400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Менің сүйікті тәлімгерім"

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге,оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті тәлімгерім

«Ұстаз - ұлы есім» –дейді Мұхтар Әуезов.

Иә,расында да. “Ұстаз” деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар,бәрі де бар:білім мен ғылым,махаббат пен сүйіспеншілік,мейірімділік пен мейірбандық,талапшылдық пен турашылдық...

Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына,дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр,ізденімпаз адам - ұлы ұстазымыз.

Адам баласы ес біліп,өскен шағында өзінің жүрегіне жақын,айналысқысы келетін ісі болады.Шынайы ұнататын ісіңмен шұғылданғанда керемет дем алып қаласың.Және ол әр кісінің мінезіне сай түрліше болмақ.Сол секілді менің де сүйікті ісім бар.Оным өзіме қатты ұнайды.Жоғарыда айтып өткенімдей менің сүйікті ісім не екенін айтпай-ақ түсінген боларсыздар.

Өзімді таныстыра кетсем Божбан тегі Балнұр Бекдилдақызы.Сүйікті ісім ұстаздық ету,яғни мамандығым биология пәні мұғалімі.

Бүкіл әлемдік індет кезінде еліме титтей болса да еңбегім сіңсін деген ниетпен Шымкент қаласы,Фурқат атындағы №37 жалпы орта білім беретін мектепке жұмысқа орналастым.Жас маман болған соң мектеп басшылығы маған тәлімгер ұсынды.

Негізгі тақырыпқа тоқтала кетсем менің тәлімгерім өз ісінің маманы,көркіне ісі сай,қызметте орны ерекше жан,аяулы ана 4 баланың анасы Искандарова Шахло Азатбекқызы биология пәні мұғалімі.Менің өз мамандығымды одан арта жақсы көруіме ерекше үлесін қосты десем артық айтпаймын.

Сөзі өткір,жүрекке жылы тиетін сөздерімен мені өзіне тарта түсті.Бөлтірік шешесінің сөзін өзіне ұран еткендей

не сөйлейтініңді біл,

кімге сөйлейтініңді біл,

қай жерде сөйлейтініңді біл,

қай кезде сөйлейтініңді біл,

қалай сөйлейтініңді біл...

Осы сөздерімен маған ақылын айтқанда аузым ашыла тыңдайтынмын.

Сөзі өткір деген себебім:

Берекелі көктем тілеме,

Еткен еңбектен тіле!!! – деген нақыл сөздермен маған үлгі болып жүрген жан.

Әр ісіне тәнті боламын.Әзілдейтін кездері де болады,бірақ өзіне жарасымды.

Тәлімгерімнің осындай кереметтілігі біздің мектеп басшымыздың білімділігі мен беріп отырған тәрбиесінде деп білемін.

Менің сүйікті тәлімгерім Шахло Азатбекқызы жайлы айта берсем сағаттап жазуым керек болар деген оймен өзімнің шағын ғана мәтінімді аяқтаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қыркүйек
3684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі