Материалдар / Эссе «Менің сүйікті мамандығым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Менің сүйікті мамандығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
. Өмірге келген әрбір адамның арманы – қуанышы мен қайғысы қатар жүретін осы өмірден өз орнын табу, ата-анасының, туыстарының үмітін ақтау, дос-таныстарының алдында абырой мен қошемет-құрметке ие болу, сапалы білім алып, өз елінің болашағын ойлайтын саналы, беделді, білімді де білікті мамандық иесі болу, өзін «мен» деп өзгелерге таныстыра алатын, ар-абыройына дақ түспеген, жоғары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға атану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
12733
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӨКПЕКТІ АУДАНЫ

«Казнаковка орта мектебі» КММ

Эссе

Менің сүйікті мамандығым


Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. К.Д.Ушинский

Әлемде көптеген мамандық түрлері, бітірген мамандығы бойынша белгілі бір салада қызмет атқарып жүрген мамандық иелері де бар. Сапалы білім алып, жоғары оқу орнын бітіріп, белгілі бір мамандық иесі атанғандар өз саласында абыройлы қызмет атқарып жүр. Өмірге келген әрбір адамның арманы – қуанышы мен қайғысы қатар жүретін осы өмірден өз орнын табу, ата-анасының, туыстарының үмітін ақтау, дос-таныстарының алдында абырой мен қошемет-құрметке ие болу, сапалы білім алып, өз елінің болашағын ойлайтын саналы, беделді, білімді де білікті мамандық иесі болу, өзін «мен» деп өзгелерге таныстыра алатын, ар-абыройына дақ түспеген, жоғары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға атану. Міне, менің арманым осы. Бірақ, арман деп те айтпас едім. Себебі мен өмір атты өзеннің толқынында ақырындап өз арманыма қол жеткізіп келе жатқандаймын. Ең бастысы – мені әркез демеп, қолдап, қорғайтын ата-анамның бары. Себебі осы күнге жетуіме олардың қосқан үлесі зор, еңбегі ұшан-теңіз. Ата-анам менің әрбір жеткен үлкенді-кішілі жетістігіме қуанып, мен үшін кеуделеріне мақтаныш сезімі кернегенде, солардың мәңгі мақтаулы қыздары боп қала бергім келеді. Маған деген зор сенімінің арқасында мен де қанаттанып, алға ұмтылып, ата-анамның үмітін ақтау үшін тырысып келемін. «Не себепті мамандық жайлы емес, ата-анасы жайлы айтып кетті?» деп ойлап отырған шығарсыздар. Себебі менің осы мамандықты таңдауыма ата-анам себепші болды. Менің мамандығым – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Шынымды айтсам, бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдамаған едім. Жоғарыда айтып өткенімдей, ата-анамның айтуымен таңдадым. Мектеп қабырғасының соңғы сыныбында оқып жүргенімде ата-анам ағылшын тілі пәнін таңдап, осы пән бойынша жоғары оқу орнында оқуымды қалады. Ал менің арманым атақты журналист не жазушы болу еді. Мектеп кезімнен өлең, шығарма, ертегі, фантастикалық әңгіме, мақала жазуға деген құштарлығым зор болатын. Бірақ өз арманыма қол бұлғап қала бердім. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек дейді: жар таңдаудан және мамандық таңдаудан. Бірақ мен бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдамасам да, «қателестім» деп еш айта алмас едім. Себебі қазір өз мамандығым өзіме ұнайды. Көп адамдарға мұғалім мамандығы екінің бірі атқарып жүрген қарапайым мамандық түрлерінің бірі болып көрінетін шығар, алайда бұл қызметтің жауапкершілігі өте зор. Себебі ұстаз болу, соның ішінде, білімді де білікті ұстаз болу – осы мамандықтың ең басты алғышарты. Менің ойымша, ұстаз болу үшін жоғары біліммен қатар сабыр мен төзімділік керек. Алдыңызда отырған әр баланың көзқарасы, таным-түсінігі, ойлау қабілеті мен қабылдау деңгейі әртүрлі, олардың ішкі жан дүниелері де солай. Бірақ сіз әрбір бала үшін жауаптысыз, себебі сіз ҰСТАЗСЫЗ! Оқушының білім деңгейінің көрсеткіші ең алдымен ұстаздан сұралады. Балаларды алға жетелеп, сапалы біліммен қамтамасыздандырып, тәлім-тәрбие беріп, өмірден өз орнын табуға жәрдемдесіп, тұлға атандыру – ұстаздардың мойнына артылған ауыр жүк. Осындай жауапкершілігі зор ауыр жүкті арқалап жүрген аяулы ұстаздар қауымына мың алғыс! Қаншама баланы үлкен өмірге қанаттандырып, түлеп ұшуына себепші болған қаншама ұстаздар қызмет етіп келеді! Олар мен секілді және өзге де жас ұстаздарға бағыт-бағдар беріп, жол сілтейді. Сондықтан мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және оны абыроймен атқаруға барымды саламын!..

Мехнина Кристина

10-сынып оқушысы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!