Эссе: Мұғалім - менің сүйікті мамандығым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе: Мұғалім - менің сүйікті мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал мұғалім мамандарға арналған. ааааа
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұрыш» «мектеп-бөбекжай» кешені» КММ-нің
ДТІЖО, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Полатова Гүлмира Ермекқызы


Эссе

Мұғалім - бұл менің мамандығым


Мамандық. Менің ойымша маман ол өз ісін жанымен, бүкіл болмысымен таңдаған жолы. Мен мұғаліммін. Ұстаздық жол – асқақ армандар мен үміттер жолы. Әр мұғалім үшін шәкіртінің саналы адам болып, өмірден өз орнын табуы үлкен бақыт.

«Әсемпаз болма, әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан» — деп Ұлы Абай жырлағандай шыр етіп дүниеге келген соң адамзат баласы алдына мақсат қойып, бір нәрсеге қол жеткізгісі келіп армандайды. Ойдан ой туады. Ой арманға жалғасады. Адам баласының алға қойған мақсатының ішіндегі маңыздысы, мәндісі — оның мамандығы. Иә, мамандығы, дәлірек айтсақ кәсібі. Болашақ өміріндегі қызығы мен қиындығы мол кәсібі. Менің бала көңілімде, сәби жүрегімде өзінің парасатты болмысымен сақталып қалған құрметті адам болса, ол –ұстаз еді. Кішкентай кезімде мұғалімге қарап, оның әрбір іс-қимылын көзіммен ұрлана бағып, қызыға қарап, еліктейтінмін. Бос уақытымның бәрінде «мұғалім» ойнап, тақтайшаны бормен сызып, дәптер тексеріп зыр қағып жүретінмін. Осы кездегі алаңсыз балалық шағымнан бастау алған – мамандытың мәртебелісі ұстаздық жолын таңдадым. Қазіргі жаңартылған білім беру саласында ауыл мен қала жастары ұстаз мамандығын, жалақысы аз, беделі төмен, көзге ілінбестей көреді. Қалай айтсақ та, менің түсінігімдегі ұстаз –рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отаны үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен болашағына жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы адам. Осы ұстаз мамандығының ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Қасиетті мамандықтың иесі бола тұрып, баланы тұлға ретінде тани білу, оның пікірімен санасу, қуанышына қуану, жетістігін бағалай білу – менің ұстанымым деп білемін. Ұстаз – білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық пенденің бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.

«Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады» — деп ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқан еді. Осы пікірге келісе отырып республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік марапаттарға бөленіп жатқан шәкірттерімнің жетістігі жетерлік. Шәкірттерімнің әр жетістігі мен үшін үлкен қуаныш, үлкен жетістік. Олардың бақытты нұрын көргенде, кәсібімнің, төккен терімнің зая кетпегені деп білемін.

Иә, ғалым да шахтер де бас иетін, шамасы келсе дүниені бағындыратын ұстазға бүгінгі таңда жүйелі жүк артылып отыр. Оқушыларымның «қазір қазақ тілі сабағы болады» деп жылы лебізбен айтқан сөздерін естігенде шаршағанымды ұмытып, жігерлене түсетінмін. Сондай кездерде менен бақытты мұғалім жоқ екендігіне қуанамын. Осыдан кейін мен өз мамандығымды қалай жақсы көріп, құрметтемеймін?..

«Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттің, ақылдың дәнін себетін, нұр құятын жалын иесі»- деп ұлы чех педагогы Я.Коменский айтқандай жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасындағы құндылықтар мен дағдыларды өзара ықпалдастыра, жас ұрпақ бойына дарыта отырып, білім мен тәрбие беру менің міндетім. Қазіргі төтенше жағдай байланысты жасалған оқу жүйесі мұғалімге де, оқушыға да оңай болмай тұр. Әрине, оқушының алдыңа келіп партада отырғаны, өз балаңдай еркелегеніне не жетсін? Мен өз ойымды жүрек жарды шыр шумақтарыммен қорытындылайын...

Ұстаз болу - арманым болған еді,

Сол арманым алысқа жетеледі.

Орындалды арманым, ұстаз болдым,

Қуантады мамандығым өте мені.

Шәкірттерім бар менің мақтан тұтар,

Бәйгеден оза шауып үміт ақтар,

Мамандығым мақтанышым бұл менің,

Білім нәрін себемін әр шәкірт үшін.

Ұстаз болу бұл үлкен жауапты іс,

Оқушының санасында қалдырған із.

Шәкірт үшін алаңдаймыз, қуанамыз,

Шәкірт үшін тер төгеміз әрдайым біз.

(500 сөз)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2021
2064
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі