Менің
қызметім
– менің таңдауым!
Тәрбие
– тал бесіктен иә, бұл үш ақ ауыз сөзде
қаншама терең мән мағына жатыр.
Тал
бесік деп отырғанымыз алғаш кіндік
қанымыз тамған, алғаш былдырлап тіліміз
шыққан, алғаш көз көріп, құлақ естіген,
алғаш айналамызды таныған жеріміз, өз
Отанымыз, өз үйіміз, шыр етіп дүниеге
келгеннен бастап өсіп-өнетін, тәрбиеміз
бастау алатын жеріміз.
Адамды
адам етіп оны тұлға қылатын, адамгершілікке
бастайтын ең алдымен оған берілетін
дұрыс тәрбиесі.
Адамға
біліммен қатар дұрыс тәрбие керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың
хас жауы деп Әл Фараби бабамыз айтқандай
алғашқы қатарға балаға берілетін
тәрбиені қойғанымыз дұрыс.
Ағаш
қалай бапталса солай өседі, шыбық кезінен
құнарлы топыраққа отырғызып, тыңайтқыштарына
тың құйып шөлге жеткізбей суарып тұрса,
оның жайқалып жасылданып өсері хақ.
Сол
секілді баланың алғашқы кірпішін тура
қалап, түзу жолға бастаса жақсы нәтижеге
жеткізері анық. Осы жолда қызмет етер
ең басты, ең маңызды тұлға ол – ұстаз.
Елбасымыз
Н Ә Назарбаев халқымыздың болашағы
туралы толғанысында «мемлекетіміздің
ең басты дүниесі тек қана табиғи байлығы
ғана емес, сонымен қатар жасөспірім
ұрпағы, өйткені олар біздің ұлтымыздың
айнасы» дегені мәлім. Ал біздің
ұлтымыздың айнасы, еліміздің бүгіні
мен ертеңі ұстаздың қолында. Ұстаз –
адам жанын нұрландырар, білім нәрімен
сусындатып, тәрбиеге бастау болатын
баға жетпес биік тұлға, ұрпақ тағдыры
үшін жауапты адам. Ол – болашақты
құрушы, көркем келешекті жасаушы. Ал
болашақтың іргетасы қаланатын ошақтың
бірі,тәрбиенің бастау алатын бұлақ көзі
– аты кіші болса да, заты үлкен –
балабақша.
Балабақша
– осы «ұлы» деген сөзбен қатар жүретін
ұстаз қызметі ұстаздықты ұлағаттың
басы деп білетіндердің орны.
Болашақ
ұрпақ тәрбиесімен біліміне тарыдай
ғана болса да өз үлесімді зор жетістік
деп білемін. Сол мақсатпен білмегенімді
үйреніп, білгенімді үйретіп, үнемі
ізденіс жолында жүріп, өз өзімді
дамытуға осы қиыны мен қызығы қатар
жүретін саланы серік еттім.
Осы
жолда талмай еңбек ету, ұрпақ үшін
адал қызмет қылу, болашақ үшін жігерімді
аямау, перзенттік, адамгершілік, ұстаздық
парызым деп білемін. Баланың жүрегіне
бойлай еніп, оның рухани өрісін арттырып,
кірпішін түзу қалау міндетім деп
білемін.
Ең
басты тал бесіктен жер бесікке дейін
«адам» болып қалуға өз үлесімді қоса
алсам мен үшін ең үлкен мәртебе осы
болар еді.