400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Эссе "Менің шынайы көшбасшым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұстаз ретінде жазған "Менің шынайы көшбасшым" атты эссе - жұмысым менің әріптестеріме, мұғалім мамандығын таңдаған жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттер қауымына, тәжірибеден өтетін болашақ ұстаздарға, жоғары сынып оқушыларына керек деп ойлаймын. Әр адам ұстаздан тәлім- тәрбие алады. Сондықтан оның өз ұстазын үлгі, мақтаныш тұтуы қажет. Әр ұстазды көшбасшы деп санауға толық болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Менің шынайы көшбасшым»


Галешова Насип Ержанқызы

Атырау облысы, Индер ауданы

Мұқанғазы Сиранов атындағы орта мектебінің өзін- өзі тану пәні мұғалімі


Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай  атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.

Менің шынайы өмірдегі көшбасшым- қолыма алғаш қалам ұстатып, жазу жазғызып, әріп үйреткен Қабиева Раш апай. Бала күнімнен Раш апайдың әрбір айтқан сөздерін санама тоқып, «ұстаз болсам» деген арман мені болашаққа жетеледі.

Әліппенің бетін ашқанда әрбір суреттің мән-мағынасын талдап түсіндірген кезде мен де осы апай сияқты "оқушылардың алдында тұрып сабақ берсем..." деп армандайтынмын.

Раш апайдың қара костюмі, оқтаудай түзу аяғы, қара туфлиі, шашын төбесіне түйіп қойған жазық маңдайы, әрбір оқушыға мейірлене қараған көзқарасы дәл бүгінгідей көз алдымда. Апай еш уақытта оқушыларға дауыс көтермейді. Бойындағы ибалылығы, қарапайымдылығы біздің де тәртіпті, тәрбиелі болып өсіп, ер жетуімізге зор ықпалын тигізді.

Осы асқақ арман мені мектеп бітіргеннен кейін 1982 жылы Алматы қаласына жетеледі. Алматыға барып Қазақтың қыздар педагогикалық институтының жаратылыстану- география факультетінің химия- биология бөліміне емтихан тапсырып, сол жылы осы институттың студенті атандым.

Жоғарғы оқу орынында оқып жүрген кезімде қазақтың маңдайына біткен қазақ қыздарының арасындағы дара тұлғасы, биология оқулықтарының авторы, доцент Рысбала Әлімқұловадан тікелей дәріс алғанымды мақтан тұтамын. Арманның жетегінде жүріп 1987 жылы институтты аяқтап, өзімнің туған ауылыма оралдым.

Ұстаздық еңбек жолымды Индер ауданының Аққала орта мектебінен бастадым.

Жанұя жағдайына байланысты тұрмыс құрып,1995 жылдан бастап мамандығым бойынша Мұқанғазы Сиранов атындағы орта мектепке ұстаз болып орналастым. 2010 жылдан бастап осы мектепте өзін-өзі тану пәнінен дәріс беріп келемін.

Осы ұстаздық еткен еңбек жолымда балаға тек білім беріп қана қоймай, тәрбиеге мән беріп, әр баланы сүйіспеншілікке бөлеп, жан дүниесімен сырласып, рухани болмысын терең түсініп, риясыз махаббатқа үйреткен көшбасшым апайды бірде - бір ұмытқан емеспін.

     Алғашқы ұстазым Раш апай балалармен риясыз еңбек етсе, сол риясыз еңбегін өмір бойы өзіме ұстаным етіп, шын ықыласыммен өз өмірімнің көшбасшысы деп өзім де кейінгі ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды жеткізуде риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуге күш-жігерімді арнаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
831
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі