Эссе
Тақырыбы:
«Қашықтықтан оқыту барысында сынып
жетекшінің жұмысы қаншалықты
маңызды»
Сынып
жетекшісінің бала тәрбиесінде алатын
орны зор.Өз тәжірибемнен байқағаным,сынып
жетекшісінен үлкен жауапкершілік талап
етіледі.
Сынып
жетекшісі
Оқушы
идеалы
Мол
білім береді
Адами қасиет үйретеді
Жеке
тұлға қалыптастырады
Рухани тәрбие береді
Мәдениетке
шақырады
Биылғы
оқу жылының соңғы тоқсанын білім
саласында бұрын-соңды болмаған ерекше
жағдайда өткізуге тұра келді.Олай
дейтініміз,бүкіл әлемге таралған
індеттің жайылып кетуінен сақтану,оның
алдын-алу мақсатында біздің елімізде
де карантин тәртібі жарияланды.
Міне,осындай
төтенше жағдай кезінде,мектептерде
білім беруді қалай жалғастыруға
болады?-деген көпшіліктің көкейінде
сұрақтар туындағаны анық.
Алайда,
аз уақыттың ішінде білім басшылығы
білім беруді қашықтықтан оқыту арқылы
жалғастыруды қолға алып,осы бағытта
ұйымдастыру жұмыстары атқарыла
бастады.Туындаған сұрақтар да бірте-бірте
өз шешімін тауып,ұстаздар қауымы бұл
іске жұмыла кірісіп кетті десек артық
болмас.
Өмірдегі
көп мамандықтардың ішіндегі
икемділікті,білімділікті,
шеберлікті,мейірімділікті,шәкіртжандылықты
қажет ететін мамандық-ұстаз деп
білемін.Бұл мамандық адамнан аса жоғары
білімді ғана емес,рухани күш пен
табандылықты және батылдықты талап
етеді.Адам қанша жыл өмір сүрсе де,қандай
іспен айналысса да, өміріндегі ең
ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген
уақыт қалатыны анық.Мектеп-білім
айдынындағы үлкен кеме.Сынып жетекші
баламен, ата-анамен ынтымақтаса байланыс
жасап жұмыс жасайтын адамның бірі.Сынып
жетекшісі болу –бұл өз оқушылардың
арасындағы керемет қарым-қатынас
қуанышына куә болу,өз жұмыс барысында
ыстығына күйіп,суығына төзе білу
керек.Сонда ғана сынып жетекшінің рөлін
атқара алмақпыз.
Қашықтықтан
оқытуға сынып жетекшілер күнделікті
оқушылардың әлеуметтік
жағдайын,көңіл-күйін,жай-күйін сұрап
біліп отырды.Мәселен, оқушы ойдағыдай
әлеуметтік желімен оқи алғанын,әлеуметтік
желіні қолдана алғанын бақылауда ұстап
отырды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»демекші
,осындай қиын шақта әріптестер бір-біріне
қол ұштарын тигізудің арқасында
қашықтықтан оқытуға тез төселіп алды.
Сынып жетекшілер «зумм» бағдарламасын
жүктеп,ата-аналармен жиі жиналыс
өткізіп,оқушылардың мән-жайын, жай-күйін
біліп, тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде
оқушыларда қашықтықтан оқытуда қиындық
туындаған жоқ.Қашықтықтан оқудың оңтайлы
тұсы бала отбасының жанында яғни,ата-аналар
да карантин режимінде отырып,көп
уақыттарын балаларына көңіл бөліп,
сабақтарын да қадағалауға тиімді
болды.Ғұлама ұстаз Әл-Фараби айтқандай
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның
бәрін жете түсінген, көрген,естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында
сақтайтын,ешнәрсені ұмытпайтын алғыр
да, аңғарымпаз ақыл иесі,мейілінше
шешен, өнер білімге құштар,аса қанағатшыл,
жаны асқақ және ер намысын ардақтайтын,
жақындарына да, жат адамдарына да
әділ,жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік
көрсетіп,қорқыныш пен жасқануды білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек»дегендей
осы нақыл сөздің астарында ұстаз
қауымының батыл қадам жасап және
оқушыларды тәрбиелеп,оқу барысын
қадағалап,ата-аналардың да көңілін
тауып,ізгі жандар екенін көрсете
білді.Оның айғағы телеарналардан
мұғалімдерге ата-аналардың шексіз
алғысы айтылуы,оқушылардың өздері
түсірген мұғалімдерге деген құрметтерін
осылай білдірді.
Қорыта
келе,сынып жетекшілер әр сәтте өз
сыныбының беделін қорғап,қорғаны бола
біледі.Қандай жағдай болмасын төтеп
беруге әзір тұратын қызығы мен қиындығы
қатар жүретін мектеп қабырғасының бірі
тірегі десем артық айтқаным емес.Алдағы
уақыттарда қстаздар қауымы бірігіп,биік
асуларды еңсереміз.