400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе Рухану жаңғырту болашаққа бағдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәні мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Рухани жаңғырту-болашаққа бағдар» тақырыбы бойынша Облыстық эссе байқауына қатысу туралы мәлімет




1.Аты-жөні: Дармгамбетова Багила Бегенишовна

2. Туған жылы: 03.11.1983 жыл

3.Лауазымы: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

4.Педагогикалық өтілі:12 жыл

5.Біліктілік санаты: Жоғары /14 санат/

6.Сабақтың тақырыбы: «Рухани жаңғырту-болашаққа бағдар» эссе

7.Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ ш/а №1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп


Қосымша: 3 бет





































Жаңаөзен қаласындағы

1 Т.Әлиев атындағы орта мектептің

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі:

Дармагамбетова Багила Бегенишовна


Эссе

Тақырыбы: «Рухани жаңғырту-болашаққа бағдар»


-Ел Президен­тінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарл­малық мақа­ла­сын зер сала оқып шықтым. Елбасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой толқындарын – қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып толғана, тебірене сыр шерткенде, таңданыстан бас шайқамау қиын. Оның Отанға, елге, ұлттық құндылық­тарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді. 
Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу
.

Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Әрине, ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берілері анық. Жоғары оқу орындарында ол одан әрі тереңдетілуі тиіс. Сондықтан ата-ана да, орта мектеп пен жоғары оқу орындарының ұстаздары да ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны абзал.

Мысалы, біздің барлық білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану», «Абайтану» пәндері оқытылып келе жатқаны осы ұлтжанды азаматтарды қалыптастыру мақсатынан туындағаны сөзсіз. Қазіргі уақытта   тәуелсіз Қазақстан үшін жалпыадамзаттық  құндылықтар арқылы рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзектілік танытып отыр.  Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп,  олардың жағымды мінез-құлқын тәрбиелеу үшін  жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті өмірлік мұрат  ету қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті С.А. Назарбаеваның жетекшілігімен  «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Мысалы оның ішінде даналық сөздер, аңыз әңгімелері, ертегілері, халықтың би-шешендерінің, ақындарының, мұралары рухани байлығымыздың қайнар көзі.

Еліміздің туын асқақтатар, білім, білікті, жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, тәрбиелі, әділ, инабатты, өнегелі ұрпақ тәрбилеу біздің алдымызда тұрған ең басты міндет. Осы мақсатта өркениетке ұмтылып отырған мемлекетіміздің даму болашағының негізі ретінде қажеттілігін айқындай түсетін, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін білім ордасының жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні деп тағыда қайталап айтқым келеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады. Аталмыш пән оқушыны сүйіспеншілікке , шығармашылыққа, адамгершілікке баулиды.

Адамгершілік адам өмірінің рухани негіздерін құрайды десек, адамгершілік мәселелеріне ойшылдар ерте кезден-ақ назар аударған. Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Асан Қайғылар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қайталанбас мол мұра қалдырды. Аталған пәннің  руханилық сипаты Абай мен  Шәкәрім шығармаларындағы адам болу идеясымен сабақтасады.

Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани – адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, бақытты бағалай білуді сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі. Осыған орай  2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Респубикасының  білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде,яғни мектепке дейінгі білім беруден бастап,сондай-ақ  педагогикалық мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының үш сатысында баклавр, магистратура, докторантурада  «Өзін-өзі тану арнайы курс ретінде енгізілген.

    «Өзін-өзі тану» пәнінің, оның мақсаты – жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамгершілік мұраттарына сүйене отырып оқушылардың  тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл  пән әрбір жас жеткіншекке өз өмірінің мәнін түсінуге және осы өмірдегі мақсаты мен мұраттарын анықтауға, шығар­машылық қабілеттері мен бейімділіктерін ашуға, қоғамдағы өз орнын табуға, өзі мен өзгелерді, сонымен қатар, өзін қоршаған әлемді бағалай білуге үйретуді көздейді.  Сол себепті  Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде  оқытылатын  «Өзін-өзі тану» пәні  жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыруды мақсат тұтады.

 «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі басты мақсаты - рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге алатын , ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу болып табылады. Бұл тұрғыда Абай өз заманында былай деген екен: «Білім мен ақыл-ойды сақтайтын қойма - адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас». Ал тәрбиенің негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру.

Рухани-адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді.

