Материалдар / Эссе Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық -киелі әрі мақтан тұтарлық мамандық. Ұстаз –бала болмысына өзгеріс енгізуші,оған бағыт бағдар беруші.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2021
507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі» Эссе

Ұстаз болу- жүректін батырлығы,

Ұстаз болу –сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу –мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

Ғафу Қайырбеков

Ұстаздық -киелі әрі мақтан тұтарлық мамандық. Ұстаз –бала болмысына өзгеріс енгізуші,оған бағыт бағдар беруші.Ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейді.Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өзі «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген ,көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадына жақсы сақтайтын,бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі,мейлінше шешен ,өнер –білімге құштар,аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысты ардақтайтын ,жақындарына да, жан адамдарына да әділ,жұрттын бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ер жұрек болу керек деген екен Әйтсе де, дән егіп өсіруден,балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп ,мектептен үлкен өмірге қанат қақтыру- ең қиын іс. Бала жанының бағбаны –ұстаз атану –қиынның қиыны! Елбасымыз айтқандай «Болашақ –білімді жастардың қолында »Яғни, біздің келешегіміздің нұрлы бола түсуі өз қолымызда.Ал,осы нұрлы болашақты құру жолындаәркез жастарға жол көрсетіп,көмек қолын созатын,үлгі бола алатын бірден бір тұлға –ұстаз. Әр оқушының көңілінін кілтін тауып,олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу әр адамның қолынан келе бермейтін дүние. Дамушы қоғамға таңдау жағдайында өз бетінше жауапты шешімдер қабылдай алатын,олардың ықтимал салдарын болжай алатын,ынтымақтастыққа қабілетті,ұтқырлықпен ,динамизммен ,сындарлылықпен және көпшілдікпен ерекшеленетін жауапкершілік сезімі дамыған заманауи білімді адамгершілікті ,іскер адамдар қажет.Байқап қарасақ ,қазір елдің даму жолы бұрынғыға қарағанда бізге,мұғалімдерге байланысты қазіргі заманғы мектеп.

Заманауи мұғалім қандай болу керек ?

Бұл сұраққа бір жақты жауап беру қиын шығар.Бұл шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасай алатын ,оқушылардың білімді шығармашылықпен қабылдауға деген құштарлығын дамыта алатын , өз бетінше ойлауға , материалды оқу барысында өз бетінше сұрақтар құрастырады, Олардың қажеттіліктерін толығырақ қанағаттанырады, пәндерді щқуға деген ынтасын арттырады, олардың жеке бейімділігі мен дарынын ынталандырады.Мұғалім – мектептің оқу тәрбие процесін ұймдастырылатын және жүзеге асырылатын тұлға, арнайы дайындықтан өткен және педагогикалық қызметпен кәсіби түрде айналысатын адам.Адамның рухани жаңғыруы, тұлға болып қалыптасуы қоғамдағы ең маңызды әлеуменнтік қызмет және мұғалімнің тағайындалуы. Тұлғаның барлық материалдық және рухани құндылықтарды жасаушы , қоғамдағы басты рухани құндылығы ретінде қалыптасуына ықпал ете отырып ұстаздар қоғамының өшдіргіш күштерінің дамуына тікелей әсер етеді, жас ұрпақты әлемдік мәдениеттің барлық жетістіктерімен таныстыру және сол арқылы адамзаттың одан әрі ілгеріленуіне алғы шарттар жасау.

Қазіргі мұғалім үнемі шығармашылық ізденіс үстінде сонымен қатар «балалар не үйрену керек» деген өзекті проблемалық сұраққа жауап іздеуде. Заманауи мұғалім еңбекке және балаларға деген сүйіспеншілдкті біріктіреді, балаларды қалай оқыту керектігін ғана емес, сонымен қатар ол өз шәкірттерін уйретуге қабілетті. Ол әр баланың жан дүниесіндегі ең жақсы қасиеттерді анықтап, балалардың алған білімін ұнатуға шақыру керек, осылайша олар мектепті бітіргеннен кейін олардың қоғамдағы орынын анық түсінеді және қатысуға дайын болады.

