Материалдар / Эссе "Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Маған мұғалім бәрінен де қымбат, себебі - ол мектептің жүрегі» деп ұлағатты ұстаз Ыбырай Алтынсарин бекер айтпаған ғой. Мұғалім - ол ұлы тұлға. Себебі ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, олардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту үшін бағыт – бағдар береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
2367
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3- күн 1.03.2017ж

Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?


«Маған мұғалім бәрінен де қымбат, себебі - ол мектептің жүрегі» деп ұлағатты ұстаз Ыбырай Алтынсарин бекер айтпаған ғой. Мұғалім - ол ұлы тұлға. Себебі ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, олардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту үшін бағыт – бағдар береді. Сол арқылы қажырлы еңбек етіп, өзінен кейінгі ұрпаққа ұлы тұлға ретінде есте қалуымен ерекшеленеді.

Қазіргі заман ағымына сай ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаз барын салып, бар білімін оқушыларының бойына сіңіру үшін өзінің білім, біліктілігін ұдайы арттырып отыруы керек. Сол арқылы ол өзгеріп, оқушыларға деген жаңа көзқараста болады. Егер ол бірсарынды жұмыс істей берсе сабағы мүлдем қызықсыз болып кетуі, оқушыларды жалықтырып жіберуі де мүмкін. Сондықтан да өзгеру үшін жаңа ақпараттық технолонияларды, жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, оқушы ойын біліп, санасып отыруы керек.

Мұғалімнің негізгі мақсаты – адамгершілігі мол, рухани бай, іздемпаз, белсенді оқушыны қалыптастыру болса, басты міндеті өз мәдениетін, салт –дәстүрін құрметтей білетін білімі мол, жан –жақты, заман талабына сай ақпараттандырылған өскелең ұрпақты тәрбиелеп шығару. Ал, заман талабына сай мұғалім болу үшін олар тәжірибесі мол, кәсіби шебер, шығармашыл, жан – жақты, жаңа әдіс–тәсілдерді жетік меңгерген, зерттеуші, технолог болып өзгеруі керек. Осындай ұлағатты ұстаздан тәлім алған оқушы да өмірін дұрыс бағытқа бейімдеген ұлы тұлга болып өседі.

«Оқу– инеме құдық қазғандай» деп бекер айтылмаған ғой. Оқу бір орнында тұрмауы керек. Әдемде, қоғамда болып жатқан өзгерістерден қалып қоймас үшін өзгеру керекпіз. Мұғалім қашан да басқалардан бір саты болса да алда тұру қажет. Сонда ғана басқаларды өзіне қарата алатын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған ұлы тұлға болып есте қалады. Мұғалімнің өмір ағымына сай өзгеруі қалыпты құбылыс болу керек деп ойлаймын.
















1- күн 27.02.2017ж


Аты- жөні: Адельбаева Айнагуль

Пәні: физика және информатика


Рефлексивті күнделік.


  1. Не білдім?

  2. Қалай жұмыс жасадым?

  3. Не қызықты болды?

  4. Қандай қиындықтар болды?

  5. Топқа тілек

Тиімді оқу мен оқытудың әдіс- тәсілдерін, жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасау мен мұғалімнің рөлі туралы көптеген мағлұматтар білдім.

Жұмысты ұжыммен бірлесіп жасадық. Сол арқылы білмегеніміз не ұмыт қалған ақпараттарды еске түсіп, ұйымшылдығымыз арта түскенін сезіндім.

Мен үшін жұмыс барысында жасалған «Сын есім қою» атты сергіту сәті өте қызықты болды. Мұнда адамның есте сақтау қабілетін жақсарту, зейін тәсілдері өте жақсы қолданылған. Өз пәнімде осындай ойын ойнатсам деген ой санама келді.

Осылай ынтымақтастық пен бірлестікте болған тобыма әрқашан сәттілік тілеймін!



2- күн 28.02.2017ж


Рефлексивті күнделік.


Бұл күнгі оқу барысы өз бетімізше берілген мағлұматтарды ой санамыздан өткізіп алып, топпен талқылау салу болды. Осы орайда білгенім жеке жұмыста қарағанда топтық жұмыс арқылы оқушы көп мағтұматтар алып, ой – өрісін кеңейте түсетіні, өзі оқып шыққан материалдарға тасқаша көзқараспен де қарауға болатыны. Сонымен қатар басқа топтың көмегімен теориялық білім беріліп, оны прақтикада қалай қолдана білу керектігі туралы да мағлұматтар білдім.

Жекелей оқып, топпен талқыланылған мәліметтерді слайд түрінде басқа топтарға жеткізуге арналған жұмыс болды. Бұл кезеңде әр топ жинаған материалдарын, ресурстарын слайдқа салып, кітап сөзіне ұқсастырып, қарапайым тілмен, яғни өмірмен байланыстырып түсіндірді. Әр топқа берілген тапсырманы топ арасында бөліп алып, басқаларға қызықты етіп жеткізу, оны көру есте сақтау қабілетін жақсарта түсенінін ұғынып, алдағы уақытта неге өз тәжідибемде істемеске деген ойға келдім. Егер үлкен бір тарау берілсе, не болмаса сондай тарауды қайталау барысында осы тәсілді қолдану туралы көзқарасым өзгерді.

«Карусель» (әткеншек) ойынында ойнау есте сақтау, жаңғырту тәсілдері бар қызықты ойындардың бірі деп санаймын. Себебі өткен бағдарлама бойынша алған теориялық білімімізді еске түсіріп, толықтыруымызға көмек болды.

Бүгінгі күні маған қиын болғаны тест тапсырмасын оырндау болды. Тест барысында ғалымдардың аты- жөнін, теориясын, ұғымдарын табу кезінде біраз қиналдым, сонымен қатар слайд жасау тапсырмасын орындау кезінде уақыттың жетіспеуі де аздап қиындыққа әкелді. Осы арқылы тағы да уақытты қалай үнемдеу керек екенін түсіндім.


4- күн 2.03.2017ж


Рефлексивті күнделік.


Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, яғни қалай оқу керектігін, сыныптағы оқу үрдісінің негізгі факторлары туралы, мұғалім оқушылардың қалай білім алатынын ескеруі керектігі- оқу пирамидасы туралы ақпараттар алдым.

Жақсы мұғалімнің жақсы қасиеттері қандай, мұғалімнің өз тәжіритесі туралы ойлар маңызды ма, мектептегі тәжірибені өзгертудегі рөлі туралы сұрақтарға жауап беруде топтағы әркімнің ойын бір параққа жазу арқылы білімімізді толықтыру жұмыстарын жасадық.

Эмоциялық, танымдылық, әлеуметтік топтағы оқушыларды ажырата білу, жай –күйінің қандай екенін түсіну үшін жасаған жұмыс «Ару- Батыр- Айдаhр» ойыны арқылы әркімнің эмоциясын сыртқа шығару, басқа топтың не ойлағанын болжау интуициясының дамуына көп үлес қосатыны қызықты болды. Осы сәтте сыныптығы тұйық оқушылардың ұялшақтылығынан құтылту, топқа сіңісіп кетуіне, олардан ешқандай басқалардан айырмашылығы жоқтығын сезінуіне мүмкіндік бередін тәсілдердің біріне жататынындығы ойыма келіп, алдағы уақытта өзім де осындай сергітуді қалай қолдансам деген ой туындады.

Алдағы уақытта топтық жұмыс сәтті, жақсы көңілде өтуіне тілектеспін.















5- күн 3.03.2017ж


Рефлексивті күнделік.


Таңғы сергіту сәті рентінде ойнатылған «Сағат тілі» ойыны арқылы көңіл күйімізді көтеріп, жақсы тілектер айту немесе есту баланың сабаққа деген ынтасын, көңіл күйін көтеретінін білдім. Сол арқылы ол отбасында немесе қоршаған адамдар арасында болып қалған келеңсіздіктен арылуы да мүмкін деп ойлаймын. «Мәжілістегі үкімет сағаты» видео роликті көрген сәтте басшылықтың жұмысының маңызы, оны қалай дұрыс орындаса болады деген ұғымды білдім. Өзін өзі реттеу моделінің үлгісін қалай құруды біліп, үйрендік.

Берілген тапсырманы жекеше оқып, топта талқылай отырып ынталандырушылық, таным, әлеуметтік, эмоциялық сөздеріне шағын қойылым көрсеттік. Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша рөлге кіріп, басқа топ соның мағынасын қойылым кезінде ойтылған сөздер немесе іс әрекеттер арқылы айқындады.

Қысқаша ғана берілген «Байдың шұлығы» әңгімесін әр топтың берілген тапсырмаларының орындалу сәті мен үшін қызықты болды. Бір әңгімені әр топқа әртүрлі тапсырма ретінде берілуі, оның мағынасын сұрақпен, нақыл сөздермен ашып берілді.

Нақыл сөздерді іздеу барысында уақыттың тығыздығына байланысты аздап қиыншылықтар болды. Уақыттың тапшы екенін біліп сасқалаушылық, алаңдаушылық сезімдер болды.

Тобыма қашан да жігерлік пен қажырлық тілеймін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!