Осы қасиеттерді үйрететін пән мұғалімі балаларға жылы жүзбен қарайтын,  мейірімді, адамгершілігі мол, балаларды баурап алатындай маман болуы керек. Сонда ғана бала жүрегі мейірге толып, осы пәнді сүйіп, өмірге деген қызығушылығын танытып, айналасындағылармен жан жылуын бөлісе алады. Міне осындай үйлесімділік болған жағдайда бізден үлгі алатын, жан-жағына мейіріммен қарайтын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азаматты тәрбиелей аламыз.

Қазіргі кезде қоғамда жоғалып бара жатқан адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық, бірлік, бірін-бірі кешіре білу, төзімділік сынды құнды қасиеттерімізді жоғалтып алмас үшін  және келешегімізді ойлайтын болсақ, жас ұрпаққа жақсы істер атқарып, үлгі көрсете білуіміз керек. Осыған түрткі болатын «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: әңгімелесу, тыныштық сәті, өзіммен-өзім, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау,ойтолғау, шығармашылық жұмыс, сахналау, сергіту сәті, ойындар, тренингтер, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке т.б оқушының өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан-жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, оқушылар сабақ барысында еркін отырып, бір-бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шеше білуге, бірін-бірі тыңдауға үйренеді.

Өзін-өзі тану пәні ұлттық құндылықтарға толы. Өзін-өзі тану пәнінің әрбір сабағы баланы рухани дамытып отырады.Оқу мәтіні ретінде ұсынылатын аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың ұлағатты сөздері,ақын-жазушылардың еңбектері «Өзін-өзі тану» пәннің өзегі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда баланың мінез-құлқын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде терең тәрбие береді, жас ұрпаққа- адамгершілік жолды үйретеді, өзіне-өзі деген сенімділігін қалыптастырады, шығармашылыққа, өзіндік пікірінің, ойының болуына көмектеседі, өз ісіне баға бере алуға үйретеді, ең бастысы адамгершілігі мол, өз шешімін қабылдауға, өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі.

  Жас ұрпақтың ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруде өзіне жағымды қарым-қатынасының қалыптасуы, өзін-өзі дамытуды жузеге асыруы, сондай-ақ әлеуметтік жэне тұлғалық  мәнге ие іс-әрекеттерде өзін-өзі жетілдіруге, басқаруға ішкі сұранысының болуы олардың өзіндік санасының жоғары болуымен ерекшеленеді.

  Жаңаөзен қаласындағы өзім қызмет ететін №1 Т.Әлиев атындағы орта мектепте де «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» аясында көптеген іс шаралар өтуде. Атап айтар болсам өз сыныбыммен яғни 5 «А» сыныбына «Мәңгілік адамгершілік құндылықтар» тақырыбында тренинг жүргіздім, «Қарттарым-асыл қазынам» кездесу ұйымдастырдым. «Мұнайлы мекен Маңғыстау» атты кино тамашаладық. Қаламыздың музейімен таныс болдық. Т.б көптеген шаралар ұйымдастыруға жоспар құрылды. Қорыта айтқанда, баланың қазіргі қоғамда өмір сүруі үшін адамгершілік қасиеттерді игеруді, оның бойына осы қасиеттерді дарытуы  нысана тұтатын «Өзін-өзі тану» пәнінің  рухани –адамгершілік  тұрғыдағы маңызы аса зор деп білеміз.

Рухани жаңғыру дегеніміз – қоғамдық сана-сезімнің өзгеруі. Яғни, қазақтың өзін өзі тануы. Өзін өзі тану – әуелі шағын Отаны – туған жерінен басталатынын көреген басшымыз атап көрсетті. Туған жерінің тарихын білме­ген бала – болашақта Отаны­­ның дамуына үлес қоса алмай­ды. Өйткені, ол балалық шағында, туған жерінің тарихын елемей, білмей өскен. Ең үлкен кемшілік – осы. Әркім өзінің туған жері – ауылының тарихын бес саусақтай тарқатып, жетік білгені дұрыс.

Түйіндей келе айтарымыз, Елба­­сымыздың бұл мақаласы – Қазақ елінің болашағына арнал­ған бағдар­ламалық жоба іспетті. Мақалада көтерілген барлық мін­дет­­тер­ді қалтқысыз орындап, мем­ле­кет қалпы һәм іс барысында жү­зеге асыра алсақ, онда еліміздің бола­ша­ғы шын мәнінде жарқын, ұлт­тық бірегейлігі берік болады. Сон­да ғана рухани жаңғыруМәң­гі­­лік елдің ұлттық мұратына айналады


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
1611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі