400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

эссе "Отан оттан да ыстық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің кіші Отаным-Қанай ауылы. Бұл ауыл туралы айтсам,ауылым бес-ақ көшеден тұрады. Ауылдың ортасында, білім ордасы Қанай мектеп балабақша кешені орналасқан. Оның жанында ауылдық Мәдениет үйі, фельдшерлік пункті,саябақ, «Отан-Ана» ескерткіші бар. Өткен жылдары көшелердің атаулары өзгертілді, біз егеменді, тәуелсіз елде тұрып жатқанын білдіреді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Эссе«Отан оттан да ыстық!»

Менің кіші Отаным-Қанай ауылы. Бұл ауыл туралы айтсам,ауылым бес-ақ көшеден тұрады. Ауылдың ортасында, білім ордасы Қанай мектеп балабақша кешені орналасқан. Оның жанында ауылдық Мәдениет үйі, фельдшерлік пункті,саябақ, «Отан-Ана» ескерткіші бар. Өткен жылдары көшелердің атаулары өзгертілді, біз егеменді, тәуелсіз елде тұрып жатқанын білдіреді деп ойлаймын.Қазір көшелердің аттары: Маншүк Маметова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Бейбітшілік, Достық, Бірлік деген әдемі аттары бар. Қазіргі таңда біз тәуелсіз елде тұрамыз, еліміз бейбіт өмір сүріп келе жатыр, осының себебі елімізді сауатты басқарып отырған елбасшымыздың арқасы. Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы желтоқсанның он алтыншы күні еліміз тәуелсіздікке жетті. Дәл осы күні менің нағашы ағам Азамат дүниеге келді, ол тәуелсіздіктің жандай құрдасы. Біздің үйімізде тәуелсіздік күнін жыл сайын тойлап өтіледі. Нағашымон жасқа толғанда, сол жылы болған облыс әкімі Қ.Көшербаев қалаға тәуелсіздік құрдастарын жинап, елбасы атынан компьютер сыйлады. Нағашым мені сол компьютермен сурет салуға, мәтіндерді теруге үйретті. Азамат нағашы мектепті бітіріп, колледжге түсті, содан кейін әскери борышын атқарды.Тек оның өмірі өте қысқа болды. Жыл сайын 16 желтоқсан күні оның туған күнің және де еліміздің тәуелсіздік күнін атап өтеміз.

Кішкентай ауылымыздың тарихы бар. Ауылдың ортасында орналасқан ескерткіште Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімі жазылған,біз жыл сайын 9 мамыр күні ескерткішке гүл шоқтарын саламыз,митинг жасап,еске аламыз. Қазіргі таңда ардагерлер жоқ болса да,біз олардың жесірлерін,тыл қызметкерлерін құттықтап,қолымыздан келген көмегімізді көрсетеміз.Біз үшін соғысқан,бейбіт елде тұрған үшін,олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Өз ауылым,алтын бесігім десем, жаным көкке көтерілгендей болады. Ауылымыз Жайық өзенінің бойында орналасқан. Ауылдың жанында Қанай көлі болғандықтан,ауылдың атауыҚанай деп аталған. Мен төртінші сыныпта оқығанымда, осы көл туралы эссе жазып, облыстық эссе сайысынан жүлделі орын алдым. Сол жылдары көктемдегі судың молшылығы-ай, ауылымыз аралда тұрғандай болды. Осы үш жылдың ішінде көліміздің суы тартылып,көліміз кеуіп қалды. Біз үшін ол экологиялық апат деуге болады, өйткені көлдің суымен ауылымыздың тұрғындары бақшаларын , малдарын суарды. Жаз мезгілінде балалар суға түсе алмады. Көктемде аққулар ұшып келетін көл жоқ. Қазіргі кезде жері жарылып,кеуіп тұр. Ауылдың ересектері бұл жағдайды жиналыстарда айтса да, ешқандай өзгеріс болмай тұр. Табиғатымызды сақтауға үйренейік, көліміздің мәселесін шешуге тырысайық. Көлмен бірге ауылымызды жоғалтып алмайық, бір-бірімізге қолдау көрсетіп,кішкентай отанымыздың ыстығына бөленіп жүрейік. Еліміз аман, табиғатымыз бай, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Батыс Қазақстан облысы

13 ЖББМ Орал қаласы

«Отан оттан да ыстық!» эссе

13 жас, 8 «А» сынып

оқушысы Ердаулетова Римма Азаматовна

+77767436312

Мұғалімі: Ердаулетова Гулнара Жолаушиновна







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.11.2021
1880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі