400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Психолог және Мен»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім туралы, психологиялық қызмет туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ
АҚТӨБЕ филиалы
“Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру жүйесі” білім беру ұйымдарының психологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы.









Өзіндік жұмыс

Эссе

«Психолог және Мен»
















Жетекші: Сансызбаева Қ.З

Дайындаған: №4 Алға ОМ психологі Қаңтарова Жанаргүл


Ақтөбе қ. 2015 ж.

Эссе.

«Психолог және Мен»


Жалпы психология, адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған ғылым.

Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін мектептегі психологиялық қызмет деуге болады.

Мектептің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты: мектеп оқушыларының қабілеттілігін жан-жақты зерттеп, танымдық, ақыл-ой қабілетінің терең дамуына мектепте оқушы мен ата-ана, оқушы мен оқытушы, ата-анамен оқытушы тиімді, тығыз қарым-қатынас құра отырып, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін, интеллектуалдық деңгейін анықтау және жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар тізбегін жүргізуден құралады.

Осы мақсатта оқушылардың мінез-құлқын, жеке қасиеттерін, кикілжің кезінде өзін ұстауын, өзіндік бағалауын анықтау және оқытушыларға оқушылардың мінез ерекшелігіне байланысты ұсыныс беру мақсатында мектеп психологы түрлі психодиагностикалық жұмыстар өткізеді.

Сонымен қатар тізімге алынған оқушылармен топтық қарым-қатынасты, темпераментін, танымдық процестерін, мінез типтерін анықтауға арналған әдістемелер жүргізіп, әрбір оқушымен жеке кеңес, түзету жұмыстарын түрлі бағытта өткізеді. Топтық тренинг бойынша оқушылардың сенімділік деңгейлері, өздерін еркін сезіне білу, позитивті көзқарас топтастыру, танымдық процестерін дамыту жұмыстары психологтың негізгі жұмыстарының бірі деуге болады.

Міне, осындай жан-жақты, көп салалы, әрі қызықты қызметті таңдаған Мен, Қаңтарова Жанаргүл Әмірханқызы 1984 жылы 14 тамызда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келдім. 1991жылы Ырғыз ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, осы мектепті 2001 жылы үздік аттестатпен аяқтадым. 2001 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің психология факультетіне түсіп, 2007 жылы осы жоғарғы оқу орнын тәмамдадым.

Ұстаздық еңбек жолымды 2008-2009 оқу жылында №3 Алға қазақ орта мектебінде мектеп психологы болып бастап, 2009-2010 оқу жылының қыркүйек айынан бастап №4 Алға орта мектебінде психолог болып жұмыс жасап келемін. Сонымен қатар осы мектепте «өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беремін, арнайы құрылған бағдарламамен үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық түзету-дамыту сабақтарын жүргіземін.

Жалпы, мен, мектеп психологы болып қызмет жасауда мынадай мәселемен жұмыс жасап келемін: «Оқушылардың таным процесі мен мінез-құлықтарын зерттей отырып, өмірге жаңаша көзқараспен қарайтын саналы, жеке тұлға қалыптастыру».

Мектептегі жұмысымды Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің психологиялық қызмет ережесіне сүйене отырып құрылған және мектеп басшысымен бекітілген жоспар бойынша жүргіземін. Мектептегі психологиялық қызмет жұмысы психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзете-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүргізіліп келеді.

№4 Алға орта мектебінде қызмет ету кезінде оқушылармен түрлі бағытта психологиялық жұмыстар жүргіздім. 2009-2010 оқу жылында 3-ші сынып бойынша психологиядан «Менің әлемім» арнайы курс сабағына бағдарлама құрып, әр аптаның сәрсенбі күні жүргізіп отырдым. Курстың мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін ояту, логикалық ойлауын, қабілетін дамыту, зейін, ес процестерінің кемшіліктерін түзете-дамытуға, өзі туралы, өзінің ішкі әлемі туралы пікірлерін тереңдетуге арналды. Сонымен қатар 5-ші,6-шы сыныптар арасында «Мен және басқалар» арнайы курс сабағына бағдарлама құрылып, әр аптаның бейсенбі күндері жүргіздім. Курстың мақсаты: оқушылардың эмоционалды мінез-құлқын реттеу, өз-өзіне сенімділігін жоғарылатуды дамыту, мазасыздану және қорқыныш сезімдерін төмендету, олардың алдын-алу және тұлғалық қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыруға арналды.

Ал 2010-2011 оқу жылында мектептің бастауыш сынып оқушыларын диагностикалық зерттеулер нәтижесінен анықталған оқу процесіне бейімделуде қиындықтары байқалған оқушылармен жеке түзете-дамыту сабақтарын жүргізуге «Оқып үйрен» тренинг-тобы құрылып, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар 11-ші сынып оқушыларына арнап «Сенімділік» тренинг-тобы, ондағы негізгі мақсат: ҰБТ алдындағы стрессті басу, релаксация техникасымен қорқынышты жою, эмоционалдық және қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы жүргізіліп отырды.

Психологиялық түзете-дамыту жаттығулары пәндік олимпиадаға қатысушы дарынды оқушылармен де жүргізіліп келеді. Ондағы мақсат, қабілетті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ояту, танымдық белсенділігін арттыру болды.

Сонымен қатар мектепте психологиялық ағарту, алдын-алу жұмыстары оқушылармен бірге педагогтармен де, ата-аналармен де жүргізілді. Жалпымектептік ата-аналар жиналысына үнемі қатысып, баяндамалар оқыдым. Тақырыптары: «Отбасындағы бала тәрбиесі», «Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесін болдырмау және оның алдын-алу», «Оқушыға кәсіп таңдауда көмек көрсету», «Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу», «Агрессивті балалардың ата-аналарына психологиялық ұсыныс, кеңес».

Педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеп, мынадай тақырыптарды қозғадым: «Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері және диагностикасы», «Үлгермеушілік себептері және оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс», «Педагогикалық қарым-қатынас этикасы», «Педагогтың сөйлеу мәдениеті».

Түрлі аудандық психологиялық семинарларға қатысып, интерактивті тақтамен сабақтар өткіздім. Облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген психологтар семинарында «Агрессивті балалармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын өңдеу. Агрессивті балалардың ата-аналарымен және педагогтармен жұмыстар бағыты» тақырыбында презентация қорғап, жоғары нәтиже көрсете білдім. Мектеп ұстаздарының әдістемелік семинарында «Дарынды баланы психологиялық тұрғыдан жетелеу» тақырыбында презентация қорғадым.

18.11.2009 жылы «Ақтөбе –Дарын» өңірлік-ғылыми тәжірибелік орталығының психологиялық семинарына белсене қатысып, сертификат иелендім және 2012-2013 оқу жылында осы орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген талантты психологтарды анықтау мақсатындағы облыстық сырттай олимпиадаға қатысып, жүлделі III-орынға ие болдым, ал 2013-2014 оқу жылында педагогикалық-психологиялық олимпиадаға екінші рет қатысып, жүлделі II-орынды иелендім. Сонымен қатар түрлі тақырыптардағы облыстық, аудандық психологтар семинарына қатысып, өз тәжірибелеріммен бөлісудемін.

Мектепте психологиялық қызметпен қатар, өзім сабақ беретін өзін-өзі тану пәнінен 25.09.2013 күні өткізілген Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 1 оқушы дайындап, нәтижесінде оқушым мақтау қағазымен марапатталды.

Аудан көлеміндегі қоғамдық шараларға да белсене араласамын, 2009-2010, 2010-2011 оқу жылдарында аудандық «Көркемөнерпаздар» байқауына қатысып, мектеп әкімшілігінің Алғыс хатымен марапатталдым.

Білім беру мекемесінің аттестаттау комиссиясының тұжырымымен 2013 жылдың 20 мамыр айында мектеп психологы бойынша екінші санатты біліктілікті иелендім.

2013 жылы «Өрлеу» ақпараттық-әдістемелік журналының №1 санында «Бастауыш класс оқушыларының дарындылығын экперименталды-психологиялық зерттеу» тақырыбында жеке авторлық мақалам басылымға шықты.

25.10.2014 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында өткен Республикалық семинарға қатысып, өз ойын ашық айтуда және психотехниканы меңгеруде «Креативті тұлға» номинациясын жеңіп алдым. Сонымен қатар осы семинар кезінде Республикалық «Харизм» танымдық-психологиялық газетіне «Инклюзивті баламен қарым-қатынас» тақырыбында авторлық мақалам басылып шықты.

Алдағы уақытта өз мамандығым бойынша осы аталған жұмыстарды нәтижелі жалғастыра отырып, мектептегі психологиялық қызмет жүйесіне тың жаңалықтар әкелемін деген ойдамын.



Алға қаласы,

№4 Алға орта мектебінің

психологы Ж.Ә.Қаңтарова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
4497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі