Алматы облысы Жамбыл
ауданы
Қарғалы ауылындағы Ә.Бейсеуов
атындағы
орта мектеп мектепке дейінгі
шағын
орталығының 10 «А»- сынып
оқушысы
Төремұратова Ақбота
Дарханқызы
Туылған жылы,айы,күні:
28.04.2004ж
Қазақстан- менің
Отаным.
Қазақстан- бұл менің ұлы
Отаным! Менің туған жерім. Менің өлкем,ауылым. Жалпы
ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғап, бізге сыйлап кеткен
осынау Отанымыз туралы ақын-жазушылардың керемет теңеу сөздері бар
,дегенмен менің жүрегімнің түсінігі бойынша Отан ол- өмір сүріп
жатқан әр адамның өз елі, жері, табиғаты, тілі,
діні,әдет-ғұрпы,салт- дәстүрі. Ал менің Отанымның жері кең байтақ,
елі жомарт, тілі бай, діні таза, салты тұнып тұрған өнеге мен
тәрбие. Осынау барлық әдемі теңеулерге тең келер Отанның есімі-
Қазақстан.
Қазақстанның осынау неше
ғасырлық тарихын, қасиетін, байлығын мектеп қабырғасында жүріп
танып біліп жүрмін. Дегенмен ғажайып екенін өз көзіммен көру
армандарымның бірі. Мен өз Отанымның есімін әрқашан қуана айта
аламын.Өйткені Қазақстанымның ақылды президенті, жауапты да жанашыр
тұлғалар, күндіз түні көз ілмей тыныш ұйқы сыйлаған әскери қорғаушы
ағаларымыз,сауатымызды ашар ұлағатты ұстаздарымыз басқа да көптеген
ерінбей Отан үшін еңбек етіп жатқан аға, әпкелеріміз
бар.
Отанға деген сүйіспеншілік пен
махаббат туралы және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыздың әрбір
қазақстандықтар үшін жолдау сөздерін мектепте ұстаздарымыз
оқып,айтып, түсіндіріп отырса, үйде ата- анамыз да әркез Отанға
деген адал қызмет туралы еске салып отырады.Осы тұста анамның «Отан
деген отбасынан басталады» деген сөздері есіме түседі. Анамның
айтқан сөзінің мағынасын енді түсініп келе жатырмын. Біздің
отбасымыз бір Отан. Әкем үй иесі қамқоршымыз, анам барлығымызға
жанашыр жан және тәрбиеші, ал біз болсақ үміттерін ақтауға талпынып
жүрген жас ұрпақпыз. Отан да дәл осылай басталады.Осындай бақытты
жанұям барда, көрікті ауылым барда, білім алар алтын ұя мектебім
барда, әр күніміз арайлы атып, шуағын төгіп тұрғанда қалайша мен
Отанымның әлі де өсіп өркендеуіне өз үлесімді қоса алмаймын. Менің
арманым көп, мақсатым нық, ойым ұшқыр «Қазақстан- менің
Отаным!»-,деп жүрегі соққан, жас ұрпақпын. Қазақстанның дамуына
менде өз үлесімді қосуға әрқашан да дайын
боламын!
Автордан: Бұл шығармамды
оқыған жан болса, мен өз жүрегімдегі ойымды жеткіздім, ешқандай
ғаламтор желісі мен газет журналдардан көшірме
жасамадым.