Эссе мұғалімдер курсы бойынша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе мұғалімдер курсы бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Сурет орны

3х4

Нурлыбек Гулжаукар

Бастауыш сынып мұғалімі

Aza_love_gunia@mail.ru

Қырыққұдық ауылы орта мектебі

Степногорск қаласы

Ақмола облысы


Педагогикалық білімнің өзгерісіне көзқарасым

Мектептегі білім беру жүйесіндегі ең бірінші міндет ол оқушылардың қазіргі заман талабына сай өз алдына мақсат қоя білетін және өзіндік ойы бар жеке тұлға ретінде тәрбиелеу. Осыдан ұстаз үнемі өз білімін жетілдіріп,әрдайым ізденіс үстінде болуы шарт.Сол мақсатта біз осы мектептегі мұғалім көшбасшысы курсына өз білім мен білік-дағдымызды арттыру үшін келдік. Осы курсқа менің көзқарасым,жаңашыл мұғалім жан-жақты болу қажет. Ал осы бағдарлама мұғалімдер үшін өте тиімді болады. Себебі осы курста еліміздің әр түпкір-түпкірінен мұғалімдер білімдерін жетілдіру мақсатында келеді.

Мен осы курс бағдарламасына келгенде ең бірінші күні өзімді мектеп табалдырығын аттаған оқушыдай сезіндім,хат танып, оқи алатын болсамда «Мұғалімге арналған нұсқаулықты» ашқанда білім беру аясында мен үшін әлі білмейтін қыр – сырлары көп екенін түсіндім.

Ең бірінші күннен бастап тренеріміз жылы шырайлы жүзімен қарсы алып, курс тыңдаушылары ретінде әр ауданнан жиналған әріптестерімізбен ынтымақтастық атмосферасын орнатып, бірге топ ережесін құрастыру арқылы соған сүйене отыра жұмыс үдерісін бастадық.

Жалпы осы курстың бастапқы сатысында алған білімдерімді,әр түрлі сабақта қолданылатын стратегияларды,, модульдарды сабақ беруде қолданғанда білім алушылардың орталарында ынтымақтастыққа қол жеткізуге болады.

Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасының маған тиімді жағы ол мектептегі әріптестерімізге коучинг жүргізу. Коучинг дегенімізді мен жете түсіне бермейтін едім. Ол дегеніміз мұғалімдердің ой санасында өзекті бір мәселелерін шешу жолдарын табуға көмектесу,мектептегі проблеманы шешу жолдарын коучингті жоспарлау арқылы қарастыру деп түсіндім.

Мен өзімді қалай өзгерттім деген сұрақты қоя отырып былайша жауап бергім келді. Ең алдымен сабақ жоспарымды,сабағымда қолданатын әдіс-тәсілдерді өзгерттім,яғни өз көзқарасымды да өзгерттім. Оқушылардың сабаққа ынтасын оята білдім,оқушы өзін-өзі басқаруды,бағалауды үйренді,әріптес мұғалімдердің оқуға және оқытуға деген ынталары арта түсті. Іздену барысында оқуды жаңарту бағдарламасынан және мұғалімге арналған нұсқаулықтан көптеген керекті мәлімет алдым. Осы алған біліміммен тоқтап қалмаймын,әрдайым ізденіп,тәжірибемді дамыту үстінде боламын. Курс барысында алған білімімді оқушылардың деңгейін,мұғалімдердің кәсіби жетілу бағытында қолданамын деп ойлаймын.

Осы курс маған тек жақсы әсер,жаңа күш,ерік-жігер бергендей болды. Оқу барысында керемет,өте білікті мамандармен кездесіп,жаңа достар таптым. Осы оқу арқылы бойыма тек позитив жинадым деп айтуға болады. Алғаш келгенде жаңа өмірді көргендей едік,ал қазір күш жинап,аяғымызды нық басатын дәрежеге жеткендейміз.

Ендігі міндет осы алған білімімізді алдына мақсат қоя білетін,сыни тұрғыдан ойлай білетін жігерлі оқушыларымызды тәрбиелейміз деген ойдамын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
685
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі