400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе: "Өз мамандығымды мақтан етемін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу – тәрбиешінің міндеті екені даусыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе «Өз мамандығымды мақтан етемін»

Мен, Курмангалиева Сымбат Токтаровна ересек тобында тәрбиеші болып істеймін. Жұмыс өтілімім – 7 жыл, «Айналайын балабақшасында 7 жыл жұмыс істеймін.

Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу – тәрбиешінің міндеті екені даусыз. Яғни, «ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл дегеніміз – санасына білім нәрін құя білу, ал жылы жүрек дегеніміз – эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру» – деп түсінемін.

Мен өз маман иесі екеніме сенімдімін, өз бойымдағы эстетикалық талғамды, адамгершілік пен сезімталдықты, шыдамдылық пен бауырмалдылықты жеке басымның мәдениетімен бүлдіршіндер өмірінде өз ізімді қалдыра аламын.

Балабақша тәрбиеленушілеріне өз үлесімді қосудамын. Менің мақсатым- қазіргі заман тәрбиешілерінің шеберлігін жаңарту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру болып табылады.Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі – Мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап қарайын. Өйткені мен де бала - тәрбиешісімін.
Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін.

Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Айналайын балабақшасында естияр тобының осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа, алып жұмыс жасаудамын.

Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Мен істейтін естияр тобында әр бөлме тәрбие процесіне лайықты жабдықталған.

Балаларды көңіл-күй бұрышында қабылдаймын. Баланың сол күнгі мінезі, балабақшаға қандай көңіл-күймен келгенің анықтап, бақылау жүргіземін. Бұл шара тәрбиеші мен ата-ана арасын жақындатары анық. Жаңа мемлекеттік стандарт бойынша ересек тобының өзінде балалардың қалауы бойынша сабақ жүргізуге сағат бөлінген. Бұл ретте мен, тобымдағы балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында, әр түрлі тақырыптағы сабақтарды жоспарлап іске асырдым.

Өз сабақтарымда оқытудың жаңа технологиясын, жаңашыл тәрбиешілер тәсілін қолдана отырып, топтық жұмыс түрлерін тиімді пайдаланамын.

Қорыта келгенде, өз маманың терең меңгеріп, шебер тәрбиеші болып қалыптасып, жоғары нәтижелі жетістіктерге қол жеткізетініме сенімдімін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1121
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі