400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Эссе Мұғалім - мектептің жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссені жариялаудағы мақстым, жас мамандарға көмегі тиер, қажеті болса өздерінің керегіне жаратар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім – мектептің жүрегі

Ж. Ж. Руссо айтқандай: Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Сол себепті де ұстаздар өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялауы керек.

Дәстүрлі сабақ өту кезінде қатып қалған қағидамен тапсырмаларды орындатып, Акт деген дүниені танымай, плакаттағы жазулармен, я болмаса,тақта-бормен сабақ өткен кездерде баланың бойынан сабаққа деген қызығушылықты көру мұң болатын. Оларды ұрысып, жекіп, «Сен неге оқымайсың?», «Сен өзі, адам боласың ба?» , «үй тапсырмасын неге жазбағансың, не бітірдің?»,- деген қатқыл дауыспен бала оқысын деп ұстаздар ұрысушы еді.

Ұлы ағартушы Уильям Уарт: жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады, - деген екен.

Егеменді еліміздің болашақ азаматтарына бастауыш сыныптан бастап қаланатын білімді тиянақты да терең беру, оларды практика жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру - бүгінгі ұстаздар басты жауапкершілігі. Міне, осындай жауапкершілігі үлкен қызметті абыроймен атқару үшін - бізге аманат етілген шәкірттерімізге қазіргі заманның заманауи білім жүйесін меңгертуіміз қажет. Заманауи білім жүйесіне жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану, түрлендірілген сабақтар өту арқылы білімді, зерделі, дарынды, талантты тұлға қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты назарында екені баршамызға аян.

Жаһанданған заманда мұғалім жаңаша ізденіс пен шығармашылыққа жол ашуы шарт. Ол - шығармашылық ізденіс.

Оқушы диалог құру нәтижесінді білім алады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушы көбірек білетін адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. Жағартылған білім мазмұнында үйренген оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, сабақты жандандырсақ, оқушылардың көзінде қуаныш пайда болады. Осыдан түйгенім: оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал, шәкірттерді сол білім шыңына шығару үшін түрлі тапсырмалар, ыңғайлы әдіс – тәсілдерді мұғалім өз шеберлігімен, өмір және тұрмыспен байланыстыра сабақтастырып жеткізуі қажет.

Мұғалім – мектептің жүрегі.

Әдістеме – оның тірегі, - дегендей, оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерін пайдаланып, жаңаша сабақ түрлері өткізілсе де, оқушылардың да қызығушылықтары артып, білімінің жаңа бір белесіне шығады,-деген сенімдемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
1315
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі