400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. "Менің қызығушылығым" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің қызығушылығым"
Материалдың қысқаша нұсқасы


Азыхан Інжу Болатқызы


Менің қызығушылығым

Қызығушылық деген- дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып білуге бағытталған, адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Сүйіп істейтін ісі.

Жер шарында көптеген миллиард адам тұрады. Әр адамның болмысы, мінезі, қызығушылығы әр түрлі болады. Бір адам әнге, бірі биге, ал енді бірі спортқа қызығады. «Мен неге қызығам», менің қызығушығым несімен ерекше?-деген сұрақты өзіме қойдым.

Жауабым осындай болды:

1.Спортпен шұғылданғанды жақсы көремін. Салауатты өмір салтын ұстау, адам деңсаулығын нығайтады. Менің бапкерім маған үйретуден жалықпайды, ал мен үйренуден жалықпаймын.

2.Сурет салуды ұнатамын. Мен сурет үйірмесіне қатыспаймын, бірақ «сурет салудың» видеосабақтарын көру арқылы сурет саламын. Жақындарымның туған күндерінде салған суреттерімді сыйға тартамын.

3.Билеуді ұнатамын. Билегенде бір сергіп, көңіл-күйімді көтеремін.

4.Маған үлкен әпкем көп кітаптар сыйлады. Сол кітаптардың ішінде, «Энциклопедия» кітабы қатты ұнайды. Кітаптта жануарлар мен жәндіктердің қалай пайда болғаны туралы айтылған. Ал, сіздер білесіздер ме? Хамелеон көздерін бірнеше бағытқа бұрып қарай алады.

5.Ауа-райы жаңбырлы болғанда, далада жүгіріп, аспанға қарап, табиғатты тамашалағанды ұнатамын. Пах, шіркін! Неткен керемет көрініс десеңші!

Әр адамның қызығушылығы әр-түрлі болады. Мен өз қызығушылықтарымды атап өттім. Өзіме ерекше болған осы қызығушылықтар. Ал, сіздің қызығушылығыңыз қандай?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.12.2020
4176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі