Эссе
Сабатқа ресурстарды тиімді пайдалану жолдары
«Сабақ беру-үйреншікті жай
ғана нәрсе емес,ол жаңадан жаңаны табатын өнер.»-Жүсіпбек
Аймауытов.Қазіргі заман талабына сай білім беру нағыз шебер
ұстаздарға лайықты деп ойлаймын.Себебі жылдан жылға ел
дамып,технология ,өнер-кәсіп барлығы дамып жатыр.Осы жетістіктердің
артында білім,ізденіс жатыр.Адам өміріндегі күн көріс принципі
–адамның тіршілік харекетін қолдау және оның жұмыс күшін қалпына
келтіру үшін қажет болған ақшалай қаражаттың ең төмен деңгейі деп
білсек, күнкөріс тек тамақ қана емес,адамның мәдени өмірі деп те
ескерілуі керек.Түпкірінде білім алу,жан-жақты ізденістер,салауатты
өмір сүру кепілі екен.Осының бәрі отбасындағы тәрбие және адам
баласының мектепте алған алғашқы біліміне,сол білім берген
ұстаздарына тікелей байланысты. Ал сабаққа келетін болсақ,қазіргі
таңда мұғалім орнын толтыра алатын ғаламтор желісіндегі әртүрлі
платформалар жетерлік.Дегенмен адамға адамнан басқа үйретуші жоқ
деп есептеймін. «Баланың жығылғаны да,жылағаны да өзіне
сабақ»-Әзілхан Нұршайықов атамыз айтқандай өмірдің өзі кейде бізге
үлкен сабақ беріп жатады.Мектептегі білім біз үшін әрқашан орны
бөлек сауат түрі.Қазіргі таңда мектептерде сабақ өту ерекше.Заман
талабына сай білім алушылардың ізденістері ,көзқарасы дамып
кеткен.Оқушыларды бұрынғы замандағы біліммен және ресурс ретінде
кітаппен шектеп оқыта алмаймыз.Қазір сабақтар
жаңартырылған.Ресурстарда көп.Ал сабақпен ресурстарды
үйлестіріп,сабағын білім алушылар үшін қызықты ,есте сақтарлықтай
өте алу әрбір білімді –білікті ұстаздың шеберлігіне
байланысты.Білім
алушылардың жас ерекшелігіне және білімді қабылдау деңгейіне
байланысты,өзіндік қажеттіліктерін ескере отырып, сабақта
ресурстарды тиімді таңдау үшін алдымен
білім алушылардың қажеттіліктерін анықтау қажет. Бұл
үшін:
1.Диагностика
жүргізу – оқушылардың білім
деңгейін, күшті және әлсіз жақтарын
анықтауға;
2.Оқушылардың оқу стилін ескеру – кейбір оқушылар визуалды ақпаратты жақсы қабылдауы, ал басқалары аудио немесе практикалық әрекеттер арқылы жақсы түсінуі;
3.Қызығушылықтарын зерттеу – оқушылардың қызығатын тақырыптары мен сүйікті әдістерін пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады.
Сабақта қолданылатын ресурстар оқыту мақсаттарына
сай, қолжетімді және мазмұнды болуы тиіс. Ресурстарды таңдауда
келесі қағидаларға сүйену қажет:
-
Мазмұнның сабақ тақырыбына сәйкестігі – ресурс оқу бағдарламасына сәйкес болуы ;
-
Түсініктілік және қолжетімділік – білім алушылардың жас ерекшеліктеріне және білім деңгейіне сәйкес келуі ;
-
Әртүрлілік – ресурс аудио, бейне, интерактивті элементтерден тұруы ;
-
Практикалық маңыздылық – алынған білімді шынайы өмірде қолдануға мүмкіндік беретін ресурстарды пайдалану тиімді.Сабақ барысында таңдалған әдістерді дұрыс қолданған ресурстармен сабағымыз тағы да көркейе түседі.
Таңдалған ресурстарды тиімді пайдалану үшін
мұғалімдер оларды оқыту әдістеріне дұрыс интеграциялауы керек.
Негізгі әдістер мыналар болып
табылады:
-
Интерактивті технологияларды пайдалану – сандық ресурстар (бейне, презентациялар, онлайн платформалар) оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
-
Тәжірибелік тапсырмалар енгізу – зертханалық жұмыстар, рөлдік ойындар мен жобалар оқушылардың білімді терең меңгеруіне ықпал етеді;
-
Топтық және жеке жұмыс ұйымдастыру – ресурстарды оқушылардың өзара әрекеттесуіне және өзіндік жұмыс жасауына бейімдеу қажет;
-
Қайталау және бекіту тапсырмаларын қосу – алынған білімді пысықтауға арналған интерактивті тесттер, жаттығулар немесе талқылау түріндегі ресурстар пайдалы болады.
Қорытындылай келе ,мұғалім сабағында ресурстарды дұрыс таңдап әрі тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың білім алу үдерісін жақсартады.Мұғалім әртүрлі әдістер мен материалдарды пайдалану арқылы білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып,білім беру сапасын арттыра алады.Ресурстарды орынды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, оқу мотевациясын жоғарылатуға ықпал етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе: Сабатқа ресурстарды тиімді пайдалану жолдары

шағым қалдыра аласыз