын. Әр оқу іс — әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте, әрине, мұғалімдерге, яғни өзімізге байланысты. Сондықтан ,менің алдыма қойған ең негізгі мақсатым ,алдымдағы оқушыларды ұлттық тәлім-тәрбиеге,адамгершілік әдетке,рухани мәдениетке баулу болып табылады. Сонда ғана жас ұрпақ ел үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып калыптасды деп білемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі