400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Эссе "Қалдырған ізін мәңгілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, оқушыларға студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ «Қалдырған ізің мәңгілік»

Ұстаз десе бәрінің де ойына Әл-Фараби немесе Ыбырай Алтынсарин түсетіні анық. Ұстаз – ұлы тұлға. Адамдарды білімге, ақылға үйреткен жан. Өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Ұстаз болу – екінің бірінің қолынан келмес, әрі үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс.

Міне, дәл осындай жолға адаспай түскен абзал тұлғаның бірі- Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева. Ол – республикалық ғылыми-әдестемілік Бітібаеваның атаулы мектебінің және зертханасының жетекшісі болған. Бұл кісі – көпке өнеге, үлгі берген дана ұстаз. Ұрпақтардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қазақ сөз өнерін оқытатын ұстаздың қызметі айрықша ерекшеленеді.

Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық сөз өнерін оқыту мен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын тұтастыра жүргізудің үздігі атанған. Ұлағатты республика ұстаздарына өнеге-үлгі болып келген. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі. Қазақстан білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Қанипа апамыздың іс-тәжірбиесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген. Оның пәндері бойынша тек қана үздік үлгерім көрсеткіштерімен білім алған шәкірттері фольклор мұралары мен әдебиет туындыларының көркемдік-эстетикалық дүниетанымды тереңдететін тағылымын меңгерді. Айта берсең көп, әрине. Менің ойымша мұндай жетістікке жетуі - мол еңбектің арқасы. Қанипа апамыз ақ жүректі, жылы жүзді, жүрекке жылы сеуіп, нұр құятын ұстаз болған екен.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа толқын шәкірттерін Отанымыздың өсіп-өркендеу мұраттары қызметіне лайықты етіп дайындауда Қанипа Бітібаеваның үлесі мол деуге болады. Тегінде бала жүрегіне ізгілік пен білімнің нәрін егіп, мамандығын мақтанышқа айналдыра білген ұстазда арман жоқ. Көзі тірісінде-ақ «Хан апа», «Қазақтың Қанипасы» атанған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева сондай ұстаздардың санатынан болған.

Міне үлкен жүректі ұстаздың арамыздан кеткеніне де бес жылдың жүзі болыпты. Бірақ ұлағатты ұстаздың екінші ғұмыры енді ғана басталғандай. Мен осындай ұстаз болғанына өте ризамын, мақтан тұтамын. Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева енді бізбен болмаса да, Қазақстандықтар оны ұмытпайды. Барлық Шығыс Қазақстанның жадында қалған періштедей болып қала береді. Ол - мәңгілік біздің есімізде.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
2691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі