жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе «Отбасы құндылықтарын насихаттау және қалыптастыру»
Эссе «Отбасы құндылықтарын насихаттау және қалыптастыру»
«Отбасы- шағын мемлекет». Кез-келген мемлекеттің өзіндік ұстанымы, бағыт-бағдар құндылықтары болады. Отбасы да осындай құндылықтарға негізделген «мемлекет» болса ғана тамыры тереңге жайылған әулетке айналмақ.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған көптеген отбасылық әдет-ғұрып, салт, өзіндік дәстүрлер бар. Тал бесіктен тәрбие дұрыс берілсе,өскелең ұрпақ аталған салт пен сананы, дәстүр мен ғұрыпты өз жолынан жаңылыстырмай, темірқазықтай ұстанары хақ. Ал бүгінгі жаңашыл заманауи кезеңде аталмыш дүниелерді насихаттау кез-келген отбасының алдында тұрған парыз бен қарыз деп білу керек.Отбасы құндылықтарын насихаттаудың қазіргі кезде маңызыөте зор. Адами құндылықтар шет қалып жатқан қазіргі қоғамда аталмыш мәселенің туындауы заңды. Көп тізбей, бір-ақ мысал, қоғамымызда қарттар үйінің болуы - біздің заманымыздың үлкен трагедияларының бірі десек, бұл аталмыш құндылықтардан кем жандардың өмір салтының салдарынан туған кесепат.
Республикамыздың әрбір азаматы ұлтына, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасымен, ұстаған бағыт-бағдарына қарамастан, өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекеттің «Туған елім, Отаным» деп тануы керек. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Олай болса баланың сана - сезімін сол ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін меңгеру негізінде дамыту керек, ұлттық құндылықты жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегеніміз жөн болар
Отбасы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелерінетоқталыпөткенімізжөн.Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі – адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қалың елім Қазағым» атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазды: «Біз арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім»-дегенді.
Отбасы, бала, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мәдениеттің әрдайым негізі болды және болып қалады. Бізге көптеген отбасыларында бар ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларға қолдау білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс атқарып отыр. Сонымен қатар ата-аналардың өздері де бұған қамқорлық көрсетуі керек. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, отбасы бейнесі мен некені, көп балалық өнегелерін құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы нормасы көпбалалылық болуы тиіс деп санаймын. Барлық халықтардағасырлар бойы солай болып келген. Адамның байлығы балаларының саныменөлшенген» – деп ғасырларбойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, отбасылық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ұрпақсанасына жеткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты жүйелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп санаймын.
Жоғарыда айтылған жағдайдың алдын алу үшін және құндылықтарын насихаттау және қалыптастыру үшін ең алдымен балаға осы құндылықтардың қадірі мен қасиетін түсіндіріп қана қоймай, күнделікті өмірде көріп сабақ алатындай өзіміз де ұстана білгеніміз жөн. Отбасының құндылығы ең алдымен оның әр бір мүшесі екенін ескерсек, оларды құрметтеу қадірлеу арқылы үлкенге қамқор кішіге ізет дегенді үйретеміз, яғни адамгершілік қалыптастырамыз. Текті елдің біліп, тамырын танып өскен ұрпағы осы және басқа да отбасы құндылықтарды жадынан шығармай әсері әрине дау туығызбайды. Болашағымызға сеніммен қарау үшін, бесігімізді түзеу керек екенін ұмытпайық!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген