Материалдар / Эссе "Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе "Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі" жайлы жазылған эссені оқи отырып ұстаз еңбегінің орасан зор құрметке лайық екеніне тағы бір рет куә боласыздар...
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2021
2032
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы

Рудный қаласы

«№2 Қашар жалпы білім беретін мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Бержанова Жумагул Гудебаевна

Эссе

«»Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі»


Қазіргі заманауи мұғалімнің қоғамдағы рөлі қандай болуы тиіс?

Сұраққа дұрыс та нақты жауапты ойланып,қорытындылап барып жауап беру әсте де оңай емес.

Мұғалімнің рөлі дегенде дана халқымызбен дара тұлғаларымыздың ой толғаулары мен қоса қанатты сөздеріне тоқталмай-ақ,өзімнің ізгі ниетіме сүйеніп көрмекшімін.

Ол қандай адам? Менің ойымша қазіргі заманға лайықты мұғалім жеке тұлғаның өздігінен ізденіп,жан-жақты білім алуына ықпал ете отырып, қызығушылығымен талабын қатар ұштай алған тұлға ол-ұстаз болады. Балаға ұстаз ықпал еткенде ғана жаңаға талпынуға,білімнің нәтижесін жақсартуға ішкі уәжі оянады. Мұғалім ешқашан шәкіртіне кез келген жаңа мәліметтерді беру кезінде тек түсіндіру мен меңгеруіне ғана көңіл бөлмей,оны өмірде қолданыста пайдалана білуін ескеріп,өзгелермен бәсекеге түсе алатындай жағын ескеруі қажет. Ол үшін баланың бойындағы ең жақсы таланттарын танып,біліп қол жектен кез келген жетістігін мадақтап жігерлендіріп отырған жөн. Бала өз ортасында жетістікке жеткеніне мерейленіп,өзінің тағыда біле түсуге деген талпынысын күшейте түседі. Кез-келген салада болсын қазіргі заманғы мұғалім өз ісінің шебері болуы керек.

Мен өз мамандығыма бала күнгі арманымның жетегінде жүріп қол жеткіздім.Өйткені мен өз кәсібімді сүйемін,кәсіби жұмыстың қыр-сырына үңілуден,ізденуден ләззат аламын.Маған балаларға білім берумен қатар олармен жұмыс жасаған өте ұнайды.Мен үшін қызығымен жауапкершілігі мол ұстаздық кәсіпті игеру,маған қажымас төзімділікпен бірге қуатты энергия сыйлайды.

Иә,мұғалімнің өз ісіне шеберлігі оған деген шәкіртіннің махаббатынан байқалады. Мен үшін заманауи ұстаздың басты қасиеттері ол-шәкіртімен қоса өзі үшін де үнемі іздену, өз білімін жетілдіру, ой ұшқырлығы мен ішкі уәжін ояту және біліктілігін көтеріп, мәдениеті мен әдептілігін байыту болады. Мұғалім бүгінгі күнгі қоғамдағы өз орнын ойып алуы үшін, үнемі шығармашыл, өз жұмысына деген аса құрметі мен қызығушылығын қатар қойып, шәкірттеріне деген сүйіспеншілігін арттыруы тиіс.

Қазіргі әлемдегі ақпараттық және ақпараттану,жаһандық цифрлық құзіреттілікке ілескен түрде,оқып жүріп,оқыту принципімен жұмыс жасау, қоғамдағы әрбір мұғалім үшін негізгі рөл ойнайды.

Іс-тәжірибемен теориялық білім сабақтастығы әрқашан өзінің оң нәтижесін бермек. Қарапайым ғана мысал өз шәкіртіңнің бойындағы өзіндік мені қалыптаспай және ішікі уәжі оянбай жатса, ұстаз еңбегінің босқа кеткені деп білемін. Оқуды және оқытуды бағалағандай өзін-өзі әділ бағалап білген тұлға өзгені де бағалай алады.Сол үшінде таным- түсінігін қалыптастыру барысында зерттеушілікке,шығармашылыққа, тәжірибе жасауға, дәлелдемелер мен ғылыми ұсыныс білдіруге баулыған жөн.

Ұлы ұстаз болуға талпынудың өзі ерлік. Бірақ мүмкіндігінше лайықты болу кез келген мұғалімнің өз қолында болмақ. Сол үшін бастысы алға қойған мақсатың айқын,оған жететін арманың болуы тиіс.Өз мамандығы мен кәсібін бақыт санайтын мұғалім,жұмысын сүйіп жасайды да ізгілік жолында еңбек етеді. Мұндай ұстаздан бақытты шәкірттер тәрбиеленіп шығады десем әсте жаңылмаспын. Қоғам және мектеп өміріндегі мұғалімнің рөлін әртүрлі деңгейде бағалауға болады. Бірақ орта немесе төмен деңгейде емес. Менің ойымша мұғалім жеке тұлғаны қалыптастырушы, болашағына бағыт-бағдар беруші,өмірге дұрыс қадам жасауына жол сілтеуші тұлға.Әр бала бір дарын иесі.Шәкірт бойындағы сондай дарындылық пен таланттылқты танып білу ұстаздан күтілетін үлкен жауапкершілік деп білемін.

Дегендей -ақ біздің болашағымыз болмақ өскелең ұрпақтың жанашыры бүгінгі күн мұғалімдері біз екенін кез келеген нағыз ұстаз жүрегінің қағысы қайталап тұрады. «Шәкіртсіз -ұстаз тұл» демекші талпынған құстай шәкіртіңнің қияға самғауы ұстаз еңбегінің жанғаны.

Заманауи мұғалім тұлғасы жан-жақтылығымен,бойындағы рухани дамыған ұлттық құндылығымен дәстүрін дәріптей отырып, сонымен бірге бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырушы,идеясы тың,көзқарасы жаңашыл,ой санасы терең,өзінің де өзгенің дамуына бас қатырушы адам.

Күтімі жақсы ағаштан жақсы өнім алуға болатыны сияқты,мұғалім тарапынан жүйелі берілген білімде өз кезегінде оң нәтижесін бермек.

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы дейтін дана халқымыздың пікіріне сүйенсем,тәрбие-тәліммен қатар таныммен тағлымды тиісті жерінде тиімді ұштастыра білетін адам бүгінгі күнгі өз кәсібінің нағыз майталманы дейтін едім. Жаңа технологиялар дамыған, рухани жаңғыру өзектілігі туындаған заман мұғалімінің талабына лайық болғанда ғана қазіргі заман мұғалімінің қоғамдағы орны шоқтығы биік,мәртебесі асқақ болады.

Қорыта айтсам сапалы білім мен саналы ұрпақ үшін өмірлік оқу ұстанымын мақсат еткен жан ғана өзінің білгенін өзгеге үйретемін деп өзі де үйренетін адам ұстаздардың мерейі арта берсін,дей келе сөзімді ақын Ғафу Қайырбековтің ұстаз жайлы мына керемет өлең жолдарымен аяқтаймын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!