Материалдар / Эссе «Мұғалім – мәртебелі мамандық!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Мұғалім – мәртебелі мамандық!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім – адам жанының мейірімділігі мен ақыл парасаттылығының және ой ізгілігінің айқын көрінісі екенін насихаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2022
661
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы

Рудный қаласы

Қашар кенті

«№2Қашар жалпы білім беретін мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:Бержанова Жумагул Гудебаевна



Эссе

«Мұғалім – мәртебелі мамандық!»

«Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.»
(Халық даналығы)

Мұғалім – мәртебелі мамандық-ия мұғалім болу адам жандүниесінің ізілігімен, адам жанының мейірімділігі мен ақыл парасаттылығының және ой ізгілігінің айқын көрінісі. Мұғалім болу мәртебесіне лайықты болу әр жеке тұлға үшін осы мамандықты жанжүрегіңмен сезіну,бар болмысыңмен қабылдау. Адам жанының айнасы білім болса,сол білімді шәкірт бойына дарытушы ол әрине-ұстаз.

Шәкірттің жүрегіне білім нұрын құйып қана қоймай,оның өмір жолына өзінің тәлім-тәрбие өнегесімен де сәулесін шашатын ол ұстаз болмақ. «Ұстазына қарап шәкіртін таны» деген дана халқымыздың асыл сөзі мұғалімнің ерен еңбегінің оң нәтижесінің айқын дәлелі деп білемін.Әрбір адам мамандық таңдауда өзінің жүрегіне жақын болған арман мақсатына айналған маман иесі болады.

Кезкелген адам ұстаз бола алады,бірақ шәкірт жүрегіне жол табу,ұстаздықтың қыр -сыры мен өзіне тән қызығы мен қатар қиындығында меңгеру екінің бірінің қолынан келетін жұмыс емес.Еліңнің келешегі,ұлтыңның болашағы болмақ ұрпақты тәрбиелеуге ата- анадан кейінгі адам біз ұстаздар жауаптымыз.

Ұстаз мәртебесі көп жыл қызмет еткендігімен емес,шәкірттерінің білімділігімен,ілімділігімен қоса өмірден өз жолын айқын табуымен көрінеді. Бұған батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет» деген асыл өсиеті дәлел болмақ. Мұғалімнің бойындағы қасиеті мен жүрегіндегі ізгілігі шәкірттерге деген сүйіспеншілігімен ұштасып жатса ғана ол нағыз білім беруші,үйретуші,тәрбиелеуші бола алады.
Дегендей -ақ ұстаздың өзі өзгеге үйрете отырып өзі де үйренетін жан.Өйткені бүгінгі күні ізденбеген мұғалім ертеңгі күні өз шәкірттеріне сапалы білім мен қоса саналы тәрбие беруі екіталай.

Сондықтан мұғалім жан- жақты дамыған,ізденімпаз,еңбекқор,өз кәсібінің жанкүйері болатын,қызғушылығы басым,өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайтын зерделі де зейінді жан болуы керек.Сонда ғана ол шәкіртінің сүйікті ұстазы болмақ.Сонда ғана іскер,білімпаз,алғыр,ойшыл,жан- жақты дамыған бәсекеге қабілетті өзіндік мені қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеп шығады.

Жаңаша ойлау заман талабы,жаңалыққа жаны құмар,білімді болуға,талпынуға, жаңаны танып білуге,үйренуге құштар шәкірт тәрбиелеу біз мұғалімдердің басты міндеті боп табылады.Әрбір ұстаздың бақыты ол өз мектебін сүюі,өзінің сыныбындағы шәкірттерінің жайдары күлкісі мен жарқын жүздеріне куә болуы,шәкірттерінің жетістіктерін көруі деп білемін.Бұл тек ұстаздан таудай талаппен қатар қажырлы еңбекті,мәдениеттілікпен қоса асқан парасаттылықты талап етеді. Меніңде бала күнімнен армандап қызығушылық танытқан мамандығым бастауыш сынып мұғалімі болу еді.

Мақсатым періштедей пәк бала жүрегінен жол тауып,шәкірт алғысына бөлену болатын.Менің ұстаздық мамандық жолын таңдағаныма өзіммен бірге шексіз риза болған ол менің әкем болатын.Өйткені ол кісі ұстаздарды ерекше құрметтейтін еді,бізге де әркез ұстазды аса құрметтеуге үйрете отырып,ұстаздың ең сыйлы да ұлы жан екенін ұғындырушы еді.

Сондықтан болар мен алғашқы ұстазыма еліктей отырып,ұстаз жанын тез ұғынуға,түсінуге тырысатынмын,өзімде ұстаз болуды армандайтынмын. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін мәртебесі мерейлі мамандық ұстаз болғаным үшін өзімді шексіз бақытты санаймын.

Себебі мен адамзаттың ең бақытты шағы балалық шақтағы балалармен жұмыс жасаймын,соларға мен ең пайдалы,ең маңызды болып саналатын білім нәрін беремін,өміріне жол ашамын. Білім негізі бастауышта десек , бұл сөз кезкелген бастауыш сынып мұғалімінің бойтұмары деп білемін.

Сондықтан өз кәсібіме деген сүйіспеншілігімнен болар мына өлең жолдары жүрегімнен шыққан еді:

Ұстаз

Ұстаз жанын шәкірттері ұғады,

Ұлы ұстаздың ұлылығы жұғады,

Білімді жан алыптарды жығады,

Ұстаздардан білімділер шығады.

Ұстаздық шақ жазылмаған дастанды,

Қандай қызық тәрбиелеу жас жанды.

Бастауыштың арасында ең алғаш,

Мұғалімдік өмір жолым басталды.

Ұстаз жолын қызыға армандадық,

Армандарға қол жетіп алданбадық.

Алғаш рет шәкірттермен шаттандық,

Сауатты боп аққағазға жазғанда нық.

Замананың қалмаймыз ағымынан,

Ізденісте болмайма нағыз маман.

Оқу,жазу әліппе білімнің басы,

Бастауыштан қаланады ірге тасы.

Сәттілікті серік етіп, күлімсіреу, орынды.

Талап қою, сенімділік, сыйластығы қонымды,

Ұстамдылық,таң қалдыру үйлесуде сарынды,

Бастауыштың бойындағы жеті қасиет дарынды.

Көп жылдардан шәкірттермен біргеміз,

Шәкіріт үшін нық қаланған іргеміз.

Бастауыштан ой,сырлы мұғалима өргенбіз,

Әдістерді алмасып, үйреніпте жүргенбіз.

Бастауыш бас сөзінен бастау алған.

Бас«та» деген буыны бар жалғанған,

Бастау деп ұғым беріп, тағы бір сөз,

Бастауыштан тарихта жол қалған.

Қатыстықта түрлі өнер сайысқа,

Шеберлікті көрсете алсақ айыппа.

Шәкірттерге үлгі, өнеге болуға,

Бастауыштың мұғалімі лайық та.

Қызығына қуана біз қараймыз,

Шұғылалы таңғы шақта араймыз.

Балаларға ұстаз болып жүруді,

Ең бақытты мамандық деп санаймыз!

Ұстаздық етуден жалықпайтын,ұлық жан ұстаздар мамандығының мәртебесі арта берсін!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!