400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Эссе" Менің шынайы көшбасшым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдері үшін көмегі бар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Тақырыбы: «Менің өмірімдегі

шынайы көшбасшым»


«Үйдің жақсысы ағашынан,

Жиеннің жақсысы нағашыдан»

(халық даналығы)

Қарапайым отбасында дүниеге келіп,алдымен ата –анамды танып,есейе келе үш жұртымның болатынын түсіндім.

Әкем де өте қарапайым адам-тын.Шешем де біздің әулет үшін қарапайым ғана келін –ді.

Бірақ...

Анам менің текті жерден еді.Нағашы жұртым сонау Айбас құмын мекен еткен Сәт атаның ұрпақтары .Оның ішінде менің ең жақсы көретін абзал адам Зейнеден Құрасов атты менің нағашым.Біз яғни, біздің үйдің балалары ол кісіні «Үлкен нағашы» деп атайтынбыз.Менің анам ол кісінің ең кенже қарындасы Ақкенже Құрасова .

Нағашымның жүріп өткен жолын ,өмір сүріп өткен сол кезеңдерді сағынышпен еске түсіре отырып,өзімнің шынайы көшбасшым осы кісі екенін түсіндім. Ол кісінің жарқын бейнесі әлі менің көз алдымда,әсіресе бала кезімде ол үйлерге жиі баратынмын.Үлкен нағашым шашымнан сипап тұрып, «Жиенжан »-деп атайтын қоңыр дауысы әлі күнге менің құлағымда.

Ол кісі өте қонақжай, үйінен қонақ арылмаушы еді.Күндіз де ,түнде де кісілер жанына шипа іздеп ,сол кісінің шипалы ,құдіретке толы қолынан жанына сая тауып, риза болып қоштасып кетіп жатқаны күні бүгінгідей көз алдымда.

Үлкен нағашым орта бойлы ,шымыр денелі дөңгелек жүзді ,қараторы ,көрікті адам болатын.Ал мінез-құлқы кіршіксіз ақкөңіл,ақжарқын,әңгімешіл,тым таза ниетті кісі еді.Ол жан –жақты-тын.Домбыра шертетін,әсем қоңыр дауыспен ән де салатын.Бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы,бір сырлы» нағыз шынайы көшбасшы мен үшін осы аяулы жан осы кісі дер едім.

Нағашымды халық үшін жаралған жан екенін ,талайдың дертіне шипа болып,дімкәс адамдарды ертеңіне сеніммен қарата алатын ұлы қасиет иесі деп білемін және осы қасиетіне басымды иемін.Ол адамдарды алаламады ,бөлмеді ,бәріне бірдей көзқараста болды.Бәрімен жақын-туыс бола білді.Жат та ,жақын да ол кісімен ақылдасып отыратын.

Ол кісінің көзі тірі кезінде ауылымыз жаман әдеттердер мүлдем аулақ болды.

Сондықтан да «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп кетті:

Мақтанышым,мақтаулымсың, нағашым,

Асылымсың,ақылымсың,дара шың.

Жиенінің қамын ойлап жүгірген,

Қиын кезде қорған болған панамсың.




Қазақстан Республикасы білі және ғылым министрлігі



«Өрлеу» БАОҰ»АҚ Атырау обылысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктітілігін арттыру институты









Тақырыбы: «Менің өмірімдегі

шынайы көшбасшым»

Эссе

Орындаған:Биханова К.А







Атырау-2019



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қазан
700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі