Материалдар / Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің еркін тақырыпта эссе жазуына көмек ретінде. Негізгі тақырыпты жақсы ашуға тырыстым. Мұғалімнің педагогикалық ұстанымы туралы пікірді толықтай, өз ойыммен сабақтастыра жэаздым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
642
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысының ББ-ның Приозерск қаласы ББ-нің «№1ЖББМ» КММ





Эссе

Тақырыбы:

«Менің педагогикалық ұстанымым»



Математика пәнінің мұғалімі: Шакетова Назира Жарылкаповна











2021-2022 оқу жылы



Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын, өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Мектептегі оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру – оқыту ісінің алғы шарты болып есептелсе, ал мектеп – тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Ал, тұлғаның білікті, тәлімді болуы – мұғалімнің құзырында. Егер тәрбиелеп жатқан оқушыларымыздың бойында қоғамға, қоршаған ортаға тез бейімделе алатын, білімді, тәрбиелі, кең жүректі, ақылды, ар-ұятты бәрінен де үстем қоятын, арман-мақсаттар қойып, табандылық танытып жатса, онда бұл менің өмірімнің ең шынайы, ғажайып сәттері десем қателеспес едім. Өйткені мен- ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне, осындайда

«Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.

Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын жақсы бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізі аласың деп білемін. Бұл менің ұзақ жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.

Ұстаз ретінде мен қарапайым сабақ берімей, заман талабына сай жаңа технологияларды қолдануға барынша тырысамын. Педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.

Менің ұғымымда, біріншіден, ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.

Екіншіден, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.

Үшіншіден, балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.

Төртіншіден, мұғалім әр оқушының мінез-құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет.Бұл сағаттар – ғибратты да әсерлі болуы тиіс- ақ.

Бесіншіден, алға қойған мақсаттарға кедергі келтіретін себептерді дер кезінле айқындап, оның алдын алу немесе болған жағдайларға сәйкес тәрбие бағдарын жедел өзгерту, баланың өз белсенділігіне көбірек сүйену – тамаша нәтижелер береді.Ұстаздың асыл да ауыр еңбегінің мұраты сонда ғана ақталады. Мен осы айтылған талап – деңгейінен табылып, отыруға бар күш жігерімді, білімім мен білігімді жылдар бойғы тәжірибемді жұмсап келемін. Егер де қолым өз еңбегіммен нәтижелерге жетіп жатса, соның арқасы деп білемін.

Иә, қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың алғашқы баспалдақтарында білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғырту процестері жүріп жатыр. Әлемде болып жатқан жаhандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегейлі өзгерістер әкелуде. Жаңа заманның жас жеткіншектері жаhандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей. Ақпарат легі өте көп. Сондықтан бүгінгі ұстаз олардың сапасымен тәрбиелік көп көңіл бөліп отыруы керек

Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен де, оның мәртебесі мені ойландырмай қоймайды. Мұғалім мәртебесін асқақтатып, қоғам алдында биікке шығара алсақ сонда ғана алдымызға қойған міндеттер іске асады деп ойлаймын. Сондықтан болашақ ізбасарларымыз болатын мамандық иелерін жастар арасында жүйелі түрде насихаттап отырсақ, қанекей!

Жоғарғы оқуға түсу барысындағы іріктеу – мұғалімдікті шын қалағандардың арасында ғана талғампаздықпен жүргізілуі керек. Жас өскін талапкерлердің мұғалімдікке табиғи икемділігі, мамандыққа мақсатты түрде бет бұруы бірінші кезекке шығарылып қойылуы тиіс.

Ұстаздықты, осы мамандықты шын жүрегіммен қабылдап, білім алаңында ерекше жігермен еңбек етуші жас әріптестеріме қарапайым кеңестерімді ұсынсам деймін. Мамандықтарыңызды сүйіңіз, құрметтеңіз, сол жолда адал қызмет етіңіз. Баланы шын көңілмен жақсы көріңіз, сырласуға асығыңыз. Алдыңыздағы шәкірттеріңізді өзіңізбен тең ұстаңыз. Әр сабағыңызды қызықты мереке қылып өткізіңіз, оны ауыр жұмысқа айналдырмаңыз, баланы ойната отырып оқытыңыз, шешімін таппаған сұрақтарыңыздың жауабын бала мен бірге іздеуге арланбаңыз, бірлескен еңбектің қадірі әрқашан да нұсқап артық екенін естен шығармаңыз. Бала алдында оның айқын, әсерлі сөйлеуге дағдыланыңыз, ісіңіз де, өзіңіздің түр-әлпетіңіз де ұқыпты жинақы болғаны абзал. Өзіңізді мақтамаңыз, қайта бала сізбен мақтанатындай дәрежеге жетіңіз. Өтірік айтпаңыз, балаға берген уәдеңізді орындаңыз, баланы бағамен қорқытпаңыз. Баланың бойынан кемшілік емес, жетістік іздеңіз, жақсы істерін дер кезінде бағалап, қолпаштап, ынталандыруды да ұмытпаңыз. Бала жүрегі нәзік, көңілі пәк екенін естен шығармаңыз. Ертеңгі сабақтарыңыздың бүгінгіден қызықты болуын қамтамасыз етіңіз. Ол үшін әрбір сабаққа ерекше шығармашылықпен мұқият дайындалыңыз. Сол жолда ізденіңіз, технологиялық әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданыңыз. Себебі педагогикалық технологиялар әр оқушының дербес оқу үрдісіне қатысуына ықпал ететін тиімді әдіс тәсілдер жиынтығы екені даусыз. Алайда, ешқандай технология – шебер ұстаз тұлғасын, оның мәртебесін алмастыра алмайды. «Мұғалім – адам жанының инженері» деп текке айтылмаған. Бала темір емес, робот емес, ол - өзіндік әлемі бар ғажайып жеке тұлға. Оған сіздің көз қарасыңыз жылы жүрегіңіз, ыстық ықыласыңыз өте қажет. Сабағыңыз тұтас дүние болсын: мынау білім, мынау тәрбие деп бөлмеңіз. Себебі, білім мен тәрбие егіз үрдіс кенін ұмытпаңыз, сабақ басынан аяғына дейін тұнып тұрған білім, ғылым, тәрбие болып, олар ұлттық рухпен өрнектелуі тиіс, ал мұғалім мен шәкірттер осы дүниенің күре тамырына айналуы қажет.

Міне, осы айтып отырғандарым – мұғалім қызметінің жемісі.

Білім сапасы - мұғалім қызметінің жемісі, шәкірт еңбегінің шыңы – шығармашылық . Шығармашылық жолға түскен оқушы – терең ойлай алатын кез-келген жағдайға орай өзіндік шешім қабылдай алатын өзіне де туғандарына да, еліне де берері мол парасатты тұлға. Ертеңгі ел иесі. Егемен Қазақстанымыздың нағыз ел сүйер азаматтары. Әр шәкірттерімнің осындай сапаларға жетуі ұстаз ретіндегі ұлан асыр еңбегімнің жарқырып жанғаны, уақытымның, саналы ғұмырымның еш зия кетпегендігін көрсетеді.

Ел ертеңі үшін аянбай еңбек ететін ұстаздардың ұлылығы да осында дер едім.

Иә, мен ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарға қол жеткізген мамандық иесімін. Мен - ұстазбын!






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!