Біздің қоғамның қазіргі және болашақ міндеттерін шешу. Заманауи ұстаз – кәсіби маман, өз ісінің шебері: Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның кәсіби жарамдылығы мен анықталады, кәсіби өзін –өзі анықтау Өзін өзі дамыту ,яғни кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру. «»Балабақшада істеп журген 13 жыл іс-тәжірбиемде музыка жетекшісі ретінде менің негізгі мақсатым тұлғаның дамуы мен шығармашылығына жағдай жасау, ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына сіңіру. Өмірдегі әсемдікті қабылдау ,сезіну және түсіну осы музыка сабақтарында жүзеге асады. Осы негізгі мақсатты жұзеге асыруда ,жаңа бағдарламалар мен технологиялар қолданамын. Соның бірі интеграциялық сабақтар . Сабақтың бұл түрінің ерекшелігі ұйымдастырылу формасы өнердің бірнеше түрін біріктіру арқылы балалардың шығармашылығын ,қабілеттерін креативтілігін дамыту. Ол қазіргі балалардың қажеттілігіне жауап береді. Сондықтан әр-түрлі іс-әрекеттерді мұқият біріктіру маңызды. Кіріктірілген сабақтар барысында баланың өзіндік шығармашылығы оның жұмысы шығармашылық процеске қосылады.Соның нәтижесінде суреттер,қимыл-қозғалыс пластикасы,ауызша сөйлеу,ойын музыканы тыңдауды үйретуге мүмкіндік береді. Мен «Бармақтар отбасы» тақырыбында өткізген ұйымдастырылған оқу қызметінде балабақшамыздың логопед маманы мен топ тәрбиешісімен бірлесіп балалардың танымдық,шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін тілдерін дамыту, отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру,балалардың шығармашылығына жол ашу, оларды татулыққа ,бірлікке тәрбиелеу мақсатында әртүрлі ұлттық нақышта көрнекіліктер мен атрибуттарды қолдану арқылы балалардың қызығушылығын оята отырып «Бармақтар отбасы» өленімен таныстырып, логопед маман балалармен ұлттық аспаптардың дыбысталуын қайталау арқылы артикуляциялық жаттығулар жасайды .Осындай кіріктірілген сабақтар арқылы балаларға ұлттық тәрбие берумен қатар өзгеде,шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып,өзіндік дамуға даяр,бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл ,құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудамын.

Қазіргі мұғалімнің мұғалім шебердің айрықша ерекшеліктері үнемі өзін-өзі жетілдіру,өзін –өзі сынау эрудиция және жоғары жұмыс мәдениеті. Қазіргі мұғалім күлімсіреп айналасындағылардың баріне қызығушылық таныта алатын адам,өйткені мектеп балаға қызықты болғанша мектеп тірі. Жоғарыда айтылғандардың барлығынан мынандай қорытынды жасауға болады: Мұғалім тек өз пәнінің маманы ғана емес , тек психолог емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға қабілетті жарғын ,шығармашыл тұлға басқа адамды бақытты ету.Менің ойымша қазіргі қоғам талабына сай болу үшін мұғалім бақытты адам болуы керек. Сұрақ туындайды: «Неге?» себебі мұғалімнің өмірі- бұл біздің жұмысымызбен жеке өміріміз бір-бірімен тығыз байланыста болатын желі,кейде мен өз жұмысыммен жеке өмірімнің басталатын жерінің арасында шекара құра алмайтынымды түсінемін. Мұғалімдер бақытты болуды үйретеді. Өйткені бақытсыз мұғалім ешқашан бақытты шәкірт тәрбиелемейді.Бақытты мұғалімнің мектеп оқушылары бақытты күйде болады :олар әрекет етеді , жасайды, өздерін жақсы көретіндерін сезінеді және оларға жақсылық тілейді. Есіктен кірген балаларға мұғалім қандай көңіл күй сыйлайды ,олардың күні сондай болады.

Мұғалім үлгі ,мен өмір қалай өзгерсе де балалардың бақытты болашақты ғана көруін қалаймын.Әрине педагогика құдіретті емес.Бірақ сіз өзіңізге және күшіңізге сеніп,жасауыңыз керек. Міне сонда ғана жарқын болашаққа деген сенім балалардың бойына қонып ,аяққа тұрып ,оларға үлкен де ғажайып дүниенің ашылуына ықпал етеді.

«Ұстаз»деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген » деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.Алғаш әріп танытып ,өмірдің қыр сырын білуге сан қилы құбылыстарын терең түсінуге себепкер болып, жан дүниене нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп,әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.Дәлірек айтсақ , адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.Менің ойымша кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер- тағылымы терең өнер.Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді.Олай болса шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адамда ұстаз.Себебі,шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие,кәсіп үйреткен адамның алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап өтеді.

Шын ұстаз – ұстаз болуды балалық шағынан армандайды.Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтын шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді.

Қиын дейтінім:әр сабағына жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім- тәрбие беру, өмірге икемдеу,адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес.Аолармен сырласу,мерекелік шаралар ұйымдастыру ,табиғат аясына саяхатқа шығу көңілді кезендерін бірге бөлісу,бұл бір сәтке өзінді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар.Балаларға ұрысып ,жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дұниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай,өзгенің бақытын аялау »деп Мұхтар Әуезов айтқандай,уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң,еңбегің еш кетпейді деп түсінемін.Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым,толдым,мен бәрінде білемін»деп айтуға болмайды.Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек.Өмір бір орынында тұрмайды,үнемі алға жылжып отырады,осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу,оқыту үшін үнемі ізденіп,білімін,біліктілігін арттырып отыру керек.Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен,киім киісімен,сөйлеу шеберлігімен,дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. «Қазақтың қаны бір,жаны бір жол басшысы-ұстаз. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса,қадірлі орын –ұстаздікі»,-деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев еді.Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса,бұл-ұстаздардың еңбегінің жемісі.Олай дейтін себебіміз ақын да,батыр да,дананы да ұстаз тәрбиелейді.Мұғалімі қандай болса,қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды.Ұстаздар өз елінің жас болашағына тәлім-тәрбие береді,бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды,сонымен қатар,ұлттың да,елдің де қоғамы қалыптасады.Әрбір шәкірттің өзі сүйген,жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде,жүрек түбінде сақталуы заңдылық.Себебі,ұстаз-баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген,күнім деген,болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.

Бүгінде біз жапырағын жайған ұстаздар әулетіміз десек болады. Бұл дәйек біздің мамандық таңдаудағы алғашқы жетістігіміздің бірі болды және тек қана осы жерде,балаларға тәрбие ,білім беру арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламыз деген сенім берді. «Мұғалім деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес,мұғалім деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға.Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі,ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді.» Біреулер үшін бүл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін.Бұл тағы бір мұғаліммамандығының өмір екенін дәлелдейді.Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар,ол балаларға өз жүрегін сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау.

Л.Н Тостой жазған: «Егер мұғалім өз ісіне махаббатпен қараса ол нағыз мұғалім болмақ».Егерде мұғалім оқушыға ата-анасы сияқты махаббат сыйлай алса,ол көп кітап оқыған,бірақ балаға деген махаббаты жоқ мұғалімнен әлдеқайда жоғары болмақ. Егер мұғалім өз бойындағы махабатты тек ісіне ғана емес , шәкірттеріне шаша білсе ол нағыз мұғалім.



Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденудің нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.Әрбір технология өзіндегі жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды ,инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындадып қоймай ,қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.

Сөздің соңын ұлағатты ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының сөзімен аяқтайын: «Ұстаздық ұлы құрмет.Себебі,ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да,егіншісін де,ұстаз өсіреді » Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз». «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды,ұстаз баласына талмас қайрат сыйлайды» демекші , әр кезде де мектептің жүрегі ,қоғамның тірегі бола білетін барша ұстаздарды мақтан тұтамын!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!